|
|
|
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
1-бап. “Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы” 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №7, 78-құжат; 1999 ж., №4, 100-құжат; №10, 342-құжат; 2006 ж., №23, 137-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-баптың 2-тармағында: “Парламенттің” деген сөзден кейін “және Парламент Мәжілісінің” деген сөздермен толықтырылсын; “реттер мен тәртіп бойынша” деген сөздер “тәртіппен” деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 4-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: “2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады. 3. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. 4. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпы ұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.”; 5-тармақтың екінші сөйлемі “сессиясын” деген сөзден кейін “, әдетте,” деген сөзбен толықтырылсын; 6-тармақта: бірінші сөйлемдегі “Палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысын” деген сөздер “Парламенттің кезектен тыс сессиясын” деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлемде: орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; “отырысты” деген сөз “сессияны” деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: “6) Палаталарға Конституциялық Кеңестің екі мүшесінің, Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесінің, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесінің қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;”; 8-тармақта: бірінші сөйлемдегі “Сенат пен Мәжіліс Төрағаларының”, “бір-бірден орынбасарлары” деген сөздер тиісінше “Сенат Төрағасы мен Мәжіліс Төрағасының”, “екі-екіден орынбасарлары” деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлемдегі “орнын басады” деген сөздер “міндетін атқарады” деген сөздермен ауыстырылсын; “Бюролардың” деген сөз “Палаталар Бюроларының” деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: “Мәжіліс Бюросының құрамына Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері де енеді.”; 6) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын: “11-1-бап. Республика Парламенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар 1. Парламенттің және оның Палаталарының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшін Республика Парламенті мен оның Палаталарының жанынан шешімдері ұсынымдық сипатта болатын консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін. 2. Консультативтік-кеңесші органдарды құру тәртібі Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерімен айқындалады. 3. Парламент Палаталарының аппараттары Республика Парламенті мен оның Палаталары жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс органдары болып табылады.”; 7) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: “1. Парламент Регламенті, оның Палаталарының регламенттері: 1) Сенат пен Мәжілістің бірлескен және бөлек отырыстарын өткізудің шарттары мен тәртібін; 2) Парламенттің және оның Палаталарының жұмыс органдарын құру тәртібін; 3) Парламенттің және оның Палаталарының, олардың жұмыс органдарының қызметін ұйымдастыруды; 4) Парламент депутаттарының және лауазымды адамдарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруының шарттары мен тәртібін белгілейді. Мәжіліс Регламенті, осы тармақта көзделген ол реттейтін мәселелерден басқа, саяси партиялардың фракцияларын ұйымдастырудың және жұмыс тәртібінің ерекшеліктерін айқындайды.”; 2-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін арнайы жолдаумен ресімдейтін Республика Президентіне;”; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: “1-1) заңнамалық актінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін тиісті ұсынумен ресімдейтін Парламент депутаттарына;”; 3-тармақтағы “Депутаттар” деген сөз “Республика Президенті, депутаттар” деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: “Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.”; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: “2-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады. Қабылданбаған Конституциялық заң жобасы оның бастамашысына қайтарылады. Сенат депутаттарының кемінде үштен екісінің даусымен конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледі. Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың кемінде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.”; 3-тармақтың үшінші сөйлеміндегі “Конституциямен белгіленген қажетті дауыс санын ала алмаған ретте,” деген сөздер “Палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса,” деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 19-баптың 2-тармағындағы “он бес жұмыс күнінің” деген сөздер “бір ай” деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын: “20-бап. Республика Парламентінің Республика Президентінің қарсылықтарын қарауы 1. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. 2. Республика Президентінің қарсылықтарымен қайтарылған заң немесе оның баптары Мәжілістің тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен кейін Палатаның шешім қабылдауы үшін Мәжілістің жалпы отырысына шығарылады. Егер Мәжіліс дауыс беру қорытындылары негізінде заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешімді растамайтын болса, онда Президент қарсылықтарын Парламент Палаталарының одан әрі қарауы тоқтатылады және заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Егер Мәжіліс Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен заң бойынша бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, онда заң Президент қарсылықтарын қоса әрі қарай қарау үшін Сенатқа беріледі. Сенаттың тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен кейін заң немесе оның баптары Мемлекет басшысының қарсылықтарын қоса Сенаттың жалпы отырысына шығарылады. Егер Сенат дауыс беру қорытындылары негізінде заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешімді растамайтын болса, онда заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Егер Сенат Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен заң бойынша бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, онда Президенттің заң бойынша қарсылығы еңсерілді деп есептеледі. Бұл жағдайда заң немесе тиісінше оның баптары Парламент бірінші рет қабылдаған редакциясында қабылданды деп есептеледі және Президент осы заңға ол қол қоюға ұсынылған кезден бастап бір ай ішінде қол қояды. 3. Қарсылықтарды Мәжілісте қарау барысында Республика Президенті депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, өзі қарсылықтарда ұсынған заңның тұтастай не оның тиісті жекелеген баптарының редакциясын өзгертуге құқылы. 4. Парламент Палаталарының отырыстарында заң немесе оның жекелеген баптары қайтадан талқыланған және дауысқа салынған кезде дауысқа салу, егер Президенттің қарсылықтары заңға тұтастай туындаған болса, - заң бойынша тұтас, не Республика Президентінің қарсылықтарын туғызған баптар бойынша өткізіледі. 5. Егер Республика Президентінің қарсылықтары Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға енгізілген жағдайда, онда бұл қарсылықтар заңдарға қарсылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді.”; 12) ІV тарау мынадай редакцияда жазылсын: “ІV тарау Парламент Палаталарының Президентке Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға келісім беру, оларды қызметке сайлау, тағайындау және қызметтен босату жөніндегі өкілеттігін жүзеге асыруы 21-бап. Парламент Палаталарының келісімімен Президент қызметке тағайындайтын, Парламент Палаталары қызметке сайлайтын, тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды адамдар Парламент Палаталарының келісімімен Республика Президенті қызметке тағайындайтын, Парламент Палаталары қызметке сайлайтын, тағайындайтын және қызметтен босататын Республика лауазымды адамдарының тізбесі Республика Конституциясында айқындалады. 22-бап. Парламент Палаталарының Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындау, қызметке сайлау және қызметтен босату жөнінде Республика Президентіне келісім беру тәртібі 1. Республика Президенті Премьер-Министрді қызметке тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімін, сондай-ақ Республиканың Ұлттық Банк Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындауға Сенаттың келісімін алу үшін, Сенаттың Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын қызметке сайлауы және қызметтен босатуы үшін Парламент Палаталарына тиісті жазбаша ұсынулар енгізеді, солардың негізінде тиісті мәселені Парламенттің тиісті Палатасының таяудағы отырысының күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданады. 2. Премьер-Министрді тағайындауға Парламент Мәжілісінің келісімі Палата отырысында беріледі. Республика Президентінің аталған лауазымды адамдарды тағайындауына Парламент Палаталарының келісімі алдын ала не соңыра ұсыну барысында алынады және Палата отырысында беріледі. 3. Сенаттың Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметке сайлауы мен қызметтен босатуы үшін ұсынылған кандидатуралар мәселе Палатаның отырысында қаралғанға дейін Сенат Бюросының шешімімен белгіленген Сенаттың тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс. Кандидатураларды қараудың нәтижелері негізінде комитет әрбір талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етілетін қорытынды шығарады. 4. Тиісті Палата отырысында қызметке тағайындауға келісім беру туралы, қызметке сайлау және қызметтен босату туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды Республика Президенті немесе ол уәкілеттік берген Республиканың лауазымды адамы таныстырады. 5. Тиісті Палатаның отырысында: 1) кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы; 2) депутаттар ұсынылған кандидатты “жақтап” немесе “қарсы” пікірлер білдіруі мүмкін. 6. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін. 7. Егер Парламенттің тиісті Палатасы Президент ұсынған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындауға келісім беру туралы, қызметке сайлау туралы шешімдер қабылдамаған жағдайда, Президент тиісті Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгізеді. 8. Егер Сенат Жоғарғы Сот Төрағасы мен судьяларын қызметтен босату туралы шешім қабылдамаған жағдайда, Президент Сенатқа осы мәселе бойынша қайта ұсыну енгізуге хақылы. 23-бап. Парламент Палаталарының ұсынылған кандидатуралар бойынша шешімдер қабылдауы 1. Парламент Мәжілісі мен Сенаты қызметке тағайындауға, қызметке сайлауға және қызметтен босатуға келісім беру туралы шешімдерді Парламенттің тиісті Палатасы депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды. 2. Егер тиісті Палата дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе, шешімдер әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы қабылданады. 3. Шешімдер тиісті Палатаның қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке ресімделеді. 4. Қызметке тағайындауға, қызметке сайлауға және қызметтен босатуға келісім беру үшін Президент ұсынған кандидатуралар қабылданбаған жағдайда тиісті Палатаның шешімінде қабылдамаудың толық дәлелдемесі болуға тиіс. 23-1-бап. Парламент Палаталарының Республика лауазымды адамдарын қызметке тағайындау тәртібі 1. Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қызметке тағайындау Палатаның отырысында жүзеге асырылады. Палатаның қызметке тағайындауы үшін осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың ұсынылған кандидатуралары мәселе Палатаның отырысында қаралғанға дейін Палата Бюросының шешімімен белгіленген Палатаның тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс. Кандидатураларды қараудың нәтижелері негізінде комитет әрбір талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етілетін қорытынды шығарады. 3. Тиісті Палата отырысында қызметке тағайындау туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды тиісті Палатаның Төрағасы таныстырады. 4. Тиісті Палатаның отырысында: 1) кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы; 2) депутаттар ұсынылған кандидатты “жақтап” немесе “қарсы” пікірлер білдіруі мүмкін. 5. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін. 6. Егер Парламенттің тиісті Палатасы ұсынылған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындау туралы шешімдер қабылдамаған жағдайда, Төраға тиісті Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгізеді. 7. Парламент Мәжілісі мен Сенаты осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қызметке тағайындау туралы шешімдерді Парламенттің тиісті Палатасы депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды. 8. Егер тиісті Палата дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе, шешімдер әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы қабылданады. 