Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының (2005.23.02. № 33-III ; 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар) 2-тарау. Саяси партияны құру, қайта (6 - 14 баптар) ұйымдастыру және тарату 3-тарау. Саяси партияның қызметі (15 - 18 баптар) 4-тарау. Қорытынды ережелер (19 - 22 баптар) Осы Заң саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерiн, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейдi. 1-бап. Саяси партия ұғымы 1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттік билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бірлестiгi саяси партия деп танылады. 2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ. 2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады. 2. Саяси партиялар заң алдында бірдей. 3-бап. Саяси партияларға бірiгу құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бірлесу бостандығына құқығы бap. 2. Қазақстан Республикасының азаматы тек бір саяси партияға мүше бола алады. 3. Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды. 4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көpceтпeyгe құқылы. 4-бап. Мемлекет және саяси партиялар 1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. 2. Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi. 3. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады. 4. Парламент депутаттарының, мемлекеттік қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ. 5. Мемлекеттік қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды. 6. Саяси партиялардың тұрақты жұмыс iстейтiн органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады. 5-бап. Саяси партиялардың құрылу және қызмет ету негiздерi 1. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару, заңдылық және жариялылық принциптерiне негiзделедi. Осы Заңмен белгiленген шектеулердi қоспағанда, саяси партиялар iшкi құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн анықтайды. 2. Саяси партиялардың қызметi адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс. 3. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа және мемлекеттік билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттардың тiзiмiнде өкiлдiк етуi үшiн бірдей мүмкiндiктер жасауға тиiс. 4. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. 5. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиiс. 6. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының қызметiне жол берiлмейдi. 7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауiпсiздігiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, Ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардың қызметiне тыйым салынады. 8. Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. 9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құралымдар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады. 10. Білім беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi. 2-тарау. Саяси партияны құру, қайта ұйымдастыру және тарату 6-бап. Саяси партияны құру 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Саяси партия саны бір мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екiсінің атынан өкілдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтар саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) жеке өзi қатысады. Азаматтардың сенiмхат бойынша саяси партияның құрылтай съезiнде (конференциясында) өкiлдiк етуiне жол берiлмейдi. Саяси партияның құрылуын, соның iшiнде құрылтай съезiнiң (конференциясының) өткiзiлуiн ұйымдастыруды қаржыландыру осы Заңның 18-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашы тобының электрондық және қағаз жеткiзгiштегi тiзiмдерi тiркеушi органға ол белгiлеген нысан бойынша табыс етiледi. 3. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу және өткізу үшiн құрамында кемiнде он адам бар ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкін. 4. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы органдары құрылады. 5. Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады. 7-бап. Саяси партияның атауы мен рәмiзi 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Саяси партияның атауында "саяси партия" немесе "партия" деген сөздер болуға тиiс, оларды саяси партиялардың атауында ғана пайдалануға жол берiледi. Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның рәмiзi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген саяси партиялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылыққа байланысты таратылған саяси партиялардың атауы мен рәмiзiн толық немесе олардың елеулi бөлiгiн қайталамауға тиiс. 2. Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, дiни, аймақтық, қауымдық және гендерлiк белгiлердi көрсетуге, оның лидерлерiнiң, тарихи тұлғалардың есiмдерi мен фамилияларын пайдалануға жол берiлмейдi. 