|
|
|
Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 859 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған азаматтық әуе кемелерінің жарамдылығы нормалары белгіленсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 6 қыркүйектегі № 779 қаулысымен Бекітілген
Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
Осы әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының авиация техникасының осы заманғы жетістіктерін және оны пайдалану тәжірибесін ескере отырып, азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында әзірленді және әуе кемелерінің конструкциясына, өлшемдері мен ұшу сапасына және оның компоненттеріне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді. Осы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының Нормалары мемлекеттік және салалық стандарттарды, техникалық тапсырмалар мен азаматтық авиация техникасы жөніндегі техникалық шарттарды әзірлеу кезінде мемлекеттік техникалық талаптар болып табылады. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының талаптары авиация техникасын жобалау, өндіру, сынау, сертификаттау және жөндеу кезінде олардың меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының (ведомстволарының), кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің орындауы үшін міндетті.
1. Осы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының Нормаларында мынадай терминдер мен айқындамалар қабылданды: 1) азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының Нормалары (бұдан әрі - Нормалар) - ұшу қауіпсіздігіне қамтамасыз етуге бағытталған әуе кемесінің конструкциясына, өлшемдері мен ұшу сапасына және оның компоненттеріне қойылатын мемлекеттік техникалық талаптар бар құжат; 2) уәкілетті орган - өз құзырет шеңберінде азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді және әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы; 3) азаматтық ұшақтардың ұшу жарамдылығының нормалары жөніндегі комиссия - уәкілетті органның Қазақстан Республикасында әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын үнемі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін консультативті-кеңесу органы; 4) әуе кемесі (бұдан әрі - ӘК) - жер (су) бетінен тойтарылған ауамен өзара әрекеттен айырмасы бар, оның ауамен өзара әрекеті есебінен атмосферада қалықтайтын ұшу аппараты; 5) азаматтық авиация техникасының үлгісі - ӘК, қозғалтқыш немесе өзге де авиациялық жабдық; 6) тапсырыс беруші - азаматтық ӘК-ге тапсырыс беруші және (немесе) оны пайдаланушы Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары; 7) орындаушы (дайындаушы) - ұшақтарды, қозғалтқыштар мен жабдықтарды жобалауды, тәжірибе үшін жасауды және сериялық шығаруды жүзеге асырушы ұйым, кәсіпорын; 8) сертификаттау - ӘК типінің, оның қозғалтқыштары мен жабдығының осы Нормаларға сәйкестілігін белгілеу; 9) типтің ұшу жарамдылығының сертификаты - азаматтық ӘК типінің, қозғалтқышының, жабдығының осы Нормаларға сәйкестілігін куәландыратын құжат; 10) сәйкестілік кестесі - талаптарына ӘК-сі түрлерінің, қозғалтқышының, жабдығының осы Нормалардың сәйкестілігі туралы куәландыратын негізгі құжат; 11) ұшу жарамдылығының сертификаты - уәкілетті орган азаматтық әуе кемелерінің Нормаларға сәйкестігін куәландыратын типтің ұшу жарамдылығының сертификаты негізінде берген құжаты; 12) ұшу жарамдылығының экспорттық куәлігі - ӘК данасының дайындаушы мемлекеттің немесе ӘК тізілімде тұрған тіркеу мемлекетінің ұшу жарамдылығы нормаларының талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат; 13) бұйымдардың жарамдылығы туралы куәлік - қозғалтқыш немесе жабдық типінің осы Нормаларға сәйкестілігін куәландыратын құжат; 14) типтік конструкция - осы Нормаларға сәйкестілігі зауыт, мемлекеттік пен пайдалану сынақтарының нәтижелері бойынша белгіленген ұшақтың конструкциясы; 15) ұшу жарамдылығы - азаматтық әуе кемесінің азаматтық ӘК-нің ұшу-техникалық сипаттамаларына, өлшемдеріне және ұшу сапаларына жауап беретін техникалық жай-күйі; 16) әуе кемесінің ұшуы - ӘК-нің ұшу кезінде екпіндеуінен бастап (тік ұшу кезінде жер немесе су бетінен көтерілуі) жүрісі аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдаусыз босату) немесе тік қону кезінде жер (су) бетіне жанасқанға дейінгі жер (су) бетімен және әуе кеңістігіндегі қозғалысы; 17) ерекше жағдай - қолайсыз факторлардың немесе олардың үйлесімдерінде ықпал етуі нәтижесінде ұшуда туындайтын және ұшу қауіпсіздігін төмендетуге әкелетін жағдай; 18) ұшу жағдайларының қиындауы - экипажға психофизиологиялық жүктелімнің елеусіз көтерілуімен немесе орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларының немесе ұшу сипаттамаларының елеусіз нашарлауын сипаттайтын ерекше мән-жай; 19) күрделі жағдай - экипажға психофизиологиялық жүктелімнің елеулі көтерілуімен немесе орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларының немесе ұшу сипаттамаларының елеулі нашарлауын не пайдалану шектеулерінен тыс ұшудың бір немесе бірнеше өлшемдерінің, бірақ шекті шектеулерге және/немесе есептік жағдайларға жетпей шығуын сипаттайтын күрделі жағдай; 20) авариялық жағдай - экипажға психофизиологиялық жүктелімнің елеулі көтерілуімен немесе орнықтылығы мен басқарылу сипаттамаларының немесе ұшу сипаттамаларының елеулі нашарлауын сипаттайтын не шекті шектеулерді және/немесе есептік жағдайларға жетуге әкелетін ерекше жағдай; 21) апаттық жағдай - ол туындаған кезде адамдардың қаза болуын алдын алу нақты мүмкін болмайтын ерекше жағдай; 22) пайдаланудың күтілетін жағдайлары - осы Нормаларда айқындалған есептік жағдайлар, пайдалану шектеулері мен оны сертификаттау кезінде ӘК-нің осы типі үшін белгіленген ұшудың ұсынылатын режимдері; 23) шекті шектеулер - қандай да болмасын жағдайларда олардан тыс шығуға жол берілмейтін ұшу режимдерінің шектеулері; 24) пайдалану шектеулері - ұшақты пайдалану процесінде олардың шектерінен әдейі шығуға жол берілмейтін өлшемдердің жағдайлары, режимдері мен мәндері; 25) ұсынылатын ұшу режимдері - ӘК-ні ұшу пайдалануы жөніндегі Басшылықта белгіленген пайдалану шектеулері шегіндегі ұшу режимдері; 26) ұшақтың функционалдық жүйесі - тапсырылған жалпы функцияларды орындауға арналған өзара байланысты бұйымдар жиынтығы; 27) істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығу) - осы жай-күйге әкелген себептерге қарамастан оның функциясының белгілі бір бұзылуымен сипатталатын жалпы жүйенің жұмысқа қабілетсіз жай-күйінің түрі.
2. Нормалардың ережелерін сыныптау
2. Осы Нормалар мынадай міндетті Нормаларды, ұсынымдар мен көмекші мәліметтерді қамтиды: 1) міндетті Нормалар (бұдан әрі - Нормалар) - ұшақтың, қозғалтқыш пен жабдықтың, олардың конструкцияларының сипаттамаларына, материалдарға, сынақтарына, қолданыстағы Нормаларды пайдалану тәртібіне қойылатын талаптар. Нормаларды біркелкі қолдану мен бір мәнді түсіндіру ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті, ал оларды сақтау - міндетті шарт ретінде танылады; 2) ұсынымдар - ұшақтың, қозғалтқыш пен жабдықтың, олардың конструкцияларының сипаттамаларына, материалдарға, сынақтарына жататын ережелер. Ұсынымдарды біркелкі қолдану ұшуларды қамтамасыз ету үшін қалаулы, ал оларды сақтау - ұсынылатын шарттар ретінде танылады; 3) көмекші мәліметтер - Нормалар мен ұсыныстар болып табылмайтын және әртүрлі нақты деректер мен анықтамалық ақпаратты қамтитын көмекші мәліметтер.
3. Осы Нормалардың мақсаттылығы мен қолданылуы
3. Осы Нормалар жолаушыларды, почтаны және жүктерді тасымалдауға арналған дыбысқа дейінгі азаматтық құрлық ұшақтарын қамтиды. 4. Нормалар айтылған арнайы мақсаттарға арналған (жүк тасушы, ауыл шаруашылығы, санитарлық, жаттығу, спорттық және т.б.) ұшақтарға қойылатын талаптарды қолдану дәрежесін уәкілетті орган айқындайды. 5. Осы Нормалардың күші импорт пен экспортқа арналған азаматтық ұшақтарға, олардың қозғалтқыштары мен жабдығына (осы Нормалардың 3-тармағын ескере отырып) қатысты болады. 6. Нормадан шегіністер, егер жекелеген Нормалардың орындалмауы ұшу жарамдылықтың баламалы деңгейін қамтамасыз ететін, белгіленген тәртіппен сертификатталған және Орындаушы мен Тапсырыс беруші қабылдаған басқа да шаралармен өтелсе, уәкілетті орган лайық деп тануы мүмкін. 7. Егер қолданыстағы Норма талаптары азаматтық авиация техникасының типтері нұсқасының, оның сынақтарының бағдарламаларының немесе әдістерінің және т.б. қандай да бір сандық немесе сапалық сипаттамаларын уәкілеттік органмен келісуді көзделсе, онда осындай келісуді тікелей уәкілетті орган немесе ол тағайындаған (өкілдік берген) ұйым жүргізеді.
4. Ұшақтарды, қозғалтқыштар мен жабдықты сертификаттауға қойылатын жалпы талаптар
8. ӘК-ні, қозғалтқыштар мен жабдығын сертификаттау азаматтық әуе кемелерін сертификаттау ережесіне сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 1) қозғалтқыштарымен және жабдығымен бірге ұшақ; 2) ұшаққа орнатқанға дейін қозғалтқыштар; 3) ұшаққа орнатқанға дейін жабдық жатады. Ұшақты (оның қозғалтқыштарымен және жабдығымен бірге) ұшақтың осы Нормаларға сәйкестілігі белгіленеді. Қозғалтқыштарды тексеру кезінде олардың осы Нормалардың 92-128 және 203-235 тарауларында айтылған талаптарға сәйкестілігі белгіленеді. ТВҚ сертификаттау кезінде олардың осы Нормалардың 92-128 және 236-260 тарауларында айтылған талаптарға сәйкестілігі белгіленеді. Жабдықты сертификаттау кезінде олардың осы Нормалардың 164-202 тарауларында қосымшаларда айтылған талаптарға сәйкестілігі белгіленеді. 10. Қозғалтқыштарымен және жабдығымен бірге ұшақтың мынадай сынақ түрлерінен: 1) зауыттық; 2) мемлекеттік; 3) пайдалану; 4) қосымша және/немесе бақылау (қажетті жағдайларды) өтуге тиіс. 11. Ұшақтың, қозғалтқыш пен жабдықтың Нормаларға сәйкестілігі оларға қойылатын талаптар Нормалардың тиісті баптарында регламенттелген есептердің, моделдеудің, зертханалық, стендік, жер үсті мен ұшу сынақтарының нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ пайдалану тәжірибесін талдау негізінде белгіленуге тиіс. Орындаушы мен Тапсырыс беруші Нормалардың талаптарына ұшақтың, қозғалтқыш пен жабдықтың сәйкестілігін белгілейді. 12. Дайындаушы уәкілетті органға осы Нормаларға ұшақтың, қозғалтқыш пен жабдық типінің сәйкестілігін растайтын құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, Сәйкестілік кестесін ұсынуға міндетті. 13. Егер зауыттық, мемлекеттік және/немесе пайдалану сынақтарының нәтижелері бойынша бұл типтегі ұшақтың осы Нормалардың талаптарына сәйкестілігі белгіленсе, уәкілетті орган Орындаушы мен Тапсырыс берушінің ұсынымы бойынша Ұшу жарамдылық сертификатын береді.
5. Ұшу жарамдылығына қойылатын жалпы талаптар
14. Осы Нормаларда мыналарды орнатады: 1) ұшақтың ұшу жарамдылығына мемлекеттік талаптарды; Мемлекеттік белгілеген ұшақтың ұшу жарамдылығының деңгейіне осы Нормалардың барлық талаптарын орындаумен қол жеткізеді; 2) ерекше жағдайлардың пайда болуына әкелетін және ұшақтың ұшу жарамдылығын бағалаған кезде қарауға жататын факторлар (жағдайлар мен себептер) осы Нормалардың тиісті тармақтары мен бөлімдерінде көрсетіледі. Ерекше қауіптілік дәрежесі бойынша: ұшу жағдайларын қиындатуға; күрделі жағдайға; авариялық жағдайға; апаттық жағдайға бөлінеді; 3) ұшу жағдайларын қиындату: экипажға психофизиологиялық жүктелімнің елеусіз көтерілуімен немесе тұрақтылығы мен басқарылу сипаттамаларының немесе ұшу сипаттамаларының елеусіз нашарлауын сипаттайтын ерекше жағдай; Ұшу жағдайларын қиындату ұшу жоспарын дереу немесе алдын ала көзделмеген өзгерту қажеттілігіне әкелмейді және оның сәтті аяқталуына кедергі жасамайды; Ұшу жағдайларын қиындатқан кезде ҰПБ нұсқауларына сәйкес (жоғарыда көрсетілген белгілерді сақтаған кезде) ұшу жоспарын өзгертуге рұқсат беріледі; 4) Күрделі жағдайдың авария немесе апатқа ауысуын болдырмауы экипаж мүшелерінің (ҰПБ-ға сәйкес) уақтылы және дұрыс әрекетімен, оның ішінде дереу ұшудың жоспарын, профилін және режимін өзгертумен қамтамасыз етілуі мүмкін; 5) оқиғаның туындау жиілігі бойынша (істен шығулар, істен шығу жай-күйлер, ерекше жағдайлар, сыртқы ықпал етулер) қайталамаларға, баяу ықтималға, аз ықтималға, ең аз ықтималға, іс жүзінде мүмкін емес болып бөлінеді; Оқиғалар туындаудың ықтималдарын сандық бағалау қажет болған кезде қаралып отырған оқиғаның сипатына қарай не ұшудың бір сағатына, не бір ұшуға жатқызылған ықтималдардың мынадай мәндері пайдаланылуы тиіс: қайталамалар -10-3 астам; баяу-ықтималдар - 10-3 - 10-5 диапозонында; аз ықтимал -10-5 - 10-7 диапозонында; ең аз ықтимал -10-7 - 10-9 диапозонында; іс жүзінде мүмкін емес - 10-9 кем; 6) жүйенің нақты істен шығу жай-күйі, егер осындай істен шығулар жалпы жүйенің жұмыс қабілетіне әрбір жағдайда бірдей нәтижелі әсер етсе, жекелеген элементтердің істен шығулар сияқты осы істен шығуларының комбинацияларының салдары болып табылуы мүмкін. 15. Ұшу жарамдылығының белгіленген деңгейіне қол жеткізу үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларында Нормалардың осы және кейінгі баптарында айтылған барлық талаптарды орындау қажет. 16. Пайдаланудың күтілетін жағдайлары: 1) Мына сыртқы ортаның жай-күйінің өлшемдері мен ұшаққа оның ықпал ету факторларын: барометрлік қысымы, ауаның тығыздығы, температурасы және ылғалдылығын; желдің бағыты мен жылдамдығы, ауаның деңгейлес және сатылас екпінділіктері мен олардың градиенттерін; атмосфералық электрдің әсер етуі, мұздануы, бұршақ, қар, жаңбыр, құстар; 2) мына пайдалану факторларын: ұшақ экипажының құрамын; әуеайлақтың класы мен санатын, ШҚЖ-ның өлшемдері мен жай-күйін; ұшақтың барлық көзделген конфигурациялары үшін салмағы мен орта кіндігін; қозғалтқыштардың жұмыс істеу режимдері мен белгілі бір режимдерде жұмыс істеу ұзақтылығын; ұшақты қолдану ерекшеліктерін (жазық, таулы және тұспал жоқ жерде, биік кеңшіліктерде, топырақты әуе айлақтарда ұшуды көру жағдайларында немесе приборлар бойынша орындау); әуе трассаларының, желілерінің және бағыттарының сипаттамаларын; ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жердегі құралдарының құрамы мен сипаттамасын; ұшқан және қонған кезде ауа-райының жақсы болуын; қолданылатын отынды, майды, қосымдыны және басқа жұмсалатын техникалық сұйықтықтар мен газдарды; техникалық қызмет көрсетудің кезеңділігі мен түрлерін, тағайындалған ресурсты, ұшақ қызметінің мерзімі мен оның функционалдық жүйелерін; 3) ұшудың өлшемдерін (режимдерін): ұшудың биіктігін; деңгейлес және сатылас жылдамдылықты; жүктелімдерді; әсер ету, сырғу, крен және тангаж бұрыштарын; ұшақтың көзделген конфигурациялары үшін осы өлшемдердің үйлесімдерін қамтиды. Қажетті жағдайларда пайдаланудың күтілетін шарттарына ұшақтың нақты үлгісін қолдану ерекшеліктерімен айқындалатын басқа да деректерді қамтиды. Пайдаланудың күтілетін жағдайлары ұшақты пайдаланудың шектеулері, жағдайлары мен әдістері ретінде оның пайдалану құжаттамасына енеді. Ескерту. Пайдаланудың күтілетін жағдайларының өлшемдері жиынтығын қарау кезінде ерекше жағдайларды талдау үшін олардың бір мезгілде пайда болу мүмкіндігі ескерілуге тиіс. 17. Пайдалану мен шекті шектеулерді Дайындаушы сыртқы ықпал етулер мен функционалдық істен шығулар мүмкіндігін, ұшақ сипаттамасын, ұшу дәлдігін, сондай-ақ борттық приборлар мен жабдықтың қателіктерін ескере отырып, белгілеуге тиіс. 18. Пайдалану шектеулері ұшу мен жердегі персонал тарапынан бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ететін түрде пайдалану құжаттамасының (ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықтың - ҰПБ, Техникалық пайдалану жөніндегі басшылықтың - ПБ, Техникалық қызмет көрсету регламентінің - ҚР) тиісті бөлімдерінде көрсетілуі тиіс. Шекті шектеулер туралы ақпарат ҰПБ-да келтіріледі. 19. Табиғи ескертуші белгілер болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ұшу кезінде экипажды пайдалану шектеулерін жақындағанын немесе жеткенін ескертуді қамтамасыз ететін жасанды құралдармен жабдықталуға тиіс. Егер ұшақтың сипаттамалары, табиғи белгілері мен жасанды құралдары тиімді ескертуді қамтамасыз етпесе, онда ұшақ шекті шектеулерден тыс әдейі емес шығуын болдырмайтын арнайы құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Ескертулер. 1. Экипажды пайдалану шектеулердің жақындағанын немесе жеткенін ескертуші құралдарға: 1) рұқсат берілетін диапозондарды бөле отырып, көрсеткіштер шкалаларына белгі қою; 2) тактильдік, жарық пен дыбыс дабыл берушілер және т.б. жатады. 2. Шекті шектеулерден тыс әдейі емес шығуды болдырмайтын арнайы құрылғыларға: 1) күштерді және иінтіректер мен басқару органдарын өзгерту тетіктері; 2) датчиктар немесе шекті режимдерді есептеуіштердің және т.б. сигналдары бойынша басқару органдарының автоматты ауытқу құрылғылары жатады. 3. Приборлардан тікелей жақындықта осы приборлар бақылайтын өлшемдердің пайдалану шектеулерінің диапозонын белгілей отырып, жазбаларды (кестелерді) белгілеу ұсынылады. 20. Пайдалану шектеулерін тыс шыққаннан кейін (шекті шектеулерден аспай) ұшақтың пайдалану шектеулеріне немесе ұсынылатын режимдерге қайтуы экипаждан ерекше кәсіби шеберлікті, шектен тыс күштерді қолдануды және (немесе) ұшудың керемет тәсілдерін талап етуі тиіс емес. 21. ҰПБ-ға сәйкес экипаждың әрекеті кезінде пайдаланудың күтілетін жағдайларында: 1) апаттық жағдайдың туындауына әкелетін кез келген істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығуы) іс жүзінде мүмкін емеске қарағанда жиі емес оқиға ретінде бағаланатын немесе істен шығу жай-күйлерінен (функционалдық істен шығуларынан) туындаған жиынтық мүмкіндігі ұшудың бір сағатына 10-7-ге сәйкес мәнінен жалпы ұшақ үшін аспайтын; 2) істен шығу жай-күйлерінен (функционалдық істен шығуынан) пайда болған апаттық мән-жай туындауының жиынтық мүмкіндігі ұшақ үшін ұшудың бір сағатына 10-6-дан аспайтын; бұл ретте апаттық жағдайдың туындауына әкелетін кез келген істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығу) іс жүзінде мүмкін емеске қарағанда жиі емес оқиға ретінде бағаланатын; 3) істен шығу жай-күйлерінен (функционалдық істен шығуынан) пайда болған қиын жағдайдың туындауының жиынтық мүмкіндігі ұшақ үшін ұшудың бір сағатына 10-6-дан аспайтын; бұл ретте апаттық жағдайдың туындауына әкелетін кез келген істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығу) іс жүзінде мүмкін емеске қарағанда жиі емес оқиға ретінде бағаланатын болып ұшақ жобалануы және құрастырылуы тиіс. Олардың туындауына әкелетін ұшу жағдайларының барлық қиындықтары мен істен шығу жай-күйлері (функционалдық істен шығулары) ұшудағы экипаждың іс-қимылы бойынша тиісті ұсынымдарды пысықтау үшін талдауға жатады. 1-ескерту. Ерекше жағдайлардың туындау мүмкіндіктерінің мәндері үлгілік ұшудың ұзақтығын ескере отырып, есептелуі тиіс. 2-ескерту. Ерекше жағдайларды талдау функционалдық жүйелердің өзара әсерін ескере отырып, жүргізілуі тиіс. 3-ескерту. Ұшу жағдайларын қиындатуға әкелетін кез келген істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығу) қайталанатын оқиғаларға жатпайтындай болғаны жөн. 22. Функционалдық жүйенің істен шығуының жай-күйі (функционалдық істен шығу) мынадай жағдайлардың біреуі орындалса нақты мүмкін емес оқиғаға жатқызылуы мүмкін: 1) көрсетілген жағдай тәуелсіз жалғаспалы істен шығудың екі және одан да көп үйлесімі болып табылады және ұшудың бір сағатына 10-9-дан кем ықтималымен пайда болады; 2) көрсетілген жай-күй нақты механикалық істен шығудың (бұзылу, сыналану) салдары болып табылады және Дайындаушы іс жүзінде схема және шынайы конструкцияны, пайдаланудың ұзақ кезеңі үшін осындай конструкцияларды статистикалық бағалау материалдарын, сондай-ақ тағайындалған ресурстың шегінде сертификатталған объектіні пайдаланған кезде осы Нормаларда белгіленген тиісті талаптарды ескере отырып, және техникалық қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдері мен тәртібіне сәйкес мықтылығын, төзімділігін және өміршеңдігін талдау арқылы осындай жай-күйдің туындауының нақты мүмкін еместігін негіздейді. Ескерту. Егер сертификаттау кезінде істен шығу жай-күй (функционалдық істен шығуы) іс жүзінде мүмкін емес оқиғалардың санатына жататыны көрсетілсе, онда осындай оқиға осы Норманың 20-тармағы бойынша ерекше жағдайлардың одан әрі талдауынан алынып тасталуы мүмкін. 23. Апаттық жағдайды туындататын істен шығу жай-күйіне (функционалдық істен шығуына) қолданбалы ұшақтың осы Норманың 21-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін дәлелдеу үшін мынадай талаптардың біреуі қосымша орындалуы тиіс: 1) бар тәжірибе осы істен шығу жай-күйін ең аз ықтимал екендігін немесе 2) екі және одан да көп тәуелсіз жалғаспалы істен шығулардың нәтижесінде туындайтын істен шығу жай-күйі немесе 3) осы Норма 22-тармағының 2) тармақшасының талабы орындалды деп санауға мүмкіндік береді. 24. Егер істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығуы) қиын немесе апаттық жағдайдың туындауына әкелген және іс жүзінде мүмкін емес санатына жатқызылмаған жағдайда экипаж ҰПБ-да нұсқама берілген әрекеттерді орындау үшін істен шығудың уақтылы табу мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ескерту. Экипаж істен шығуды уақытылы табуы мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бақылауда болатын өлшемдер ретінде Нормаланған мәнінен ауытқуы істен шығудың туындауымен ілеспейтін, ал оның жақындағанын ескертетін өлшемдерді таңдау ұсынылады. 25. Егер істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығуы) қиын немесе авариялық жағдайдың туындауына әкелген және іс жүзінде мүмкін емес санатына жатқызылмаған жағдайда ҰПБ авариялық жағдайдың апатқа ауысуын болдырмау үшін экипаж барлық мүмкін шараларды қабылдауға жағдай жасайтын ұсынымдарды қамтуы тиіс. Көрсетілген ұсынымдар мүмкіндігінше ұшу сынақтарында тексерілуі тиіс. Ұшу тексерісі ұшақтың бұзылуымен, қатердің ерекше жоғары дәрежесімен байланысты немесе көпе-көрнеу орынсыз болған жағдайларда әзірленген ұсынымдар конструкциясы бойынша сертификатталуға жақын басқа ұшақтардың пайдалану тәжірибесін талдау нәтижелерімен, сондай-ақ тиісті зертханалық, стендтік сынақтардың, моделдеу мен есептердің нәтижелерімен расталуы тиіс. 26. Егер істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығуы) қиын немесе қиын жағдайдың туындауына әкелген және іс жүзінде мүмкін емес санатына жатқызылмаған жағдайда ҰПБ экипажға осы жағдайда ұшуды аяқтау жөнінде нұсқауларды қамтуы тиіс. Қиын жағдайлардағы іс-қимыл бойынша ҰПБ-ның нұсқаулары ұшу сынақтарында тексерілуге тиіс және қайтуы экипаждан ерекше кәсіби шеберлікті, шектен тыс күштерді қолдануды және (немесе) ұшудың керемет тәсілдерін талап етуге тиіс емес. 27. Егер істен шығудың жай-күйі (функционалдық істен шығуы) қиын немесе ұшу жағдайларын қиындатудың туындауына әкелген жағдайда ұшуды пайдалану жөніндегі басшылық экипажға ұшуды жалғастыру, жүйелерді пайдалану тәсілдері мен ұшуда ақауларды тәсілдеу жөніндегі нұсқауларды қамтуға тиіс. Егер, бұл ретте, істен шығу жай-күйі (функционалдық істен шығуы) ұшуға әсер етсе, онда ҰПБ-ның ұсынымдары ұшу сынақтарымен тексерілуге тиіс. 28. Ұшақта кемінде екі қозғалтқыш (марштардың) болуы тиіс. Күштік қондырғы мен қозғалтқыштың (отынды, май, электр және т.б.) жұмыс істеуін қамтамасыз етуші жүйелерінің кез келген істен шығуы кемінде бір қозғалтқыштың істен шығуына әкелуі тиіс емес. 29. Басқару жүйелері сипаттамасының крейсерлік ұшу биіктігінде барлық қозғалтқыштардың жалғаспалы істен шығуы мен өздігінен ажыратылуы, сондай-ақ ұшақтың сипаттамасы төмендеуді, түзеуді және жерге қонуды (суға қонуды) орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Ескерту. Бұл жағдайда қозғалтқыштардың сыналану типінде істен шығуы қаралмайды. 30. Ұшақ экипажының құрамы (экипаж мүшелерінің саны мен олардың кәсіби құрамы) ҰПБ-да барлық ұйғарылған операциялардың ұшудың әрбір кезеңіндегі уақытының ішінде орындалуын қамтамасыз етуге тиіс, бұл ретте ұшуға жіберілген тұлғаның саны кем дегенде екеу болуы тиіс. Экипаж кабинасында ұшудың барлық кезеңдерінде олардың кез келгені ұшу мүмкіндігін қамтамасыз ететін кем дегенде екі жұмыс орны болуға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |