Қазақстан Республикасының
Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы
Осы редакция 2007 ж. 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) зиянды өндiрiстiк фактор - әсер етуi қызметкердiң ауруға ұшырауына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор; 2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 3) жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген, қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi; 4) аннуитет шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты; 5) кәсiптiк тәуекел сыныбы - өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi; 6) еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезіндегі жазатайым оқиға (бұдан әрi - жазатайым оқиға) - қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын атқарған кезде оған зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың әсер етуi, соның салдарынан қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуға, кәсiптiк ауруға не өлiмге әкеп соқтыратын жарақаттануға немесе улануға ұшырауы; 7) қауiптi өндiрiстiк фактор - әсер етуi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуына (еңбекте мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруына) немесе өлiмiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор; 8) кәсiптiк ауру - қызметкердiң өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқаруына байланысты қызметкерге зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауру; 9) еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылу дәрежесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын сақтандыру жағдайы басталғаннан кейiн қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару қабiлетiнiң төмендеу деңгейi; 10) сақтанушы - жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi; 11) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырудың аталған түрi бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензия алған заңды тұлға; 12) сақтандыру жағдайы - қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқтырған, оның басталуына қарай қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтiн оқиға; 13) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушының сақтандырушыға, соңғысының қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 14) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 15) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының пайда алушыға сақтандыру сомасының шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 16) еңбекке қабiлеттiлiк - қызметкердiң белгiлi бiр біліктiлiктегi, көлемдегi және сападағы жұмысты атқару қабiлетi; 17) уәкiлеттi орган - берiлген өкiлеттiктерi шегiнде еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестiру мен іскe асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 1. Осы Заң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мен атқару процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi. 2. Осы Заң жұмыс берушiнiң мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне қатысты азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн реттемейдi. 3. Осы Заң жұмыс берушiлердiң өз қызметiн жүзеге асыруына байланысты олардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерікті нысанда қосымша сақтандыруды жүзеге асыру құқығын шектемейдi.
3-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы 1. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау 1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Сақтанушының осы Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5-бап. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi мен субъектiлерi 1. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi - жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың) объектiсi жұмыс берушiнiң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады. 2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың субъектiлерi: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.
6-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты мен негiзгi принциптерi 1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады. 2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету; жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.
7-бап. Жұмыс берушi мiндеттi сақтандыруға тиiстi жауапкершiлiк Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген көлемде мiндеттi сақтандырумен қамтылады.
8-бап. Сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтанушының: 1) жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны таңдауға; 2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға; 3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға; 4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға; 6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту жөніндегі шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дау айтуға құқығы бар. 1) сақтандырушымен: бұрын қабылданған қызметкерлерге қатысты - осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезден бастап отыз жұмыс күнi iшiнде; жаңадан қабылданатын қызметкерлерге қатысты - қызметкер iс жүзiнде жұмысқа жiберiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға; 2) сақтандыру сыйлықақысын жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және өзіндегі сақтандыру жөніндегі барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге; 3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға; 4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға; 5) уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге; 6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге; 7) сақтандыру төлемiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарды шартта белгiленген мерзiмде сақтандырушыға ұсынуға; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге; 9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға; 10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол үздiрмей оқытуға; 11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелерi жөніндегі шешiмiн орындауға; 12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы хабарлауға; 13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар қолдануға; 14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз етуге; 15) қызметкердiң немесе осы Заңда көзделген жағдайларда қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға мiндеттi. 3. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
9-бап. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi 1. Сақтандырушының: 1) сақтандыру жағдайларын тексеруге қатысуға; 2) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға; 3) сақтандыру жағдайлары жөніндегі ақпаратты тексеруге және қажет болған кезде тиiстi уәкiлеттi органдарға сұратулар жiберуге; 4) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн сақтанушының объектiлерiне тексеру жүргiзуге; 5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемiн төлеуден бас тартуға; 6) сақтандыру жағдайларының алдын алу жөнiнде ұсынымдар беруге; 7) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға; 8) зиян келтiрген тұлғаға керi талап қоюға құқығы бар. 1) сақтанушымен жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде оған сақтандыру полисiн беруге; 2) сақтанушыны жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға және оның жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 3) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңға және жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн жүргiзуге; 4) өз қызметiнiң нәтижесiнде сақтанушы және пайда алушы туралы алынған мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге; 5) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда пайда алушыға бас тартудың дәлелдi негiзделген себептерiн жазбаша нысанда жiберуге; 6) сақтанушының сақтандыру жағдайы кезiнде залалды азайту үшiн шығарған шығыстарын өтеуге; 7) Осы Заңға сәйкес аннуитеттiк сақтандыру ұйымына ақша аударуды жүзеге асыруға; 8) сақтанушы таратылған жағдайда капиталдандырылған төлемдердi шоғырландыруға мiндеттi. 3. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
10-бап. Пайда алушының құқықтары Пайда алушының: 1) осы Заңда және жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға; 2) сақтанушы мен сақтандырушыдан жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты тегiн алуға; 3) сақтандыру жағдайын тексеру мәселелерi жөніндегі шешiмге уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға; 4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге; 5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға; 6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенім бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға құқығы бар.
11-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты 1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуi мүмкiн қызметкердiң пайдасына сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алған сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi. Сақтандырушы сақтанушымен жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес. 3. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады. Сақтанушының өтiнiшi жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi. 4. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi. Сақтандыру полисi бланкiсiн дайындауға және оның телнұсқасын ресiмдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы өтiнiш берген күнгi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс. 5. Егер жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасалса, онда сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушы мен пайда алушының алдындағы мiндеттеменi осы Заңда белгiленген талаптар бойынша өз мойнына алады. 6. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты: 1) сақтандырушының атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн; 2) сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) фамилиясын, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) және тұрғылықты жерiн немесе (егер ол заңды тұлға болса) атауын, орналасқан жерiн және банктiк реквизиттерiн; 3) сақтандыру объектiсiнiң сiлтемесiн; 4) сақтандыру жағдайының сiлтемесiн; 5) сақтандыру сомасының мөлшерiн, сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртібі мен мерзiмдерiн; 6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерiн; 7) шарт тараптарының құқықтарын, мiндеттерi және жауапкершiлiгiн; 8) шартқа өзгерістер енгізу мен оның мерзiмiн ұзарту жағдайлары мен тәртібін; 9) шарт жасалған күн мен оның қолданылу мерзiмiн; 10) сақтандыру полисiнiң нөмiрi мен сериясын қамтуға тиiс. Тараптардың келісімi бойынша шартқа өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
12-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы 1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырудың бүкiл мерзiмi iшiнде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда қолданылуын тоқтатпайды. 3. Жұмыс берушiнiң қызметi он екi айдан аз мерзiмде жүзеге асырылған кезде шарт осы қызметтi жүзеге асыру мерзiмiне жасалады.
13-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы 1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты: 1) шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған; 2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда өз қолданылуын тоқтатады. 2. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тоқтатылуы сақтандырушыны жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде болған сақтандыру жағдайлары бойынша пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыру жөніндегі мiндеттерден босатпайды.
14-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
15-бап. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жарамсыздығы Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жарамсыз деп танудың негiздерi және салдарлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес айқындалады.
Сақтандыру сомасы жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартымен айқындалады, бiрақ ол персоналдың (өндiрiстiк, әкiмшiлiк-басқару, көмекшi) санаттары бойынша барлық қызметкерлердiң еңбек ақысының жылдық қорынан кем болмауға тиiс.
17-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн айқындау және оны жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеудiң тәртібі 1. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы осы баптың 2-тармағында белгiленген, жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасына көбейтiлген сақтандыру тарифiн негiзге ала отырып, тараптардың келісімiмен айқындалады. 2. Кәсiптiк тәуекел сыныбына және персоналдың санаттарына қарай экономикалық қызмет түрлерi бойынша сараланған сақтандыру тарифтерiнiң төмендегiдей шектерi белгiленсiн:
3. Экономикалық қызмет түрлерiн кәсiптiк тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 4. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiппен және мерзiмде бiржолы немесе оның мерзiмiн ұзартып төлейдi. Егер жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы кезектi сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
18-бап. Сақтандыру жағдайын және келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау 1. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөніндегі жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады. 2. Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян оның қайтыс болуына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуына байланысты зиянның материалдық көрiнiсiн қамтиды. Қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянның мөлшерi осы Заңға сәйкес тапсырылған құжаттардың негiзiнде айқындалады.
19-бап. Зиян мөлшерiн анықтау. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемi 1. Қызметкердiң қайтыс болуына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуына байланысты жалақыдан (кiрiстен) айрылуына қатысты зиянның мөлшерi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң талаптарына сәйкес айқындалады. 2. Қызметкер денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстардың (еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуы белгiленген жағдайларда - аннуитет шартын жасасқанға дейiн шеккен шығыстар), сондай-ақ қызметкердi жерлеуге (ол қайтыс болған жағдайда) жұмсалған шығыстардың мөлшерiн сақтандырушы сол шығыстарды шеккен қызметкер немесе тұлға табыс еткен осы шығыстарды растайтын құжаттардың негiзiнде айқындайды. 3. Қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi сақтандырушыға шеккен шығыстарды растайтын құжаттар берiлген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметкердi жерлеуге жұмсалған шығыстарды шеккен қызметкердiң немесе тұлғаның жазбаша өтiнiшi бойынша сақтандырушы өтiнiш берушiнiң болашақ шығыстары есебiне сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi. Қызметкер шеккен қосымша шығыстарды (еңбекке қабiлеттiлiгiнен тұрақты айрылуы белгiленген жағдайларда - аннуитет шартын жасасқанға дейiн шеккен шығыстар), сондай-ақ қызметкердi жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемiн алушы тиiсiнше жерлеуге жұмсалған шығыстарды шеккен қызметкер немесе тұлға болып табылады. |