3. Саяси партияның өз рәмiзi ретiнде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мемлекеттік нышандарын пайдалануға құқығы жоқ. 4. Саяси партия рәмiз ретiнде эмблемаларды, туларды, гимндердi, вымпелдердi, значоктарды пайдалануға құқылы. 5. Саяси партияның рәмiзi Конституцияға қарсы және заңға қарсы мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс. 6. Саяси партия рәмiзiнiң сипаттамасы мен эскиздерi жарғыда болуға тиiс. 8-бап. Саяси партияға мүше болу 1. Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады. 2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi. 3. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi және судьялар саяси партияда болмауға, қандай да болсын саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиiс. 4. Саяси партияға мүшелiк ерiктi, жеке және тiркелетiн тәртiпте болады. 5. Саяси партияға қабылдау жазбаша өтiнiш негiзiнде жүзеге асырылады. 6. Саяси партияға мүше болу кәсiби, әлеуметтiк, нәсiлдiк, рулық, ұлттық немесе дiни белгiлер бойынша, сондай-ақ жынысына және мүлiктiк жағдайына байланысты шектелмеуге тиiс. 7. Саяси партияның мүшелерi саяси партияның басшы органдарына сайлауға және сайлануға, саяси партия мен оның басшы органдарының қызметi туралы ақпарат алуға құқылы. 8. Қайтыс болу, партиядан шығу, партиядан шығарылу, басқа партияға кіру саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылады. 9-бап. Саяси партияның жарғысы 1. Саяси партияның жарғысында мыналар болуға тиiс: 1) саяси партияның атауы, мақсаттары мен мiндеттерi, сондай-ақ рәмiзiнiң сипаттамасы; 2) саяси партияның орталық аппаратының орналасқан жерi; 3) саяси партияға мүше болудың және мүшелiктен шығып қалудың шарттары мен тәртібі, оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi; 4) саяси партия мүшелерiн есепке алу тәртібі; 5) саяси партияны және оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) құру, қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі; 6) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы және бақылау-тексеру органдарын сайлау тәртібі, аталған органдардың өкiлеттiк мерзiмi мен құзыреті; 7) саяси партияның жарғысына және оның бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі; 8) депутаттыққа және мемлекеттік билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге саяси партиядан кандидаттар (кандидаттар тiзiмiн) ұсыну тәртібі; 9) бірыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша саяси партия ұсынған Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды керi шақырып алу немесе ротациялау негiздерi; 10) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) ақшаны және өзге де мүлiктi басқару саласындағы құқықтары, саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қаржылық жауапкершiлiгi және саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) есептiлiк тәртібі. 2. Саяси партияның жарғысында өзiнiң қызметiне жататын және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн. 3. Саяси партияның жарғысына енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тiркелуге жатады. 10-бап. Саяси партияны мемлекеттік тiркеу 1. Саяси партияны мемлекеттік тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асырады. 2. Саяси партияны мемлекеттік тiркеуге қажеттi құжаттар саяси партияның құрылтай съезi (конференциясы) өткiзiлген күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей тiркеушi органға табыс етiледi. 3. Саяси партия мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап алты айдың iшiнде өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткізуге мiндеттi. 4. Осы баптың 3-тармағын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен саяси партияның мемлекеттік тiркелуiнiң күшiн жоюға әкеп соғады. 5. Саяси партияны тiркеу мен қайта тiркеу, сондай-ақ оның құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады. 6. Саяси партияны мемлекеттік тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болуға тиiс. 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Саяси партияны мемлекеттік тiркеу тiркеушi органға мынадай құжаттарды тапсырған жағдайда жүзеге асырылады: 1) тiркеушi орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш; 2) саяси партияның басшысы қол қойған саяси партияның екi дана етiп жасалған жарғысы мен бағдарламасы; 3) саяси партияның құрылтай съезiнiң (конференциясының) хаттамасы; 4) саяси партия мүшелерiнiң тiркеушi орган белгiлеген нысандағы және осы баптың 6-тармағының талабына сай келетiн электрондық және қағаз жеткiзгiштегi тiзiмдерi; 5) заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн алынатын алымның төленгенi туралы құжат. 8. Мемлекеттік тiркеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша тоқтатыла тұрады. 