|
|
|
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусинге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |