<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 22.11.96 Ж. № 48-1 ЗАҢЫ

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының
1996 жылғы 22 қарашадағы № 48-1 Заңы

(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)

 

     1-тарау. Жалпы ережелер                                 (1 - 4 баптар)
     2-тарау. Мемлекеттік өкімет органдарының өрт            (5 - 8 баптар)
              қауіпсіздігі саласындағы өкілеттігі 
     3-тарау. Қазақстан Республикасындағы өртке              (9 - 13 баптар)
              қарсы қызмет органдары
     4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету               (14 - 23 баптар)
     5-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы                   (24 - 25 баптар)
              құқықтар мен міндеттер
     6-тарау. Өрт қауіпсіздігі саласындағы заңдарды          (26 - 28 баптар)
              бұзғаны үшін жауапкершілік
     7-тарау. Қорытынды ережелер                             (29 - 31 баптар)
 

ҚР 29.12.03 ж. № 511-I Заңымен өзгерістер енгізілді

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

  • Показать изменения

Осы Заң мемлекеттік органдардың, меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарын реттейдi.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. Жалпы ережелер

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

ерікті өрт сөндіруші - өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат;

  • Показать изменения

қоныстану аумағы - елді мекен аумағының тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жекелеген коммуналдық және өнеркәсіптік объектілерді орналастыруға арналған бөлігі;

  • Показать изменения

мемлекеттік өрт бақылау - өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау және оларды бұзушылықтың алдын алу мақсатында өртке қарсы қызмет органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын қызмет түрі;

  • Показать изменения

өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;

  • Показать изменения

өртке қарсы ерікті құралымдар - азаматтардың елді мекендерде және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны;

  • Показать изменения

өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, өрт сөндіру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы;

  • Показать изменения

өртке қарсы шаралар режимі - өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілмеуін және өрттің сөндірілуін қамтамасыз ететін азаматтардың мінез-құлық ережелері, өндірістік және шаруашылық қызметін ұйымдастыру тәртібі, құрылыстарды, ғимараттарды, үй-жайларды (аумақтарды), өндірістік және арнаулы жабдықтарды күтіп ұстау шарттары;

  • Показать изменения

өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өpттeн қорғалу жай-күйі;

  • Показать изменения

өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнаулы шарттар;

  • Показать изменения

өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды, ережелер мен нұсқауларды орындамау немесе тиісінше орындамау;

  • Показать изменения

өрт қауіпсіздігі шаралары - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау жөніндегі іс-әрекет;

  • Показать изменения

өрт сөндіру-техникалық өнімі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнаулы техникалық, ғылыми-техникалық және санаткерлік өнімі, соның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдығы, өрт сөндіру құралдары, от сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнаулы байланыс және басқару құралдары, электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базалары, сондай-ақ өрттің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары;

  • Показать изменения

өртті сөндіруге байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары - адамдарды, мүлікті, меншікті құтқару мен басқа жерге көшіру, өрт кезінде зардап шеккендерге дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі жауынгерлік іс-әрекеттері;

  • Показать изменения

уәкілетті орган - өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының өрт

қауiпсiздiгi саласындағы заңдары

Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң

негiзгi принциптерi

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:

- Өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;

- ұйымдар мен азаматтардың қызметіндегі қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;

- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді

4-бап. Қазақстан Республикасындағы өрт

қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi

Қазақстан Республикасындағы өрт қауiпсiздiгi жүйесi - өрттi және одан келетiн залалды болдырмауға бағытталған экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралардың, сондай-ақ өртке қарсы қызмет күштерi мен техникалық құралдарының жиынтығы.

  • Показать изменения

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, өртке қарсы қызметтiң, салалық өртке қарсы қызметтiң органдарын, өрттен қорғау-техникалық ғылыми-зерттеу мекемелерiн, өрттен қорғау-техникалық оқу орындарын, өрт сөндiру-техникалық өнiм өндiру кәсiпорындарын қамтиды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді

  • Показать изменения

2-тарау. Мемлекеттік органдардың өрт қауіпсіздігі

  • Показать изменения

саласындағы құзыреті

 

16.07.99 ж. № 437-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III  (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) ; 2006.29.12. № 209-III   (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілді

  • Показать изменения

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметі өрт қауiпсiздiгi саласында:

  • Показать изменения

- мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi және оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

- өрт қауiпсiздiгi саласындағы салалық бағдарламаларды бекiтедi;

- мемлекеттік органдар қызметiне басшылық жасайды, олардың Қазақстан Республикасы заңдарын, Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауын бақылайды;

- өрт қауiпсiздiгi саласында ақпарат беру, білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

өртті және оның салдарын мемлекеттік есепке алу тәртібін айқындайды;

  • Показать изменения

бюджет қаражаты есебiнен қамтылатын өртке қарсы қызметтiң штат саны лимитiн белгiлейдi;

қоныстану аумақтарының және өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншiктегi аса маңызды объектiлердiң тiзбесiн белгiлейдi;

- Қазақстан Республикасы аумағында өрттерден сақтандыру мен оларды жою жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызмет тәртібін белгiлейдi;

  • Показать изменения

- өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруі туралы ережені бекітеді.

  • Показать изменения

өртке қарсы қызмет міндетті түрде құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекітеді.

  • Показать изменения

өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітеді;

  • Показать изменения

дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелері құрылмаған елді мекендердегі өртті сөндіру тәртібін белгілейді;

  • Показать изменения

өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленбеген талаптарды келісу тәртібін белгілейді. 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

09.12.98 ж. № 307-1; 16.07.99 ж. № 437-1; 05.05.00 ж. № 48-II; 29.12.03 ж. № 511-I (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III   (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді

  • Показать изменения

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

  • Показать изменения

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган:

  • Показать изменения

1) бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзедi, салааралық үйлестiру мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) нормативтердi, стандарттар мен ережелердi бекiтедi және келiседi, өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік есепке алуды жүргiзедi;

  • Показать изменения

3) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асырады;

  • Показать изменения

4) өрт қауiпсiздiгi саласындағы зерттеу қызметiн, білімдi насихаттауды, азаматтар мен мамандарды оқытып-үйретудi ұйымдастырады;

  • Показать изменения

5) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред .қара)

  • Показать изменения

6) өз өкiлеттiктерi шегiнде өрттер бойынша анықтауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

7) меншiк нысанына қарамастан өртке қарсы қызметтердiң жұмысын үйлестiредi;

  • Показать изменения

8) Өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының қызмет өткеруi туралы ереженi әзiрлейдi;

  • Показать изменения

9) өз құзыретi шегiнде өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарды қызметке қабылдауды, қызмет бабында ауыстыруды, қызметтен босатуды, арнаулы атақтар беру мәселелерiн шешудi жүзеге асырады.

  • Показать изменения

10) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыруды бақылайды;

11) объектілер құрылысына өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін стандарттардың, нормалар мен ережелердің жобаларын келіседі.

  • Показать изменения

12) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

  • Показать изменения

13) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III  ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7-бап. Орталық мемлекеттік органдардың өрт қауiпсiздiгi

саласындағы өкiлеттiктерi

Орталық мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде:

  • Показать изменения

1) өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтердi, стандарттар мен ережелердi әзiрлеп, келiседi, мемлекеттік есепке алуды жүргiзедi және оның деректерiн өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органға бередi;

2) салалық өрттен қорғау-техникалық комиссияларын құрады;

  • Показать изменения

3) мемлекеттік органдардағы өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн бақылауды қамтамасыз етедi, өрттiң алдын алу жөніндегі iс-шараларды жүргiзедi.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III  ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

8-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,

аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi

атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы

өкiлеттiктерi

  • Показать изменения

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өкiлеттiктерiне мыналар жатады:

  • Показать изменения

1) тұрғын халықты және ұйымдарды өрт қaуiпсiздiгi саласындағы шаралар туралы хабардар ету;

  • Показать изменения

2) өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар мен қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянды өтеу.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-тарау. Қазақстан Республикасындағы өртке

қарсы қызмет органдары

 

2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының мәртебесі және олардың міндеттерi

  • Показать изменения

Өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттің алдын алуды, өрт қауіпсіздігі жағдайын бақылауды және өрт сөндіруді жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

  • Показать изменения

Өртке қарсы қызмет органдарының құрамына: басқару органы, күштер мен құралдар, оның ішінде өрттің алдын алуды және оны сөндіруді ұйымдастыруға, бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрамалар, сондай-ақ белгіленген тәртіппен құрылған өрт-техникалық оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелері кіреді.

  • Показать изменения

Өртке қарсы қызмет органдарының тулары болады, олардың сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ; 2006.29.12. № 209-III   (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді

  • Показать изменения

9-1-бап. Өртке қарсы қызмет органдарының құзыретi

  • Показать изменения

Өртке қарсы қызмет органдары:

  • Показать изменения

1) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

2) барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылатын өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін және, өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейтін техникалық регламенттерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

3) жеке және заңды тұлғаларға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар жүргізуге және қызметтер көрсетуге лицензиялар береді;

  • Показать изменения

4) өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреттер шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

6) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін жұмылдыру дайындығы және бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмылдыру, олардың жұмысының орнықтылығын арттыру жөнінде шаралар әзірлейді, өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға ұдайы дайын болуын қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

7) азаматтарға, кәсіпорындардың басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою және өртті болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалар береді;

  • Показать изменения

8) елді мекендерде және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан объектілерде өрт сөндіру бөлімшелерінің өртке қарсы күреске дайындығын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

9) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерді, мемлекет меншігіндегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін өрттен қорғау жөніндегі қызметті қамтамасыз етеді.

  • Показать изменения

Ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруды, субъектілер өрт қауіпсіздігінің нормалары мен ережелерін бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылыстарды, ғимараттарды салу, қайта жаңарту, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігінің талаптары орындалмағанда ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупі бар жұмыстарды жүргізуге тыйым салуды уәкілетті органның және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша сот жүргізеді.

  • Показать изменения

Субъектінің жұмысын ішінара немесе толық тоқтату немесе оған тыйым салу туралы талап-арызды уәкілетті орган және облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) аумақтық өртке қарсы қызмет органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының дипломатиялық мекемелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілдіктерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды

  • Показать изменения

9-2-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III  ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды

9-3-бап. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-4-баппен толықтырылды

9-4-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары

  • Показать изменения

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындары өртке қарсы қызмет қызметкерлерiне білім беру және олардың біліктiлiгiн арттыру саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын мамандықтар бойынша жоғары кәсiптiк білімi бар мамандарды даярлау мақсатында құрылады.

Өрт қауiпсiздiгi саласындағы оқу орындарының басты мiндеттерi:

  • Показать изменения

1) өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң кәсiби өсуi мен жетiлуiне жағдай жасау;

  • Показать изменения

2) өртке қарсы қызмет органдары үшiн мамандар даярлау;

3) мамандар даярлау бейiнiне сәйкес қызметтi жетiлдiрудiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, алынған зерттеу нәтижелерiн оқу процесiне және практикаға енгізу болып табылады.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-5-баппен толықтырылды ; 2006.29.12. № 209-III   (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 9-5-бап өзгертілді

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-5-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау

  • Показать изменения

Уәкілетті орган өрт қауіпсіздігі саласында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарын кәсіпкерлік субъектілерінің сақтауын айқындау мақсатында жүргізілетін тексерулер түрінде орындалады.

  • Показать изменения

Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға:

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторы - уәкілетті органның басшысы;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның барлық санаттағы мамандары;

  • Показать изменения

облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары;

  • Показать изменения

облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік бас инспекторларының орынбасарлары - уәкілетті органның аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;

  • Показать изменения

облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - уәкілетті органның аумақтық органдарының барлық санаттағы мамандары жатады.

  • Показать изменения

Мемлекеттік мекемелердің және басқа да кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеру үшін негіздеме болып табылатын өртке қарсы қызмет органының құжаты тексеру тағайындау туралы нұсқама болып табылады.

Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Показать изменения

жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп өткізілетін, өртке қарсы қызмет органы жоспарлаған тексеру;

  • Показать изменения

жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактілер бойынша жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;

  • Показать изменения

қарсы - тексерілетін кәсіпкерлік субъектісінің шарттық міндеттемелері не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында өртке қарсы орган жоспардан тыс тәртіппен жүргізетін тексеру;

  • Показать изменения

рейдтік - бірнеше кәсіпкерлік субъектісінің өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жекелеген талаптарын сақтауы мәселелері бойынша олардың қызметін бір уақытта қамтитын тексеру.

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-6-баппен толықтырылды

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-6-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібi

  • Показать изменения

1. Елді мекендердің, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан,

  • Показать изменения

барлық ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды сақтауы бақылануға жатады.

  • Показать изменения

2. Өртке қарсы қызмет органдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жоспарлы тексеру жүргізудің жылдық жоспарын ұсынады. Әр айдың соңында меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдардың қызметіне тексерулер тағайындау туралы актілеріне және тексеруді есепке алу карточкаларына салыстыру жүргізіледі.

  • Показать изменения

3. Жоспардан тыс, қарсы, рейдтік тексерулер жүргізу кезінде тексеру тағайындау туралы акт шығарылып, тексерулерді есепке алу карточкасы жасалады және ол шығарылған күні тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органға тіркеу үшін табыс етіледі.

Тексеру азаматтардың денсаулығы мен өміріне және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, мезгілінен тыс уақытта тексеру жүргізу кезінде, сондай-ақ бұзушылықтардың жасалуы бірден байқалған және дәлелдерді бекіту үшін жедел іс-әрекеттер жүргізу қажет болған жағдайларда тексеруді тағайындау туралы акті мен ақпараттық есеп құжаттары тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

  • Показать изменения

4. Ұйымдар өздерінің өрт қауіпсіздігі деңгейі бойынша 1, 2, 3 және 4-топтар объектілеріне бөлінеді. Аудандағы объектілер есебін өртке қарсы қызмет органы жүргізеді.

  • Показать изменения

5. 1-топтағы объектілерге: жалпы құрылыс алаңы 3500 шаршы метрден асатын ірі өнеркәсіп орындары және республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; электр станциялары; әуежайлар; теңіз сауда порттары; театрлар, спорт сарайлары, басқа да мәдени-ойын-сауық ұйымдары, медицина ұйымдары мен сыйымдылығы 800 және одан да көп орынды қонақ үйлер; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын сауда объектілері; мұражайлар, сурет галереялары; жалпы алаңы 2500 шаршы метрден асатын кітапханалар; мұнай базалары мен жалпы сыйымдылығы 2000 текше метрден асатын мұнай өнімдерінің қоймалары; газ қоймалары мен сыйымдылығы 1000 текше метрден асатын газ құю станциялары жатады.

  • Показать изменения

Бұл объектілерді өртке қарсы қызмет органдары кемінде бес жылда бір рет кешенді тексереді және жыл сайын кешенді тексеру кезеңінде айқындалған өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.