|
|
|
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2010.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 402 қаулысымен бекітілген
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленген және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру тәртібін белгілейді. 2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялауды жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 527 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалар көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау саласындағы лицензиялау субъектілері болып табылады. 4. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
5. Лицензия алу үшін жеке және заңды тұлғалар лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтінішті; 2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды. ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 527 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Лицензиар лицензия берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығына және анықтығы үшін өтініш иесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады. Лицензиар өтінішті қарайды және барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензия береді. 7. Лицензия бас лицензия болып табылады және қолданылу мерзіміне шек қойылмай беріледі. ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 527 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8. Қызметтің лицензияланатын түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкалары, оны есептеу мен бюджетке төлеу және төленген соманы қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады. 9. Лицензияны өтініш берушіге немесе оның уәкілетті өкіліне беру сенімхат негізінде жүргізіледі. 10. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды лицензиар тіркейді, өтініш берушіге оның тіркеу нөмірі және тіркелген күні жазбаша түрде хабарланады. 11. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 527 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, жарамсыз бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және оң жақ жоғары бұрышына «Телнұсқа» деген жазумен лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді. Лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиат лицензиялық алым төлейді. 13. Егер лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия бермеген не өтініш берушіні лицензия беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, лицензия беру үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыруды бастауы туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 527 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14. Егер: 1) субъектілердің осы санаты үшін бұл қызмет түрін жүзеге асыруға заңнамалық актілермен тыйым салынған; 2) осы Ереженің 5-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қаралады; 3) қызметтің лицензияланатын түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш беруші заңнамада белгіленген біліктілік талаптарына сай келмеген; 5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда лицензия беруден бас тартылады. 15. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
4. Лицензияларды есепке алу және лицензияланатын қызметті бақылау
16. Лицензиялардың тізілімін жүргізуді, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 17. Біліктілік талаптары мен белгіленген ережелердің сақталуын тексеруді лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 527 Қаулысымен біліктілік талап өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 402 қаулысымен бекітілген
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары: 1) оқу құжаттамасының стенді; 2) үлгі бағдарлама пәндері бойынша оқу жоспары мен тақырыптық жоспар; 3) ұйымдар бекіткен үлгілер негізінде әзірленген оқыту бағдарламасы; 4) сабақ кестесі; 5) көлік жүргізу кестесі; 6) бағыттар схемасы; 7) даярлау мен қайта даярлаудың бекітілген үлгі және оқу бағдарламаларына сәйкес оқу үдерісін жүргізуді қамтамасыз ететін сабақтар өткізуге жарақталған үй-жай - жабдықтар (оқу және зертханалық) (жалға алу құқығындағы үй-жай мен жабдықтарды пайдалануға рұқсат беріледі); 8) оқу өткізілетін әрбір санат бойынша бір данадан кем емес көлік құралы; 9) автомобиль жүргізу жөніндегі оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, олардың: автомобиль мамандығы бойынша жоғары немесе техникалық орта білімі; олар оқыту жүргізетін санаттағы жүргізуші куәлігі; кемінде бес жыл жүргізуші өтілі болуы тиіс; 10) жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау мәселелері бойынша өзектілендірілген нормативтік құжаттардың қоры болуын қамтиды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |