Осы редакция 2009 жылғы 11 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м. а. 2007 жылғы 12 қазандағы № 289 Бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актi беру»
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт Халыққа қызмет көрету орталықтары арқылы жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiні ресімдеудің тәртібін анықтайды. 2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталық) жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады. 5. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсі болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - 10 жұмыс күні ішінде; 2). материалдарды қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, ресімдеу мерзімі 15 жұмыс күніне дейін ұзартылады; 3). кезекте күту мерзімі 40 минуттан аспайды. 8. Қызметке төлем белгілі жылға арнайы уәкілетті органның тиістілі бұйрығымен бекітілген бағаларға сәйкес жүргізіледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің және орталықтардың тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген веб-сайттарында, сондай-ақ ақпараттардың ресми көздерінде және орталықтар үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|