Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік (2006.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (бұдан әрi Комитет) туралы ереже; 2) Комитеттiң құрылымы; 3) Комитеттiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. 2. Комитеттiң төрағасына бiр орынбасары болуға рұқсат берiлсiн. 1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 21 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 7-құжат); 2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" және "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемелерiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 наурыздағы № 366 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасының; 3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 9 желтоқсандағы № 1293 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзыреті шегінде бақылау, қадағалау және іске асыру функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 760 қаулысымен 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (01.01.06.қолданысқа енеді) 2. Комитеттiң мынадай аумақтық көлiктегi мемлекеттік бөлiмшелерi бар: көлiктегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасы; өңiрлiк темір жол және әуе көлiгіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармалары; бөлiмшелiк темір жол көлігіндегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармалары. 3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен бұйрықтар шығарады. ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 760 қаулысымен 5 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (01.01.06.қолданысқа енеді) 5. Комитетті, көлiктегi аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарын қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады. 6. Комитет заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлерi, мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында және банктерде шоттары болады. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Комитеттiң, егер ол заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 7. Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Комитетке кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi. 8. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Мәскеу көшесi, 66. 9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мемлекеттік мекемесi. 10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 2. Комитеттің функциялары мен құқықтары ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 11. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады: 1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау-қадағалау функциялары: Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру; халықты жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге байланысты қызметті жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын жұқпалы және паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан, адамның денсаулығына қауіптілігі ықтимал өнімді, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттарды әкелуден санитарлық қорғау; халықтың иммунитетін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар беру; 2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы функциялар: Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын шешімдер қабылдау; тамақтан улану, жұқпалы, паразиттік және басқа да аурулар, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу; мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін үйлестіру; мемлекеттік органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнінде ұсыныстар енгізу; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалары іске асыру жөнінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; гигиеналық нормативтерді және мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін регламенттейтін құқықтық актілерді бекіту; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексерудің дүркіндігін белгілеу; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қою; Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауіп төндіретін химиялық, биологиялық заттардың тізілімін және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін жасау және жүргізу; өнімге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттік стандарттар жобаларын келісу; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру, олардың орындалуына қатысу, ғылыми жетістіктерді практикалық қызметке енгізу; салауатты өмір салтын насихаттауға қатысу және халықты аурулар, тіршілік ету ортасының жай-күйі және өткізілетін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық модификацияланған көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу жөнінде сараптамалық комиссиялар құру; балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық модификацияланған көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін мерзімді баспа басылымдарында жариялау; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу; гигиеналық оқытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру; санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу; жұқпалы, паразиттік, кәсіби және басқа да аурулар мен улануларды тіркеуді жүзеге асыру; егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларын баламалы ретінде тану; халықаралық практикада қауіп-қатерді бағалаудың жалпыға бірдей қабылданған әдістерін есепке ала отырып, қауіп-қатерді бағалауды жүргізуге құқылы барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындау; аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды немесе олардың бөліктерін айқындау; жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу; санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын мерзімді аттестаттауды, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің республикалық ұйымдарының басшыларын кәсіби құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізу; санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына жоғары және бірінші біліктілік санатын беруді жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 12. Негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет өз құзыретінің шегінде: 1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге; 2) тұжырымдамаларды, стратегияларды, даму жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге; 3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бәсекелестікті дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуге; 4) халықтың жекелеген топтарына эпидемиологиялық көрсеткіштер мен санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды реттеу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, алдын ала егулерді жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге; 5) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша ақпарат сұратуға және алуға; 6) халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шаруашылық қызметте әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға; 7) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, сондай-ақ медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарымдар шығаруға; 8) шектеу шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеуге; 9) жұқпалы және паразиттік аурулардың ықтимал таратушы көздері болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласқан адамдарды зертханалық тексеру нәтижелері алынғанға дейін оларды жұмыстан шеттете отырып, медициналық тексеруге жіберуге; 10) жұқпалы және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды міндетті түрде ауруханаға жатқызуға жіберуге; 11) халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап етуге; 12) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұруға; 13) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен шикізаттың барлық тyрлерін, технологиялық жабдықтарды, процестерді, құрал-саймандарды, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін, өнеркәсіптік бұйымдарды, құрылыс материалдарын, азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен араласатын иондаушы сәулелену көздерін, биологиялық және дәрілік заттар мен препараттарды, ыдыстарды, орамаларды, пластикалық, полимерлік және басқа да материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды және басқа да кеңінен тұтынатын тауарларды өндіруге, қолдануға, сатуға тыйым салуға; 14) белгіленген тәртіппен тіркелмеген балалардың тамақ өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, химиялық заттарды, иондаушы сәулелену көздерін, медициналық және биологиялық препараттарды өндіруге, пайдалану мен қолдануға тыйым салуға; 15) адам денсаулығына зиянды әсері анықталған жағдайда тамақ өнімдерін өндіру және өңдеу кезінде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауда материалдар мен реагенттерді қолдануға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларды өсіру стимуляторларын, парфюмерлік-косметикалық өнімді қолдануға тыйым салуға; 16) қолдануға жарамсыз деп танылған жағдайда ауыз сумен және шаруашылық сумен жабдықтау үшін суды, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін пайдалануға тыйым салуға; 17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға; 18) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзған жағдайда, оларға қаулымен тәртіптік жаза қолдануға; 19) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткізуге; 20) жеке және заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің заңды талаптарын орындамаған жағдайда оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа шағымдануға; 21) Қазақстан Республикасының ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға; 22) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерін қызметке тағайындау мен қызметтен босатуға келісуге; 23) Комитеттің жанынан консультативтік-кеңесші органдары мен сараптау комиссияларын құруға құқылы.