9. Шешімдер тиісті Палатаның қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке ресімделеді. 10. Қызметке тағайындау үшін Палата Төрағасы ұсынған кандидатуралар қабылданбаған жағдайда тиісті Палатаның шешімінде қабылдамаудың толық дәлелдемесі болуға тиіс.”; 13) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын: “24-бап. Республика Парламентінің депутаты 1. Парламент депутатының өкілеттігі оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады. Парламенттің бірінші сессиясында оның Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант береді: “Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген депутаттың мәртебелі міндетін абыроймен атқаруға ант етемін”. Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкіметі, Конституциялық Кеңесі мүшелерінің, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерінің қатысуымен салтанатты жағдайда өткізіледі. 2. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады. 3. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. 4. Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған депутаттарының өкілеттігі оның шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 5. Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі осы таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 6. Парламент депутаты: 1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен; 2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген; 3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады. 7. Парламент Мәжілісінің депутаты: 1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған; 2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады. 8. Парламент депутатының өкілеттігі осы баптың 3 және 6-тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатын негіздердің басталу фактісін көрсетіп қаулы қабылдайды және Парламенттің тиісті Палатасына Парламент депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгізу туралы шешім қабылдайды. Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы негізінде Парламент Палатасы тиісті Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатады. 9. Парламент депутатының өкілеттігі осы баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы тиісті адамның Парламент депутатының өкілеттігін жоғалтқаны жөніндегі фактіні көрсетіп қаулы қабылдайды. 10. Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.”; 14) 25-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы “Парламент пен оның Сенаты” деген сөздер “Парламент Палаталары” деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 30-баптың 5-1-тармағы “Парламент” деген сөзден кейін “немесе Парламент Мәжілісі” деген сөздермен толықтырылсын; 16) 31-баптың 1 және 2-тармақтарының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді; 17) 33-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: “5. Мәжіліс депутаттарына осы бапта көзделген жазалау шараларын қолдану туралы мәселеге Мәжілісте өкілдік ететін, құрамына депутаттар кіретін саяси партиялардың фракциялары бастамашы болуы мүмкін.”; 18) 34 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын: “34-бап. Республика Парламентіндегі депутаттық бірлестіктер 1. Парламент депутаттары саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы. 2. Саяси партияның фракциясы - заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиядан өкілдік ететін депутаттардың ұйымдасқан тобы, ол тиісті саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Парламент Мәжілісінде құрылады. Саяси партия фракциясындағы ең аз адам саны Парламент Мәжілісінің Регламентімен айқындалады. Саяси партия фракциясының құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары кіре алады. Депутаттың бір ғана саяси партия фракциясының құрамында болуға құқығы бар. 3. Депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттіктерін бірлесіп жүзеге асыруға арналған бірлестігі. Депутаттық топтың құрамында Парламенттің кемінде он бес депутаты болуға тиіс. 4. Саяси партиялардың фракцияларын тіркеу - Парламент Мәжілісінің Бюросында, депутаттық топтарды тіркеу Парламент Палаталарының Бюроларында жүзеге асырылады. Саяси партиялардың фракциялары мен депутаттық топтарды тіркеу келіп тіркелу тәртібімен жүргізіледі. 5. Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракциялары мен Парламенттегі депутаттық топтардың өкілеттігі, ұйымдастырылуы мен қызметі, олардың жұмысын қамтамасыз ету Парламент пен оның палаталарының регламенттерінде айқындалады.”; “36-бап. Республика Парламентінің және Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату 1. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады. 2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды. 3. Мәжіліс таратылған жағдайда Парламенттің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі қызметін уақытша, Мәжілістің жаңа құрамы сайланғанға дейін Сенат атқарады. Мұндай жағдайда Сенаттың конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау тәртібі Сенат Регламентінде айқындалады.”; 19) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын: “39-бап. Республика Парламенті Палаталарының Аппараттары 1. Парламент қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзгедей қамтамасыз етуді Сенат пен Мәжілістің бөлек аппараттары жүзеге асырады. 2. Сенат пен Мәжіліс аппараттарының құрылымы мен штат санын белгілеуді, оларды жасақтауды Парламент қызметін қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты шегінде Палаталардың Бюролары жүзеге асырады. 3. Сенат пен Мәжіліс аппараттарының қызметі Республиканың мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. 4. Парламенттің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты, Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған және оның депутаттары жаңа құрамының сайлануы жағдайында Сенат пен Мәжілістің аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысы тоқтатылмайды. 5. Сенат пен Мәжіліс аппараттарының қызметкерлері жалақы мөлшері, материалдық, қаржылық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудің өзге жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тиісті қызметкерлеріне теңестіріледі.”. 2-бап. Осы Конституциялық заң, “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы маусымның 19-ы. №266-ІІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |