«Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары
базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 7 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 23 қазандағы
№ 1016 қаулысымен
бекітілген
Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық
ставкаларының мөлшері*
Р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) | Тіркелген жиынтық салықтың ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
1. | Ойын үстелі | 2200 | 5000 |
2. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы | 50 | 130 |
3. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда) | 80 | 180 |
4. | Электрондық рулетка | 100 | 250 |
5. | Тотализатор кассасы | 200 | 700 |
6. | Букмекерлік кеңсе кассасы | 100 | 750 |
7. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы | 10 | 140 |
8. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы | 15 | 210 |
9. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер | 10 | 50 |
10. | Ойын жолы | 55 | 1000 |
11. | Карт | 25 | 150 |
12. | Бильярд үстелі | 30 | 300 |
13. | Лото ұйымдастырушы | 80 | 600 |
* тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір жылға белгіленген.