|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы (2014.20.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 548 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2014.20.03. № 249 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізу ережесін және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 137-құжат): тақырыптағы және 1-тармақтағы «және кепіл» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізу ережесінде және оның мөлшерінде: тақырыптағы және мәтін бойынша «және кепіл» деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |