"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы”
Осы редакция 2007 жылғы 10 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тiзбесi; 2) Күзетшi мен жеке күзетшi құжаттарының нысандары мен үлгiлерi бекітілсiн. 2. Жеке күзетшiлердi, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріндегі, мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелеріндегі күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыратын мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орталықтары белгiленсiн. 3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсiпкер мен заңды тұлға күзет бөлiмшесiнiң, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң қызметкерлерi санының нормативi: бiр тәулiктiк бiр күзет постына 4,5 штат күзет бiрлiгі; он екi сағаттық бiр күзет постына 2,25 штат күзет бiрлiгi; сегiз сағаттық бiр күзет постына 1,5 штат күзет бiрлiгi болып бекітілсiн. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың ТIЗБЕСI
1. Арнаулы қорғау құралдары: 1) резина таяқшалары; 2) инкассация мен құндылықтар тасымалдауға арналған бронды машиналар; 3) 1 және 5 қорғау сыныбының қорғау жилеттерi; 4) 1 және 3 қорғау сыныбының қорғау шлемдерi. 2. Арнаулы техникалық құралдар: 1) күзеттiк, дабылдық белгi беру жүйелерi; 2) өтудi бақылау жүйесi; 3) қосарлы қолдану техникасына жатпайтын теледидарлық байқаудың бейне бақылаулық және бейне күзеттiк жүйелерi; 4) қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылыстарды айқындайтын детекторлар; 5) радиоактивтi, химикалық және басқа улағыш заттарды айқындайтын детекторлар; 6) хабарландыруды беретiн жүйелер. Ескерту: 1. Резина таяқшаны қолдану кезiнде олармен құқық бұзушының басынан мойнынан және бұғаналы жерлерiнен, iшi мен жыныс органдарынан ұруға тыйым салынады. 2. Республиканың аумағында қолданылатын техника қауiпсiздiк жүйесiнiң арнайы жабдықтарының атауы Қазақстан Республикасы IIМ жыл сайынғы бюллетенiмен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген
Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерi құжаттарының нысандары мен үлгiлерi
1. Жеке күзет ұйымының, заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң күзет бөлiмшесiнiң, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң қызметкерi құжатының нысаны мен үлгiсi.
Куәлiктiң мұқабасы көк түстi теріден, лидериннен, винилдi немесе белокроннан дайындалады. Куәлiктiң ашылған түрдегi мөлшерi 210 х 70 мм. болады. Сыртында, бет жағында:
КУӘЛIК УДОСТОВЕРЕНИЕ деген жазу болады.
Куәлiктiң iшкi жағына ақ түстi жапсырма қағаз жапсырылады. Куәлiктiң жапсырмасы баспаханалық офсеттiк тәсiлмен орындалған. Куәлiктiң жапсырмасы әр қайсысы 95 х 65 мм. екi жартыдан - сол және оң бөлiктен тұрады. Жапсырманың сол бөлiгiнде мөлшерi 3,5 х 4,5 см. фото сурет жапсыруға арналған орын болады. Куәлiктi дайындау кезiнде мемлекеттік рәмiздердi пайдалануға тыйым салынады (оның iшiнде сутаңба белгiлермен) куәлiктердiң саны және қорғалу дәрежесi Қазақстан Республикасы IIМ-мен келісіледi. 2. Жеке күзетші құжатының нысаны мен үлгісі Куәліктің екі жағында жазулары бар көлемі 105 х 75 мм. бланкіге баспаханалық тәсілмен көк түсті бланкіде орындалады. Жапсырылатын фотосуреттің көлемі 3,5 х 4,5 см. құрайды.
Жеке күзетші ЛИЦЕНЗИЯ
Тегі/Фамилия___________________
_______________________ __________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгертулер және толықтырулар
1. "Күзет қызметiн көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметтi реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi № 1507 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 48, 461-құжат): кiрiспеде "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы № 2200 заң күшi бар Жарлығына деген сөздер "Лицензиялау туралы" "Қазақстан Республикасының 1995 жылғы № 2200 Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруына лицензиялар берудiң тәртібіне: 5-тармақта "күзет қызметтерiн көрсету" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзеттiң және құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды түрде қорғаудың тәсiлдерi жөнiнде консультациялар беру және ұсынымдар дайындау" деген сөздермен толықтырылсын. 2. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы "Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы 2000 ж., № 32-33, 399-құжат): 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесiне: көрсетiлген Ережеге 1-қосымша алынып тасталсын; көрсетiлген Ережеге 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын: "Күзет қызметi субъектiлерiнiң қызметкерлерi пайдаланатын азаматтық және қызметтiк қарулардың және оларға патрондардың үлгiлерi, моделдерi және саны 1. Жеке күзетшiлердiң, жеке күзет ұйымдары, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшелерi, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы. Жеке күзетшiлер, жеке күзет ұйымдарының, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар күзет бөлiмшелерiнiң, мемлекеттік органдар ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi 1 постыға 1 қару бiрлiгi есебiнен қаруланады. Сыртқы постыдағы күзетшi ұзын ұңғылы тегiс ұңғылы оқпен атылатын қарумен қаруланады. Iшкi постыдағы күзетшi қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы оқпен атылатын қарумен қаруланады. Күзеттiң барлық түрлерi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 қару бiрлiгi. Тегiс ұңғылы қаруға арналған патрондар № 7, 8 бытырамен оқталады немесе азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілеттi орталық атқарушы органының нормаларына сәйкес келетiн жарақаттық әрекеттегi патрондар пайдаланылуы мүмкiн. Ауысымға шыққан жеке құрамға әр қару бiрлiгiне 10 патроннан берiледi. 2. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың өндiру, қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау процесiнде қымбат бағалы металлдар мен алмастардың сақталуы, темір жол және әуе көлiгiн бағалы және қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде, электр станцияларын, жылу электр орталықтарын және электр беру желiлерiн, жарылғыш және улы заттар, радиоактивтi материалдар қоймаларын (сақтау орны), мемлекеттік материалды резервтер қоймаларын (сақтау орны) күзету жөніндегі мiндеттердi орындайтын күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы.
Қару-жарақтың нормалары
-------------------------------------------------------------------- Топ бастығы, бөлiмше командирi - 1 Өткізу бюросының бастығы - 1 Сыртқы постыдағы күзетшi 1 - Қызмет иттерiн жетектеушi, - 1 Тапаншаға 2 магазинде 32 12 8
Ескерту: 1. Қарудың атылуын тексеруге көзделген патрондарды басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады. 2. Қарудың атылуын тексерудi жүргiзудiң қажеттiгiн жылына екi рет ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң бастығы белгiлейдi. 3. Тегiс ұңғылы мылтықтарға арналған патрондар № 7, 8 бытырамен оқталады. 4. Күзеттiң барлық түрлерi үшiн қарудың резервi - әр 10 бiрлiкке қарулануда бар 1 бiрлiк. 5. Оқу мақсаттары мен жаттығулық атуларды өткізу үшiн командаға (отрядқа) 2 оқу винтовкасына, 2 шағын калибрлi винтовкаға және 2 шағын калибрлi тапаншаға рұқсат етiледi. 6. Қазақстан Республикасының екiншi дәрежелi банк мекемелерiнiң мамандандырылған күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң қару-жарағы. Екiншi дәрежелi банк мекемелерiнiң күзетiн жүзеге асыратын, күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi әр қызметкерге 1 қару бiрлiгi есебiнен қаруланады. Сыртқы постыдағы қызметкерлер ойықты оқпен атылатын қарумен (карабин, винтовка) қаруланады. Iшкi постыдағы қызметкерлер қысқа ұңғылы ойықты оқпен атылатын қарумен (тапанша, револьвер) қаруланады.
Қару-жарақтың нормалары
--------------------------------------------------------------------
Қаруға патрондардың нормалары
-------------------------------------------------------------------- 3 Револьверге 14 патрон 28 12 8 Ескертулер: 1. Қарудың атылуын тексеруге көзделген патрондарды басқа мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады. 2. Қарудың атылуын тексерудi жүргiзудiң қажеттiгiн жылына екi рет екiншi дәрежелi банк күзет бөлiмшесiнiң бастығы белгiлейдi. |