|
|
|
Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы (2011.01.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 720 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.05.11. № 1166 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.05.11. № 1166 қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.01.11. № 1264 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік органдар өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызмет стандарттарын бекітуді қамтамасыз етсін. Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық нысанын және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін мемлекеттік қызметтердің стандарттары ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен үлгі стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты _____________________________________ (қызметтің атауы)
ҚР Үкіметінің 2010.05.11. № 1166 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де ұйымдардың атауын (мекенжайын) көрсету. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:_______________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________________ толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған, (автоматтандырылмаған). ҚР Үкіметінің 2010.05.11. № 1166 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері) атауы мен бабы (тармағы). 4. Мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орны туралы ақпарат көздері мен оған қол жеткізу орындарын (интернет-ресурс, call-орталық, қызу желі қызметі, тегін телефон анықтамасы қызметі және тағы басқа) көрсету. ҚР Үкіметінің 2010.05.11. № 1166 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі (анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат, куәлік, медициналық қорытынды және тағы басқа не қызмет көрсетуден бас тартудын дәлелді жауап) және оны ұсыну түрі (қағаз жеткізгіштегі, электрондық жеткізгіштегі құжат, мемлекеттік органның ақпарат жүйесіндегі мәліметтер және тағы басқа). 6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері: 1) мына: а) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған; б) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш жасаған (тіркелген, талон алған сәттен бастап және тағы басқа); в) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау берген сәттен бастап мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері; 2) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеген, талон алған кезде, өтініш және электрондық сұраныс берген сәттен бастап және тағы басқа); 3) өтініш беруші өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты; 4) басқа мерзімдер. ҚР Үкіметінің 2010.05.11. № 1166 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегін екендігін көрсету. Ақылы болған, сондай-ақ жедел қызмет көрсетілген жағдайда құнын, ақы төлеу тәсілін (қолма қол немесе қолма-қол емес), мемлекеттік қызметтің құнын (алымды, төлемді) төлеу кезінде толтыру талап етілетін құжаттың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету. ҚР Үкіметінің 2010.05.11. № 1166 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Жұмыс кестесін (жұмыс күндері, сағаттар, үзілістер, демалыс күндері) көрсету, қызметті алу үшін алдын ала жазылуға бола ма (шарттары мен талаптарын көрсету), жедел қызмет көрсетіле ме (шарттары мен талаптарын көрсету). 10. Қызмет көрсетілетін орынның жағдайларын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жасалған жағдайлар, күтудің және қажетті құжаттарды дайындаудың қолайлы жағдайлары (күту залы, үлгілер қойылған тағандар) және тағы сол сияқты).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Қажетті құжаттар мен оларға қойылатын талаптардың түпкілікті тізбесін көрсету, соның ішінде мемлекеттік қызметті алу үшін жеңілдіктері бар тұлғалар үшін. 12. Интернет-ресурсқа сілтемені не мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет бланкілер берілетін орынды (өтініш нысандары және тағы сол сияқты) көрсету. 13. Толтырылған бланкілері, нысандары, өтініштері және мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты адамның интернет-ресурсына сілтемені не мекенжайын және кабинетінің нөмірін көрсету. 14. ҚР Үкіметінің 2010.05.11. № 1166 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысанын көрсету. 16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілін көрсету - электрондық пошта, интернет-ресурс арқылы, жеке келу, курьер және тағы басқа. 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесін көрсету.
18. Қызметтерді тұтынушыға қатысты мемлекеттік орган басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызметті әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның тиісті бұйрығымен бекітіледі.
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауын, электрондық поштасының мекенжайын, шақыруларды өңдеу орталықтарының (call-орталықтар) телефон нөмірлерін не лауазымды адам кабинетінің нөмірін көрсету. 22. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда аппеляцияның жоғары тұрған инстанциясының, яғни осы мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де ұйымдардың атауын және мекенжайын, шағым жасалатын лауазымды адамның электрондық поштасының мекенжайын, жұмыс кестесін, байланыс жасайтын деректерін көрсету. 23. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым берілетін мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге ұйымдардың атауын, электрондық поштасының мекенжайын, шағым жасалатын лауазымды адам кабинетінің нөмірін, жұмыс кестесін көрсету. ҚР Үкіметінің 2010.05.11. № 1166 қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды 23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы екенін көрсету. 24. Шағым берген кезде қажет болатын ресми құжаттардың тізбесін көрсету (мысалы, ресми аппеляция немесе шағым үшін құжаттардың нысандары және басқалар). 25. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауын, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсету. 26. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және тағы басқа).
Мемлекеттік қызметтің қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |