Кредиттік бюролардың ақпаратты және мәліметтерді беру ережесін, мерзімін және көлемін бекіту туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 278 Қаулысымен күші жойылды
Кредиттік бюролардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген Кредиттік бюролардың ақпаратты және мәліметтерді беру ережесі, мерзімі және көлемі бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова): 1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны кредиттік бюроларға, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін. 4. Ақпараттық технологиялар басқармасы (А.Ж. Бейсенбаев) 2008 жылғы 1 қазанына дейін кредиттік бюролардың есептілігін жинау бойынша программалық қамтамасыз етудің әзірлеуін қамтамасыз етсін. 5. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|