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11-бап. Саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тарту 1. Тiркеушi орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ партия құрудың заңда белгiленген тәртібін бұзған, берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтай құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) тiзімдерi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тартады. Тiркеуші орган Қазақстан Республикасының заң актілерiне көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшенi (филиалы мен өкiлдiгiн) құрудың заңдарда белгіленген тәртібін бұзған, есептік тіркеуге берілген құжаттар, соның iшiнде партия мүшелерінiң тiзiмдерi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден бас тартады. 2. Мемлекеттік тiркеуден бас тартылған жағдайда саяси партия тiркеушi органға үш ай өткен соң оны мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды қайтадан бере алады. 3. Саяси партияны мемлекеттік тiркеуден, оның құрылымдық бөлiмшелерін (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 12-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуына, сондай-ақ саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн бақылауды: 1) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) саяси партия мүшелерiнiң қажеттi саны бар екендiгiн растайтын құжаттарын берудi талап ету немесе оларға қол жеткізу құқығы бар тiркеушi органдар; 2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық органдары; 3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда басқа мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобының, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын, осы Заңның 6-бабы 1-тармағының, 8-бабының, 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келуiн тексерудi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тиiстi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
13-бап. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру 1. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған; 2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған; 2005.23.02. № 33-III ҚР Заңымен 3-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 3-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi орын алған; 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 4-тармақшамен толықтырылды 4) саяси партия мүшелерiнiң саны осы Заңның 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн. 2. Саяси партияның қызметi тоқтатылып тұрған кезеңде партияның басшылары мен мүшелеріне бұқаралық aқпapaт құралдарында партия атынан сөйлеуге, жиналыстар, митингiлер және өзге де жария сөз сөйлеудi ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады, сондай-ақ еңбек шарттары, оның қызметi салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу жөніндегі есеп айырысуларды қоспағанда, саяси партияның банктiк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады. 3. Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, саяси партия өз қызметiн қайта бастайды. 4. Саяси партияның орын алған тәртiп бұзушылықты жойғандығы фактiсiн саяси партияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм шығарған сот анықтайды. 14-бап. Саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату 1. Саяси партияны қайта ұйымдастыру (қосылу, бірiгу, бөлiну, бөлiнiп шығу, қайта құрылу) оның жоғары органының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде және саяси партияның жарғысында көзделген тәртiппен жүргiзiледi. 2. Қайта ұйымдастырылғаннан кейiн жаңадан құрылған саяси партияны тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 1) өзiнiң жоғары органының шешiмi бойынша; 2) аймақтардың кемiнде жартысының өкiлi болып табылатын мүшелерiнiң кемiнде елу бір процентiнiң ұсынысы бойынша; 3) соттың шешiмi бойынша таратылады. 4. Саяси партияны таратуды саяси партияның жоғары органы тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртiппен сот жүргiзедi. 5. Соттың шешiмi бойынша саяси партия: 1) осы Заңның талаптарын орындамаған; 2) саяси партияның қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған тәртiп бұзушылықты сот белгiлеген мерзiмде жоймаған; 3) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған; 4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған не қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарын бірнеше рет (кемiнде екi рет) немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған; 5) мемлекеттік тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған кезде саяси партияны мемлекеттік тiркеудiң заңсыздығы танылған не саяси партияны мемлекеттік тiркеудiң күшi жойылған; 6) саяси партия Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспаған; 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 7-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 7) шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қаржыландырған , саяси партия осы Заңда тыйым салынған қайырмалдықтарды қабылдаған 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 7-1-тармақшамен толықтырылды 7-1) саяси партия, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта тiркеусiз жүзеге асырған; 8) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда таратылуы мүмкiн. 