Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 932 Қаулысы
(2009.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
№ 932 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2009.20.07. № 1101 қаулысымен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту жоспары
Р/с № | Іс шаралар | Аяқ-талу нысаны | Орындауға (іске асыруға) жауаптылар | Орындау (іске асыру) мерзімі | Болжамды шы- ғыстар (мың теңге) | Қаржыландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Қазіргі заманғы инфрақұры- лымды, оның ішінде прог- рессивті технологиялар мен материалдарды дамытудың әлемдік үрдістерін талдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ (жинақтау), ККМ, АБА, ЭМРМ, АШМ, ИСМ, «Самғау» холдингі» АҚ | Жыл сайын 30 қаңтар 30 маусым | Талап етілмейді | |
2. | Қолданыстағы стратегиялық және бағдарламалық құжат тарды іске асыруды қазіргі заманғы талаптар мен сұранысқа сәйкестігі мәніне талдау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ (жинақтау), ККМ, АБА, ЭМРМ, АШМ, ИСМ, «Самғау» холдингі» АҚ | Жыл сайын 30 қаңтар 30 маусым | Талап етілмейді | |
3. | Серпінді макрожобаларды іске асыруды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ, ККМ, АБА, ЭМРМ, АШМ, «Самұрық» холдингі» АҚ, «Самғау» холдингі» АҚ, ҚазАгро» холдингі» АҚ | Жыл сайын 30 қаңтар 30 маусым | Көлемі жобалар- ды пысықтаудың шамасына қарай айқындалатын болады | Бюджеттен тыс қаражат |
4. | Азаматтық авиация саласын дамыту жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешенін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | ККМ | 2008 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
5. | Қазіргі заманғы телекомму- никация саласын дамыту жө- ніндегі 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешенін әзірлеу | Қазақстан Республикасыны Үкіметіне ұсыныс | АБА (жинақтау), «Самғау» холдингі» АҚ | 2008 жылғы тамыз | Талап етілмей- ді | |
6. | Қазақстан Республикасы аумағына ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу жөніндегі дай- ындық іс-шараларын жүргізу, оның ішінде: | ЭБЖМ-ге ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 15 қаңтар, 2008 жылғы 15 шілде | 29974 | Республикалық бюджет |
6.1. | Қазақстан Республикасының бас схемасын әзірлеу және келісу тәртібін айқындау жөнінде ұсы- ныстар дайындау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | ИСМ | 2008 жылғы желтоқсан | Талап етілмейді | |
6.2. | 3.01-07-2001 «Қазақстан Республикасындағы қала құ- рылысы жобаларының құрамы, оларды әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқаулық» Қазақстан Республикасының ҚНЕ өзгерістер енгізу | ЭБЖМ-ге ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 15 қаңтар, 2008 жылғы 15 шілде | 4760 | Республикалық бюджет |
6.3. | Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу және белгіленген тәртіппен келісу | ЭБЖМ-ге ақпарат | ИСМ | 2008 жылғы 15 қаңтар, 2008 жылғы 15 шілде | 25214 | Республикалық бюджет |
7. | Еуропа-Азия бағытында бір- ыңғай транзит жүйесін құрудың халықаралық инвестициялық мега-жобасын іске асыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | ККМ (жинақтау), СІМ, Әділетмині, Қаржымині, ЭБЖМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Самғау» холдингі» АҚ, Қазына» орнықты даму қоры» АҚ, «ҚазАгро» АҚ, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП | 2008 жылғы шілде | Талап етілмейді | |
8. | Бюджет қаражатын тиімді пайдалануды бағалауды ұсына отырып, бағдарламалық құжаттардың қаржылық қам- тамасыз етілуін бағалау | ЭБЖМ-ге ақпарат | ККМ, АБА, ЭМРМ, АШМ, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ, «Самғау» холдингі» АҚ | Жыл сайын 15 қаңтар 15 маусым | Талап етілмейді | |
9. | Мультимодальды тасымалдауды дамыту жөнінде шаралар кешенін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | ККМ | 2009 жыл | Талап етілмейді | |
10. | Әзірленген Қазақстан Республи- касының аумағын ұйым- дастырудың бас схемасын ескере отырып, қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды түзету | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мүдделі мемлекеттік органдар | 2011 жыл | Талап етілмейді | |
11. | Қазақстан Республикасының почта саласы мен почта жи- нақтау жүйесін дамыту жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған шаралар кешенін әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс | АБА, «Самғау» холдингі» АҚ | 2010 жыл | Талап етілмейді | |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттікжоспарлау министрлігі |
Әділетмині | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
Қаржымині | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
ККМ | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияминистрлігі |
ИСМ | - Қазақстан Республикасы Индустрия және саудаминистрлігі |
СІМ | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
ЭМРМ | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдықресурстар министрлігі |
АШМ | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығыминистрлігі |
АБА | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру жәнебайланыс агенттігі |
«Самұрық»холдингі» АҚ | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқаружөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғам |
«Қазына»ОДҚ» АҚ | - «Қазына» орнықты қоры дамыту» акционерлік қоғамы |
«Самғау»холдингі» АҚ | - «Самғау» мемлекеттік холдингі» акционерлік қоғамы |
«ҚазАгро» холдингі» АҚ | - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамы |
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП | - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалықпалатасы» заңды тұлғалар бірлестігі |
ҚНЕ | - құрылыс нормалары мен ережелері |