|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98, 103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; 2007 жылғы 22 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 30 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 29 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 140-1-баптың 2-тармағы «арнаулы экономикалық аймақтардың аумақтарында құрылған атқарушы органның» деген сөздерден кейін «немесе арнаулы экономикалық аймақтар әкімшілігінің» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 445-баптың 3-тармағы «уәкілетті органдар» деген сөздерден кейін «, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші бөліктегі «органмен» деген сөзден кейін «, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен» деген сөздермен толықтырылсын; екінші және үшінші бөліктердегі «органдар», «орган» деген сөздерден кейін «, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 450-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі және 5-тармағындағы «органмен» деген сөзден кейін «немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат): 1) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын: «19-1-бап. Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыреті Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыретіне арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және қызметін арнайы экономикалық аймақ аумағында тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге уақытша өтеулі жер пайдалану үшін жер учаскелерін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес беру жатады.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімі негізінде жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі құзыретке сәйкес жүргізіледі.»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына, сондай-ақ жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және қызметін арнайы экономикалық аймақта тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге жер пайдалану құқығын табыстаған кезде жер пайдаланушымен жерді уақытша пайдалану құқығын табыстаған туралы шешім негізінде жер учаскесін жалға беру шарты жасалады.»; 1-тармақтың 4) тармақшасы «әкімінің» деген сөзден кейін «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: бірінші бөлік «әкімдері» деген сөзден кейін «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөлік мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Арнайы экономикалық аймақ аумағында жер учаскесін беру туралы мәселені шешу кезінде жоғарыда аталған комиссия құрылмайды.»; 3-тармақтың бірінші абзацы «әкіміне» деген сөзден кейін «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігіне» деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ «шешімімен» деген сөзден кейін «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімімен» деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақ «әкімінің» деген сөзден кейін «, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің» деген сөздермен толықтырылсын. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 6-сы. № 275-ІІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |