|
|
|
Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы (2000.25.01 берілген өзгерістерімен )
Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеуді үйлестіру, өткiзiлетiн салтанатты iс-шараларды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Республикалық деңгейде мыналар аталып өтiледi деп белгiленсiн: жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалардың мерейтойлық және атаулы күндерi, республиканың экономикалық және рухани әлеуетiне аса зор үлес қосқан қызметтiң түрлi саласындағы жекелеген ұйымдардың құрылған жылдықтары; рухани мәдениеттi дамытуға, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi қайраткерлердiң, ғылым мен өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң мерейтойлары. 2. 1) облыстардың, қалалардың, қызметтің түрлi саласындағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзген ұйымдардың мерейтойлары жүз жылдығында және одан әрi әрбiр 25 жылда аталып өтiледi; ҚР Үкіметінің 25.01.00 ж. № 124 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда 2) жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашқы жүз жылдықта - жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтiледi. 3) республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлық және атаулы күндердi мерекелеу Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 3. «Мерейтойларды өткізу мен атаулы даталарды мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 7 маусымдағы № 465 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,1993 ж., № 22, 276-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |