Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша бірінші кезектегі заңнамалық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы № 916 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша бірінші кезектегі заңнамалық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша), Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 8 қазандағы
№ 916 қаулысымен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру бойынша бірінші
кезектегі заңнамалық іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқтау ысаны | Орындаушы | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Конституциялық Кеңесті қалыптастыру тәртібін анықтау, Конституциялық Кеңестің құзыретін Парламент және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарау бойынша, Конституциялық Кеңес шешімдерінің іске асырылу тетіктерін айқындау бойынша, атап айтқанда нормативтік қаулылардың міндетті түрде орындалуын, бұл туралы хабардар етудің тәртібі мен мерзімі, Конституциялық Кеңес ұсынымдарының мәртебесін регламенттеу мен оларды іске асыру тәртібін көздей отырып толықтыру бөлігінде «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу | Конституциялық заң жобасы | Әділетмині, КК (келісім бойынша) | 2007 жылғы қараша |
2 | Парламенттің құзыретін нақтылау және Конституцияға өзгерістер енгізудің жаңа тәртібін белгілеу бөлігінде «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу | Конституциялық заң жобасы | Әділетмині, ОСК (келісім бойынша) | 2007 жылғы қараша |
3 | Мемлекеттік тілдегі актінің атауында және мәтіні бойынша «нышандары», «нышандарының», «нышандарын», «нышандарына» деген сөздерді «рәміздері», «рәміздерінің», «рәміздерін», «рәміздеріне» деген сөздермен ауыстыру бөлігінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу | Конституциялық заң жобасы | Әділетмині (жинақтау), МАМ | 2008 жылғы ақпан |
4 | Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастыру мәселелерін және қызметін реттеуді, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін функцияларды мемлекеттік қаржыландыруды көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу | Заң жобасы | Әділетмині (жинақтау), ЭБЖМ, АШМ | 2007 жылғы желтоқсан |
5 | Басқа соттарды құру тәртібін бекіту, судьяларды тағайындау тәртібін қайта қарау және сот алқаларының төрағаларына өкілеттік беру, оларды қызметке Президенттің тағайындауымен сот алқаларының мәртебесін, олардың өкілеттіктерін бекіту бөлігінде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу | Конституциялық заң жобасы | Әділетмині, ЖС (келісім бойынша) | 2007 жылғы қараша |
6 | Соттарды тағайындау тәртібін қайта қарау бөлігінде «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізу | Заң жобасы | Әділетмині, ЖС (келісім бойынша) | 2007 жылғы қараша |
7 | «Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу | Заң жобасы | Әділетмині, (жинақтау), ЖС (келісім бойынша) | 2007 жылғы қараша |
8 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының Парламентте өтуін қамтамасыз ету | Президент Әкімшілігіне ақпарат енгізу | ПМК (жинақтау), Әділетмині, ІІМ, ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Парламент заң жобасын қабылдағанға дейін. Бірінші ақпарат - 2007 жылғы қазан |
9 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық бастамашылық жасау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу Іске асыру шаралары: осы іс-шараның шеңберінде мынадай заңнамалық актілерге: 1. Президент енгізетін заңнамалық актілер үшін Үкіметтің қорытынды беру қажеттілігінің болмауы бөлігінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне; 2. Мемлекет басшысында заңнамалық бастамашылық құқығының болуы туралы норманы енгізу бөлігінде «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеу | Заң жобасы | Әділетмині | 2008 жылғы ақпан |
10 | «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу Іске асыру шаралары: осы іс-шараның шеңберінде Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеу | Заң жобасы | Әділетмині (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), КК (келісім бойынша), БП (келісім бойынша) | 2007 жылғы қараша |
11 | Мәслихаттардың рөлін күшейту, Президенттің мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен шартын бекіту, мәслихаттардың Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату бойынша өкілеттігін іске асыру тәртібін белгілеу, мәслихаттың құзыретіне сәйкес жергілікті өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру мәселесін және қызметін реттеуді, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін функцияларды мемлекеттік қаржыландыруды көздейтін, Заңмен регламенттелетін норманы енгізу бөлігінде «Қазақстан Республикасын- дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу | Заң жобасы | Әділетмині | 2007 жылғы желтоқсан |
12 | Үкіметтің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 464 қаулысымен енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламенттен кері қайтарып алып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу Іске асыру шаралары: осы іс-шараның шеңберінде мынадай заңнамалық актілерге: 1. Қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттің қаржыландыруы- на тыйым салуын алып тастау бөлігінде «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы» заңдарға; 2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне саяси партияларды мемлекеттік қаржыландырудың тетіктерін, шарттары мен көлемін белгілеу бөлігінде; 3. Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерін тағайындаудың жаңа тәртібін белгілеу бөлігінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы , «Әділет органдары туралы», Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» заңдарға; 4. Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындаудың жаңа тәртібін белгілеу бөлігінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеу | Заң жобасы | Әділетмині (жинақтау), МАМ, ІІМ, СІМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша) | 2008 жылғы ақпан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
КК - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ОСК - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы