Осы редакция 2007 жылғы 7 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Электрондық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң салық есептiлiгiн жасау және табыс ету ережелерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетi Төрағасының 2004 жылғы 9 сәуiрiнен № 165 бұйрығына 2-қосымша Электрондық мониторингке жататын жинақтаушы 1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген электрондық мониторингке жататын жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - қор) салық есептілігiн жасау және табыс ету тәртібін көздейдi. 2. Салық төлеушілердің мониторингi (бұдан әрi - мониторинг) салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзiндiк құнын қалыптастырудың негiзділігiне талдау жүргiзу, Қазақстан Республикасының қаржы, валюта заңдарын және қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушiлердің қаржы-шаруашылық қызметiне байқау жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады. 3. Мониторинг салық мiндеттемелерiнің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттік органның (бұдан әрi уәкiлеттi мемлекеттік орган) орталық серверiнің дерек қорына деректердi берудің электрондық жүйесi арқылы салық төлеушiлерден негiзгi қаржы-экономикалық және салықтық көрсеткiштер бойынша ақпарат жинау жолымен жүзеге асырылады. Мониторингтi: 1) республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлер бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган; 2) өңiрлiк мониторингке жататын салық төлеушiлер бойынша облыстар, Астана, Алматы қалалары және "Астана - жаңа қала" бойынша салық комитеттерi (бұдан әрi - салық комитеттерi) жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|