Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Осы редакция 2007 ж. 28 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі (1-қосымша); 2) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысаны (2-қосымша) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (Қ.А.Өскенбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті (Е.В.Журина) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Х.Н.Мусинге жүктелсін. 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Туризм және спорт министрлігінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 1-2/36 бұйрығына 1-қосымша
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
1. Бір казинода кемінде жиырма ойын столының орнатылуы туралы актілердің нотариалды түрде расталған көшірмесі. 2. Ойын автоматтары залында кемінде елу ойын автоматының орнатылуы туралы актілердің нотариалды расталған көшірмесі. 3. Әр ойын автоматының сертификатының және оларды тестілеу туралы қорытындының нотариалды түрде расталған көшірмелері. 4. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған пайыздық ұтыстар туралы қорытынды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|