3-тарау. Саяси партияның қызметі 15-бап. Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi 1. Саяси партия жарғысы мен бағдарламасында анықталған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен: 1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға және өз мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға; 2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бірiгуге; 3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар жөнiнде ұсыныс жасауға; 4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құруға; 5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізуге; 6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтауға; 2) әрбір азаматтың өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге; 3) заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тұрақты жұмыс iстейтiн органы орналасқан жердiң өзгергенi туралы және өз басшылары туралы деректердi тiркеушi органға хабарлауға; 4) салық органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдер мен көлемде өзiнiң қаржылық қызметi туралы есеп табыс етуге мiндеттi. 16-бап. Саяси партияның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) органдары 1. Саяси партияның төрт жыл iшiнде кемiнде бір рет шақырылатын съезi (конференциясы) саяси партияның жоғары басшы органы болып табылады. 2. Саяси партияның съезiнде (конференциясында): 1) саяси партияның жарғысы мен бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiледi; 2) саяси партияның мүшелері Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Парламент Мәжілісiнiң депутаттығына кандидаттар ретiнде ұсынылады, депутаттыққа кандидаттардың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тiркеу үшін ұсынылатын партиялық тiзiмi бекітіледi; 3) саяси партияның басшы органдары сайланады; 4) партияның мүшелiк жарналарының мөлшерi бекітіледi. 3. Саяси партияның филиалы мен өкiлдiгiнiң конференциясы (жалпы жиналысы) саяси партия филиалы мен өкiлдiгiнiң жоғары басшы органы болып табылады. 4. Саяси партияның филиалы мен өкiлдiгiнiң конференциясында (жалпы жиналысында): 1) олардың басшы органдары сайланады; 2) тиiстi мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсынылады. 5. Саяси партия съезiнiң (конференциясының) шешiмi саяси партияның съезiне (конференциясына)саяси партияның барлық облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң өкiлдерi қатысқан кезде көпшiлiк дауыспен қабылданады. 17-бап. Саяси партияның меншiгi Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған объектiлердi қоспағанда, саяси партияның меншiгiнде оның жарғысында көзделген қызметтi материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектiлер, сондай-ақ оның қаражаты есебiнен құрылатын ұйымдар болуы мүмкiн. Саяси партия тұтас алғанда, саяси партия мүлкiнiң, соның iшiнде оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) мүлкiнiң меншiк иесi болып табылады. Саяси партия мүшелерiнiң саяси партияның мүлкiне қатысты құқықтары болмайды. Саяси партияның мүлкi саяси партияның жарғысы мен бағдарламасында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру және мiндеттердi шешу үшiн пайдаланылады. Саяси партияның мүлкi ол таратылған жағдайда оның жарғысына сәйкес пайдаланылуға тиiс. Егер саяси партияның жарғысында мұндай тәртiп көзделмесе, онда бұл мәселенi шешудi саяси партияны тарату туралы шешiм қабылдаған орган жүзеге асырады. 18-бап. Саяси партияны қаржыландырудың көздерi және оның қаражатын пайдалану 1. Саяси партияның қаражаты: 1) мүшелiкке кіру және мүшелiк жарналардан; 2) қайырмалдықтар құжатпен расталып, олардың шығу көздерi көрсетiлген жағдайда мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының қайырмалдықтарынан; 3) кәсiпкерлiк қызметтен түскен кiрiстерден құралады. 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 2-тармақ толықтырылды 2. Саяси партияға және оның құрылымдық бөлiмшелерiне (филиалдары мен өкiлдiктерiне): 1) шет мемлекеттерден, шетелдiк заңды тұлғалардан және халықаралық ұйымдардан; 2) шетелдiктерден және азаматтығы жоқ адамдардан; 3) шетел қатысатын заңды тұлғалардан; 4) мемлекеттік органдардан және мемлекеттік ұйымдардан; 5) дiни бірлестiктерден және қайырымдылық ұйымдарынан; 6) иесi көрсетiлмеген қайырмалдық жасаушылардан қайырмалдық алуға жол берiлмейдi. Осы тармақта көрсетiлген адамдардан келiп түскен қайырмалдықтар соттың шешiмi бойынша мемлекеттің кiрiсiне аударылады. 3. Саяси партиялардың ақшасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген банктердiң шоттарына орналастырылады. 4. Саяси партияның ақшасы мен өзге де мүлкi оның мүшелерi арасында бөлiнбейдi және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалуға тиiс. Саяси партияның өз қаражатын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi. |