|
|
|
Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы (2022.08.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 34 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.26.10. № 850 Қаулысымен (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы №1061 қаулысымен бекітілген
Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының астанасында жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 2. Ереже Қазақстан Республикасы астанасының аумағында қолданылады. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) астананың көлік органы - астана аумағында көлік саласындағы реттеуді жүзеге асыруға астана әкімі уәкілеттік берген жергілікті атқарушы орган; 2) маршрут - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру процесінде айқындалған, белгіленген бастапқы, аралық және соңғы пункттер мен қозғалыс кестелерінің арасында жүретін жол; 3) маршруттың схемасы - аялдама пункттері, олардың арасындағы арақашықтық, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетіле отырып, бағытты графикалық түрде шартты бейнелеу; 4) борт журналы - жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралының рейс алдында техникалық қарап-тексеруден әрі жүргізушінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өткені туралы белгілер қойылатын, автокөлік құралында болатын нөмірленген және тігілген журнал; 5) жол жүру құжаты (билет) - ресімдеу арқылы жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат (бұдан әрі - билет); 6) жол полициясы - астанада жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы арнайы функцияларды жүзеге асыратын аумақтық ішкі істер органы; 7) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункті (аялдама пункті) - осы Ереженің талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған орын; 8) багаж - Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде буып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі; 9) қозғалыс кестесі - жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбір аялдама пункті бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәліметтер қамтылған кесте. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Ұйымдастыру сипатына қарай жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау тұрақты, тұрақты емес және таксимен тасымалдау болып бөлінеді. 5. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды астананың көлік органы бекіткен бағыттар бойынша автобустар мен шағын автобустар жүзеге асырады. Қалалық бағыттарда жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын көлік құралдары (автобустар немесе шағын автобустар) күні бұрын белгіленеді. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырған кезде тасымалдаушы автокөлік құралына жол парағын ресімдеп, жүргiзушiнің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ автокөлік құралының техникалық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметтерді енгізеді. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) 6-1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автокөлік құралдарын тасымалдауды ұйымдастырушыға автокөлік құралының қазіргі тұрған жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беретін спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықтауды қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау лицензиарға берілген лицензияға қосымшада көрсетілген автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жолаушылар тасымалы жүзеге асырылатын автобустардың, шағын автобустардың жылжымалы құрамының бірлігі өзгерген жағдайда лицензияға қосымша қайта ресімделуге тиіс. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8. Жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдау біржолғы сипаты бар тасымалдау, тапсырыс берілген автобустармен, шағын автобустармен тасымалдау болып бөлінеді. 9. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық тексеруден өткен автокөлік құралдары жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаған кезде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін және кемінде екі жолаушы есігі бар автобустар мен шағын автобустар пайдаланылады. 11. Астананың тұрақты қалалық бағыттарында қызмет көрсету мерзімі 14 жылдан аспайтын автобустар пайдаланылады. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 855 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдарының салонында мыналарды: 1) тасымалдаушының толық атауын; 2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының, сондай-ақ жол полициясының байланыс телефондарының нөмірлерін; 3) маршрут схемасының көшірмесі мен қозғалыс кестесін; 4) маршрут бойынша жол жүруге және багажды алып жүруге белгіленген тарифті; 5) ақы төлемей жол жүргені және/немесе багажды алып жүргені үшін белгіленген айыппұлдың мөлшерін; 6) жолаушылардың құқықтары мен міндеттерін; 7) тыйымдар туралы ақпарат бар және арнайы орындар белгіленген пиктограммаларды қамтитын ақпараттық табло орналастырылады. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автокөлік құралдары аялдамаларды жариялайтын автоматтандырылған дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталады. 13. Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары кезінде пайдаланылатын автобустардың алдыңғы және артқы жақтарында бағыт нөмірі көрсетіле отырып, белгіленген үлгідегі трафареттер орнатылады. Бағыттың нөмірі ашық сары түсті аяда қара түспен (қаріптің биіктігі кемінде 120 мм). жазылуы тиіс. Жедел тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда трафаретте бағыт нөмірінің астында қызыл түсті (қаріптің биіктігі кемінде 60 мм) «Жедел» деген жазу болуы тиіс. 14. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық бағыттардағы автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын автобустар салонының оң жағында жолаушы есіктерінің бірінің жанында бағыттың нөмірі мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша сипаттамасы (бағыт өтетін аралық және соңғы аялдамалардың, қоғамдық маңызы бар орындардың) бар трафарет орнатылуы тиіс. 15. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық бағыттардағы автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын автобустардың алдыңғы жағында, жанында және артқы жақтарында белгіленген нысандағы гараждық нөмірлері қойылады. 16. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдау кемінде екі есігі бар автобустармен жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа, бұл автобустардың алдында және артында «Балаларды тасымалдау» деген айырым белгілері мен сары түсті жарқырауық шамдар орнатылады. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға жасы кемінде жиырма бестегі, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жүргізушіге рұқсат етіледі. ҚР Үкіметінің 2022.26.10. № 850 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар салонының алдыңғы бөлігінде мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделеді. Осы орындардың тұсында олардың пайдаланылу мақсатын көрсететін ақпараттық тақташа орнатылады. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының салондарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу, жабу және өзгерту тәртібі
19. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдау тұрақты қалалық бағыттарын ашу, жабу және өзгерту мәселелері бойынша мүдделі жеке және заңды тұлғалар астананың көлік органына тиісті ұсыныстарын жібереді. 20. Жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдау тұрақты бағыттарын ашу жөніндегі мәселелерді шешу үшін мүдделі жеке және заңды тұлғалар бағыт схемасы мен ол бойынша қозғалыс кестесін әзірлейді және оларды астананың көлік органына жібереді. 21. Жолаушыларды және жүкті тұрақты тасымалдау, егер: 1) автомобиль жолдарының өткізу қабілеті белгілі бір бағыттар бойынша автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе; 2) автомобиль жолдарының жай-күйі және оларды жайластыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келсе, ұйымдастырылуы мүмкін. 22. Жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдаудың бағыттық желісін қалыптастырған кезде мынадай қағидаттардың орындалуы қамтамасыз етіледі: әрбір бағыт бойынша халықтың тасымалдауға қажеттілігін қанағаттандыру; белгіленген нормалар бойынша автобустар сыйымдылығын ұтымды пайдалану; жүру жолында жолаушыларға қажетті жағдайлар жасау; жолдардың өткізу қабілетін, аялдама пункттерін және инфрақұрылымның басқа да объектілерін сақтау; автобустарды пайдалану нормативтері мен ережесін, жол қозғалысының қауіпсіздігі талаптарын сақтау; сапардағы жолаушылардың уақыт шығынын барынша азайту; барлық түйіндес бағыттар бойынша автобустар қозғалысының кезеңділігі; жүргізушілердің еңбек режимі мен демалысын сақтау. 23. Жолаушылардың және жүктің тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарын ұйымдастыру мен есепке алуды жоспарлау мақсатында астананың көлік органы жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары бағыттарының тізілімін жүргізуді жүзеге асырады. 24. Тізілімдерде бағыттардың мынадай негізгі сипаттамалары: жүрудің бастапқы және соңғы пункттері бойынша бағыттардың нөмірі және атауы; тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыттағы аралық пункттер саны және атауы; тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыт ұзақтығы; тікелей және кері қайту бағыттарындағы бағыттағы қозғалыстың орташа пайдалану жылдамдығы; бағытқа қызмет көрсету кезеңі: жыл бойы, қосымша (белгілі бір күндерде және тәулік кезеңдерінде қолданылатын (қалалық бағыттарда демалыс, мерекелік күндер немесе “қауырт” сағаттар), маусымдық (алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары жұмыс істеген кезде, жолаушылар ағыны көбейген кезеңде); бағыттар бойынша қозғалыс кестесі; жолаушылар ағыны және жолаушылар айналымы; жолаушыларға және жалпы отыруға арналған орындар бойынша бағыттағы автобустардың, шағын автобустардың сыныбы және паспорттық сыйымдылығы (жинақтау алаңшасының сыйымдылығын ескере отырып); резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып, бағытта қызмет көрсету үшін қажетті автобустардың, шағын автобустардың саны; тасымалдаушы туралы мәліметтер (атауы, мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты, тасымалдауды ұйымдастыратын жауапты басшының және тұлғаның телефоны) және оған берілген рұқсат ету құжаттарының қолданылу кезеңі қамтылады. 25. Ашылатын, сондай-ақ қолданыстағы астананың жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау бағыттары автомобиль жолы инфрақұрылымының техникалық жай-күйі мен ұстау деңгейі тасымалдау қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында тексерілуі тиіс. Бағыттарды тексеруді құрамын астананың көлік органы бекітетін комиссия өткізеді. 26. Әрбір тексеру мен қозғалыс кестелерін келісудің нәтижелері қолданыстағы және болжамды жолаушылар ағынын ескере отырып, қозғалыстың белгілі бір кестелері бойынша бағытттарды ашу мүмкіндігі, одан әрі пайдаланудың немесе жабудың орындылығы туралы қорытындысы берілетін актімен ресімделеді. 27. Тексерудің актілері бағыттарды ашу, өзгерту немесе пайдалануды жалғастыру, тасымалдардың қауіпсіздігін арттыру, анықталған кемшіліктердің жойылуын бақылауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қолдану мәселесін шешу үшін астананың көлік органына тапсырылады. 28. Астананың көлік органы аялдау пункттерін орнатуды, ауыстыруды және ұстауды іске асырады. Көлік жүйелерінің алуан түрлері үшін ғимараттарда және құрылыстарда құрамдастырылған аялдау пункттерін ұйымдастыруға жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тарау. Автобустар қозғалысына диспетчерлік жетекшілік
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 29. Елді мекендерді астанамен қосатын тұрақты халықаралық, қалааралық облысаралық, қалааралық облысішілік, қала маңындағы маршруттарға диспетчерлік жетекшілікті автовокзалдың немесе автостанцияның диспетчерлік қызметі ғана жүзеге асырады. 30. Астанада автовокзалдың, автостанциялардың және тасымалдаушылардың диспетчерлік қызметтері мынадай функцияларды: 1) бағыттағы, соның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа да жағдайларға байланысты қозғалыстың ерекшеліктері туралы жүргізушілерге нұсқау беруді; 2) жүргізушілерде нақты бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған қажетті құжаттарының (куәлігінің немесе рұқсатының, техникалық білім минимумы оқу курсынан өткені туралы анықтамасының, бағыттар схемасының, жол қағазының) болуын бақылауды; 3) кондукторда бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған қажетті құжаттарының (техникалық білім минимумы курсынан өткені туралы анықтамасының, біржолғы билеттердің) болуын бақылауды; 4) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындайды. 31. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен алып тасталды (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 32. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен алып тасталды (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тарау. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және оларды өткізу тәртібі
33. Бағыттарға қызмет көрсету құқығына конкурста (бұдан әрі - конкурс) жеңген тасымалдаушылар, олардың және астананың көлік органы арасында жасалатын жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру шарттарының негізінде жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырады. 34. Конкурсқа меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде автобустарға, шағын автобустарға иелік етуші, осы Ереженің талаптарына сәйкес тасымалдауды ұйымдастыруға және автобустарға, шағын автобустарға заңнама талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етуге қабілетті, меншік нысанына қарамастан кез келген жеке немесе заңды тұлға қатыса алады. 35. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттары тасымалдаушылардың арасында конкурс негізінде бөлінеді. Конкурсқа жекелеген бағыт та, бірнеше бағыт та бір лотпен шығарылуы мүмкін. Лоттарды қалыптастыру кезінде олардың маңыздылығы мен рентабельділігі ескеріледі. Лотқа рентабельділерімен қатар, рентабельді еместері де, бірақ бір лотқа екеуден аспайтын бағыттар енгізілуі мүмкін. 36. Астананың көлік органы конкурсты ұйымдастырушы болып табылады. 37. Нақты бағытқа (лот бағыттарына) қызмет көрсету құқығына конкурстың жеңімпазы болып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді және осы бағытта (лот бағыттарында) тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, көлік талаптарына сәйкес келетін әрі тасымалдаудың неғұрлым жақсы жағдайларын ұсынған және тиісті бағалау шкаласы (қосымша) бойынша есептелген баллдардың неғұрлым көп санын алған қатысушы танылады. 38. Астана әкімдігі жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттары бойынша конкурсқа қатысушылар ұсынған тарифтен төменірек әрі тиісті жолаушыларды және жүкті тасымалдаудың тарифтерін есептеу әдістемесіне сәйкес анықталған тарифтер белгілеуі мүмкін. Астана әкімдігі белгілеген тарифтер осы тармақта көрсетілген тасымалдардың шығындарын жаппаған жағдайда, астана әкімдігі тасымалдаушыға белгіленген тариф пен тасымалдаудың нақты шығындарының арасындағы айырманы жергілікті бюджет каражатының есебінен өтейді. 39. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттары бойынша жол жүру тарифтері өзгерген жағдайда, астана әкімдігі аталған өзгерістер туралы халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тарифтер бойынша тасымалдауды жүзеге асыру басталғанға дейінгі он күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды. 40. Конкурстың ұзақтығы, оны жариялаған күннен бастап және конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күнмен аяқталып, кемінде 30 және ең көп дегенде 60 күнтізбелік күнді қамтуы тиіс. 41. Конкурстық ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және конкурстың жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы астана әкімінің өкімімен белгіленетін конкурстық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады. 1) астананың көлік органының; 2) көліктік бақылау органының; 3) жол полициясының өкілдері кіреді. Комиссияның құрамына астананың көлік органына тиісті өтінім берілген жағдайда, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізіледі. 43. Комиссия құрамында конкурстық ұсыныстарды бағалау құқығынсыз комиссия жұмысын ұйымдастыру қызметі жүктелетін комиссия хатшысы көзделуі тиіс. 44. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және кемінде бес адамды құрауы тиіс. 45. Конкурсты өткізу алдында астананың көлік органы комиссиямен келісілген лоттарды қалыптастырады және конкурстық құжаттаманың жиынтығын дайындайды. Бұл ретте қалыптастырылатын лоттарды келісу жөнінде шешім қабылдауды отырыс хаттамасында шешімді бекіте отырып, комиссия жүзеге асырады. 46. Конкурстық құжаттаманың жиынтығы өзіне: 1) конкурсқа шығарылатын жолаушыларды және жүкті қалалық тұрақты автомобиль тасымалдары бағыттарының негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ оларға қоса берілетін бағыттардың схемалары мен козғалыстар кестелерін, жылжымалы құрамды жаңарту кажеттілігінің кестесі, экологиялық талаптар, жүргізушілер (кондукторлар) мен диспетчерлердің арнайы киім-кешегі мен киім нысанының қажеттілігін; 2) конкурсқа шығарылатын жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстар толтырылатын нысандарын (бұдан әрі - конкурстық ұсыныстар) комиссия мүшелері санына тең мөлшерде; 3) жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру шартының жобасын; 4) қатысушы туралы ақпарат бланкісін; 5) бағалау шкаласын; 7) конкурстық ұсыныстарды беру үшін бір үлкен конвертті (егер конкурсқа бағыттар бір лоттан артық шығарылса, онда әрбір лотқа жеке конверттер болуы тиіс) қамтиды. 47. Конкурстық ұсыныстар, комиссия конкурстың қорытындысы бойынша қатысушыларды бағалауды жүргізетін мынадай өлшемдердің жинағын өзіне қамтиды: 1) ұсынылып отырған жылжымалы құрам (автобустардың, шағын автобустардың түрі, санаты мен саны, пайдалану мерзімі, паспорттық сыйымдылығы); 2) көлік құралдарының тиесілігі; 3) жылжымалы құрамды сақтауға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базаның болуы (меншікті немесе шарт бойынша пайдаланылатын); 4) үміткердің басшылық буынының қалалық бағыттардағы жұмыс тәжірибесі; 5) жүргізуші персоналының жолаушылар тасымалы саласындағы жұмыс тәжірибесі; 6) желіден шығып қалған жылжымалы бірліктерді ауыстыру жөніндегі шаралар жүйесі; 7) жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жөніндегі қосымша ұсыныстар. 48. Конкурстық ұсыныстарда жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір бағыттан артық, осы бағыт кіретін лот бойынша конкурс аяқталғанға дейін қайталап көрсетуге жол берілмейді. Осы бағыт қамтылған лот бойынша конкурс аяқталғанға дейін конкурстық ұсыныстарда қатысушылар жылжымалы құрам мен жүргізуші персоналын бір бағыттан артық көрсету фактілері анықталған жағдайда, неғұрлым кештеу тапсырылған конкурстық ұсыныстар жарамсыз болып саналады. 49. Қатысушы конкурстық ұсыныстар бойынша толық және сенімді ақпаратты ұсынуы тиіс. 50. Астананың көлік органы конкурс өткізілгенге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей, конкурстың өткізілетін күнін, орнын және уақытын, конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттарды, өтінімдерді қабылдау орны мен мерзімдерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды. 51. Конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді. 52. Комиссия төрағасы конкурсқа қатысушылар ұсынған мәліметтердің шынайылығын орнына барып тексеруді (бұдан әрі - тексеру) ұйымдастыру үшін комиссия құрамына кірмейтін астана көлік органының, көліктік бақылау және жол полициясы органдарының өкілдерінен конкурс алдындағы комиссия құрады. Комиссия төрағасының болмауына байланысты конкурс алдындағы комиссия құрамы туралы шешімді уақтылы қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, комиссия конкурс алдындағы комиссия құрамын алқалы түрде анықтай алады. 53. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттаманың жиынтығына жазбаша түрде өтінім береді және оның құнын төлейді. Конкурстық құжаттама жиынтығының құны, конкурс өткізуге байланысты шығындардың калькуляциясына сәйкес болуы тиіс, бірақ конкурс өткізу туралы хабарландыру шығатын күнге бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 10 есе мөлшерінен аспауы тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |