Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелерi (2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 21 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес және ғылым саласында басқару жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеулерді салааралық үйлестіруді күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 3) Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Комитеттің төрағасына екі орынбасары болуға рұқсат берілсін. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыреті шегінде ғылым саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретіне жатқызылған ғылым саласында салааралық үйлестіру жөніндегі арнайы функцияларды жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері ғылым саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесімдеріне, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ осы Ережеге және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде заңнамаға сәйкес шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 5. Комитеттің заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11. 6. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі. 7. Осы ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесімдермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
9. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: елдегі ғылыми-техникалық қызметті үйлестіру және бірыңғай мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты жүргізу; бюджетті болжауды әзірлеу және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру; бюджет қаражаты есебінен іске асыруға жататын мемлекетаралық, мемлекеттік, салалық (секторалдық) ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды іріктеп алу және олардың іске асырылуын және олардың мақсатты қаржыландырылуын мониторингтеу; ғылыми ұйымдар қызметінің мониторингі; мемлекеттік бюджет есебінен және өзге де заңнамада тыйым салынбаған көздерден жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, іргелі және қолданбалы зерттеулердің аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларын, қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру; ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін дамыту; ғылыми қызметтер мен ғылыми-техникалық өнім нарығында бәсекені дамытуға жәрдем ету; өз құзыреті шегінде зияткерлік меншік құқықтарын, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік құпияларды қорғауға жәрдем ету; халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; ғылыми зерттеулер нәтижелерін іске асыруды мониторингтеу. 10. Комитеттің заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар: 1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және заңды тұлғалардан Комитетке жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға; 2) заңды және жеке тұлғаларға Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге; 3) ғылыми зерттеулер нәтижелерінің сараптамаларын, талдауларын, бағалаулары мен сынақтарын жүргізуді ұйымдастыруға және ұсынымдық сипаттағы қорытындылар шығаруға; 4) Комитеттің белгіленген қызмет саласына жатқызылған мәселелерді пысықтау үшін белгіленген тәртіппен ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдік мамандарды тартуға; 5) шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық ұйымдармен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасауға; 6) ғылыми-техникалық қызмет саласында консультативтік-кеңесші және сараптамалық органдар (кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар) құруға; 7) мемлекеттік кәсіпорындар мен өзге де ғылыми ұйымдарды құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге; 8) өз қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға; 9) шет елдердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізуге және шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгізуге; 10) ақпараттық-тұсаукесу іс-шараларын (форумдар, тұсаукесерлер, конференциялар және басқа да іс-шаралар), сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың проблемалық мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге; 11) баспа қызметін жүзеге асыруға.
11. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген және негізгі қорлардан, айналым қаражаты,, сондай-ақ басқа мүліктен құралатын құны мемлекеттік органның теңгерімінде көрсетілетін мүліктің есебінен қалыптастырылады. 12. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 13. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
14. Комитетті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екі орынбасары болады. 15. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. 16. Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда: 1) өз орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Комитеттің штат кестесін бекітеді; 3) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік жазалар қолданады; 5) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды; 6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және заңнамада белгіленген жағдайларда ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларын бекітеді; 7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
17. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің құрылымы
Басшылық Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті дамытуды болжау басқармасы Ғылыми-техникалық бағдарламалар басқармасы Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасы Ғылыми-техникалық қызметті және халықаралық ынтымақтасты ұйымдастыру басқармасы Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бөлімі (дербес) Құқықтық және кадрлық жұмыс бөлімі (дербес)
Yкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
ҚР Үкіметінің 2006.23.08. № 800 (бұр.ред.қара) ; 2006.07.11 № 1057 Қаулыларымен тізбе өзгертілді
1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар 1. ҚР Үкіметінің 2006.23.08. № 800 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Математика, информатика және механика институты 3. ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 438 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Биологиялық зерттеулер орталығы 5. ҚР Үкіметінің 2006.23.08. № 800 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы 7. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы 8. Экономика институты 9. А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты 10. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 11. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 12. Философия және саясаттану институты 13. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 14. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты 15. Орталық ғылыми кітапхана 16. Ғалымдар үйi 17. Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы 2. Мемлекеттік мекемелер 17. Академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы 18. Сейсмология тәжірибе-әдістемелік экспедициясы 3. Акционерлік қоғамдар 19. Орман питомнигi 20. «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы 21. Ғылым қоры
Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірлері 470-6, 470-8, 470-59, 470-61 - 470-65, 470-67, 470-96, 470-157, 470-159, 470-160, 470-161, 470-177 - 470-181-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірлері 470-186 - 470-201 жолдармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірлері 222-32, 222-33-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы кіші бөліммен және реттік нөмірлері 222-34, 222-35-жолдармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi 222-34 «Орман питомнигі» АҚ 222-35 «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ». 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ғылым комитеті»; 10-тармақтың 2) тармақшасында: екінші абзацтағы «, ғылыми, ғылыми-техникалық» деген сөздер алынып тасталсын; үшінші абзацтағы «, ғылыми» деген сөз алынып тасталсын; төртінші абзацтағы «ғылыми, ғылыми-техникалық,» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде: реттік нөмірлері 50-55, 60-66, 69-72, 74, 76-жолдар алынып тасталсын; «2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде: реттік нөмірлері 90, 92-жолдар алынып тасталсын; «3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде: реттік нөмірлері 3, 4-жолдар алынып тасталсын. 4. «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде»: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген реттік нөмірі 12-жолда: «317» деген сандар «387» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
|