Облыс әкімдігінің «Зеленов, Теректі, Тасқала және Бөрлі аудандарының
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 187 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Өсімдіктер карантині туралы» және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Зеленов, Теректі, Тасқала, Бөрлі және Сырым аудандары аумағында карантиндік арам-шөп ошақтарын одан әрі оқшаулау және жою мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Облыс әкімдігінің «Зеленов, Теректі, Тасқала және Бөрлі аудандарының аумағында карантин аймағын белгілеу туралы» 2006 жылғы 28 ақпандағы № 90 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 20 наурызда № 2959 тіркелген, облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 2006 жылғы 28 наурыздағы № 36 сандарында жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-тармағы келесідей редакцияда жазылсын: «1. Осы қаулыға қосымшадағыға сәйкес Зеленов, Теректі, Тасқала, Бөрлі және Сырым аудандарының ауылдық округтері аумағындағы карантиндік арам-шөп ошақтарында карантин аймағы белгіленсін». қаулының 2 және 3-тармақтарында «Бөрлі» деген сөзден кейін тиісінше «Сырым» деген сөзбен толықтырылсын. 2. Облыс әкімдігінің «Зеленов, Теректі, Тасқала және Бөрлі аудандарының аумағында карантин аймағын белгілеу туралы» 2006 жылғы 28 ақпандағы № 90 қаулысына қосымша (облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 2006 жылғы 28 наурыздағы № 36 сандарында жарияланған) күшін жойған деп есептелсін. 3. Тиісті аудандардың әкімдері сәйкесті аудан аумақтарында заңнамада белгіленген тәртіппен карантиндік іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуді одан әрі қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар алсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|