Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесін бекіту туралы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 17-бабы 29 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесі бекітілсін. 2. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жеткізілсін. 3. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қазіргі оң қорытындысы бар жол берілетін шекті шығарындылар, төгінділер нормативтерінің жобалары және қалдықтардың орналасуы (пайда болуы) жобалары қорытынды күші жойылғанға дейін жарамды. 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.
Қоршаған ортаны қорғау министрінің 21 мамырдағы 2007 ж. № 158-Ө бұйрығымен бекітілді
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесі
1. Эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17 және 28-баптарына сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтаудың есептік әдістеріне талаптарды бекітеді. 2. Осы Әдістемеде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында қарастырылған ұғымдар мен анықтамалар қолданылады. 3. Есептеу жолымен әр түрлі орталарға эмиссиялар нормативтері, соның ішінде атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттардың жол берілетін шекті шығарылуын, табиғи су объектілерінде немесе жергілікті жер рельефтеріне, ағын су жинақтағыштарына ластаушы заттар шығарылуы нормативтері, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері, физикалық әсерлердің жол берілетін нормативтері анықталуы мүмкін.
1. Атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттар шығарылуы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|