Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 12 қазандағы № 288 бұйрығына 4-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» (2009.12.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) шарттағы немесе өзге шарттағы мәлiметтердi енгізу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-әрекеттерiнiң жиынтығын бiлдiретiн, тiркеушi органның жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi, тiркеушi органдардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруi мен осы заңнамада белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-әрекеттерi (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 қарашадағы № 1181 қаулысының, «Жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысының, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті «Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары және оның филиалдарымен (бұдан әрі - уәкілетті орган) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|