«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және (2006.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 30 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ұсынылып отырған Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2 қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. 4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.): 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|