Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кадрларды дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) жоғарғы және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер (1-қосымша); 2) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы жұмысқа жаңадан қабылданатын адамдар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтер (2-қосымша) бекітілсін. 2. ІІМ оқу орындарының басшылары үміткерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеуді осы бұйрықтың талаптарына сәйкес (1, 2-қосымшалар) жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 31 шілдеде № 1603 болып тіркелген «Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі істер органдарында және оқу орындарында дене шынықтыру және атыс дайындығын, бұқаралық дене шынықтыру - спорт жұмыстарын одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 25 маусымдағы № 497 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін. 4. Мемлекеттік тіркеу бойынша міндет және осы бұйрықтың орындалуын бақылау ІІМ-нің Кадр жұмысы департаментіне (Ә.А.Ақанов) жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|