Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 410 қаулысымен мақұлданды
Жоба
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің атынан үкіметтері, өз мемлекеттерінің экономикасын дамыту, халқының әл-ауқатын және әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру үшін электр энергетикасының зор маңызын ескере отырып, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру мақсатында, ТМД-да адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құқықтық кеңістік құруды қалыптастыруға, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикасы мен электр энергетикасы салаларының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған күш-жігерді біріктірудің объективті қажеттілігіне сүйене отырып, мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сыртқы сауда көлемінің өсуіне, электр энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибе мен стандарттарды пайдалануға ұмтыла отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы жүйелерінің қосарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы 1998 жылғы 25 қарашадағы шартты басшылыққа ала отырып, ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің 2005 жылғы 25 қарашадағы шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады: ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығы - электр энергиясын және ілеспе қызметтерді сатып алу-сатуға байланысты, жалпы ережелер мен тиісті шарттардың негізінде әрекет ететін осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің субъектілері арасындағы қатынастар жүйесі; электр энергиясы - оны өндіру мен тұтынудың бір мезгілділігін сипаттайтын және оның параметрлерін берілген шектерде тұрақты және үздіксіз ұстап тұруды талап ететін тауардың ерекше түрі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|