Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға
беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы
№ 1127 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 28 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге арналған (2007 - 2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қарашадағы
№ 1127 қаулысымен
Бекітілген
Орта мерзімді кезеңге арналған
(2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге
ұсынылатын объектілердің тізбесі
№№ | Атауы | Конкурсты ұйымдастырушы |
1 | 2 | 3 |
1. Жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері |
1. | Маңғыстау облысы әкімдігінің «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ, оның ішінде көліктік-логистикалық орталық | Маңғыстау облысының әкімдігі |
2. Салынуы және пайдаланылуы концессия шарттарының негізінде жүзеге асырылатын объектілер |
2. | Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автожол учаскесі (240-460 км) | ККМ |
3. | Төрткөл-Шәуілдір-Түркістан автожол учаскесі | ККМ |
4. | Қарағанды-Астана автожол учаскесі | ККМ |
5. | Алматы-Ыстықкөл автожол учаскесі | ККМ |
6. | Атырау қаласы әуежайының жаңа терминалы | ККМ |
7. | Маңғышлақ-Баутино теміржол учаскесі | ККМ |
8. | Ералиев-Құрық теміржол учаскесі | ККМ |
9. | Қорғас-Сарыөзек теміржол учаскесі | ККМ |
10. | Мақат-Қандыағаш теміржол учаскесін электрлендіру | ККМ |
11. | Алматы-Ақтоғай теміржол учаскесін электрлендіру | ККМ |
12. | Достық-Ақтоғай теміржол учаскесін электрлендіру | ККМ |
13. | Ақтоғай-Мойынты теміржол учаскесін электрлендіру | ККМ |
14. | Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту | ККМ |
15. | Ақтау портын оңтүстік бағытта кеңейту | ККМ |
16. | Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы газдытурбиналық электр станциясы | ЭМРМ |
17. | Астана қаласындағы 3-ЖЭО | Астана қаласының әкімдігі |
18. | Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы | Алматы қаласының әкімдігі |