Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м. а. 2007 жылғы 12 қазандағы № 289 Бұйрығына 1-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актi беру» (2009.11.02. берілген өзгерістерімен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт Халыққа қызмет көрету орталықтары арқылы жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiні ресімдеудің тәртібін анықтайды. 2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталық) жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады. 5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - 10 жұмыс күні ішінде; 2). материалдарды қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, ресімдеу мерзімі 15 жұмыс күніне дейін ұзартылады; ҚР Әділет министрінің 2009.11.02 № 12 Бұйрығымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3). кезекте күту мерзімі 30 минуттан аспайды. 8. Қызметке төлем белгілі жылға арнайы уәкілетті органның тиістілі бұйрығымен бекітілген бағаларға сәйкес жүргізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|