13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүлiктен тұрады. 14. Комитетке бекiтілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттiң өзiне бекiтілiп берілген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді 16. Комитетті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып табылатын төраға басқарады. 17. Комитет төрағасының санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 18. Комитеттің төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi. 19. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы: 1) өзінің орынбасарлары мен Комитет бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн, өкілеттілiктерi мен жауапкершілiгiн белгілейдi; 2) заңнамаға және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитет орталық аппаратының қызметкерлерi мен көлiктегi аумақтық бөлiмшелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады; 4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Комитетті бiлдiредi; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілiктердi жүзеге асырады. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi Органдар ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 760 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) (01.01.06.қолданысқа енеді) 1. Аумақтық көлiктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары: ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 760 қаулысымен 1 тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (01.01.06.қолданысқа енеді) 1) Оңтүстiк-Шығыс өңiрлiк темір жол көлiгіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге: Шымкент бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Жамбыл бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Семей бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Защита бөлiмшелiк темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 760 қаулысымен 2 тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (01.01.06.қолданысқа енеді) 2) Көлiктегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге: Қостанай бөлiмшелiк темір жол көлiгiндегі мемлекеттік анитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Қарағанды бөлiмшелiк темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Павлодар бөлiмшелiк темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Жаңаарқа бөлiмшелiк темір жол көлігіндегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Көкшетау бөлiмшелiк темір жол көлігіндегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Атбасар бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 760 қаулысымен 3 тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (01.01.06.қолданысқа енеді) 3) Батыс өңiрлiк темір жол көлiгіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге: Атырау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Орал бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Қызылорда бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; Маңғыстау бөлiмшелiк темір жол көлігіндегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; 4) Оңтүстік-Шығыс өңiрлiк әуе көлігіндегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы; 5) Солтүстік-Батыс өңiрлiк әуе көлігіндегi мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы. Мемлекеттік мекемелер 2. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер: ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 760 қаулысымен 1 тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (01.01.06.қолданысқа енеді) 1) Оңтүстiк-Шығыс өңiрлiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, төменде санамаланған аумақтық бөлімшелерiмен бiрге: Шымкент бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Жамбыл бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Семей бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Защита бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 760 қаулысымен 2 тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) (01.01.06.қолданысқа енеді) 2) Көлiктегi бас санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, төменде санамаланған аумақтық бөлiмшелерiмен бірге: Қостанай бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Қарағанды бөлiмшелiк темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Павлодар бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Жаңа Арқа бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Көкшетау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Атбасар бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; 3) Батыс өңiрлiк темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы төменде көрсетілген аумақтық бөлiмшелерiмен бiрге: Атырау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Орал бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Қызылорда бөлiмшелiк темір жол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Маңғыстау бөлiмшелiк темір жол көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; 4) Оңтүстік-Шығыс өңiрлiк әуе көлiгіндегi санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; 5) Солтүстiк-Батыс өңiрлiк әуе көлiгіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы. Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң құрылымы 1. Басшылық 2. Эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2.1. Эпидемиологиялық бақылау бөлiмi 2.2. Карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар бөлiмi 3. Санитарлық-гигиеналық бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық нормалау басқармасы 3.1. Санитарлық-гигиеналық бақылау бөлiмi |