|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 471-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде: «Жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері» деген 1-бөлім алынып тасталсын; «Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын объектілер» деген 2-бөлімде: тақырыптағы «2» деген сан алынып тасталсын; реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5, 6, 14, 15-жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 9-жолдың 2-бағанындағы «Қорғас-Сарыөзек» деген сөздер «Қорғас-Жетіген» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 18-жолдың 3-бағанындағы «Алматы қаласының әкімдігі» деген сөздер «ККМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19, 20-жолдармен толықтырылсын:
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |