Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы (2009.20.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Әділет министрлігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығымен күші жойылды
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтары күшін жойды деп танылсын. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі 2007 жылғы 24 тамыз
Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығымен Бекітілген
Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Осы Ережеде құқықтық кадастрдан сауалдарда бар жылжымайтын мүлікке және тіркеудің өзге де объектілерінде қазіргі бар және тоқтатылған құқықтар, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында (бұдан әрі - Тіркеуші орган) азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы ақпаратты ұсынудың тәртібін, негіздемесін, шарттары белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|