Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң ведомстволық наградалары
Осы редакция 2007 жылғы 14 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi» құрметтi атағы; 2) Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң құрмет грамотасы Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң ведомстволық наградалары болып табылады деп белгiленсiн. 2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi ведомстволық наградаларының бейнелерi мен сипаттамалары бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң ведомстволық наградаларына ұсынудың және оларды тапсырудың ережесін әзiрлесiн және бекiтсiн. 4. Осы қаулы қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 57 қаулысымен Бекiтiлген
Омырауға тағатын «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi» белгісiнiң сипаттамасы
Омырауға тағатын «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi» белгiсiнiң (бұдан әрi - белгi) диаметрi 35 мм көлемдi дөңгелек пiшiнi болады. Дөңгелектiң iшiнде көк түспен орындалған ендiктер мен бойлықтардың сызбалары бар диаметрi 23 мм жер шарының мәнерленген рельефтiк бейнесi орналасады. Жер шарының аясында жоғарғы жағында диаметрi 12 мм Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының (бұдан әрi - елтаңба) барельефтiк бейнесi орналасқан. Алтын түспен орындалған жер шарының аясында елтаңбаның астында қалықтап ұшқан қыранның бейнесi орналасқан. Белгi дөңгелектеп иiрiлiп келген және жер шарының астымен өтетiн енi 5 мм алтын түстi көлемдi көмкерме лентамен жиектелген. Лентаның жоғарғы бөлiгі елтаңба бейнесiнiң жоғарғы бөлiгіне тиедi. Лентаның жоғарғы бөлiгiнде "Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi" мәтiнi шырқай көк түстi эмальмен жазылған. Әрiптердiң биiктiгi лентаның жоғарғы бөлiгiнде 2 мм, төменгi бөлiгiнде - 1,5 мм. Лента мен жер шарының бейнесi арасында енi 1,5 мм ақ түстi лента өтедi. Лентаның үстiнен жан-жақтарынан жасыл түспен орындалған лаврлар орналасқан. Белгi алтын түстi металлдан жасалады, бұл оған көрiктi түр бередi. Белгiнiң сыртқы жағында оның реттiк нөмiрi және наградталушының киiмiне қадауға арналған тиiстi бекіткiш болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысымен бекітілген
[Графикалық нысанды қараңыз]
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi құрмет грамотасының сипаттамасы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi құрмет грамотасының (бұдан әрi - грамота) көлемi 297 х 210 мм тiкбұрышты пiшiнi болады және тығыздығы кемiнде 200 грамм х 1 ш.м. қағаздан әзiрленедi. Грамотаның периметрi бойынша шетiнен 5 мм аралықта алтын фольгадан жасалған, енi 15 мм мәнерленген қазақ ою-өрнегiнiң суретi орналасады. Жоғарғы шетiнен 26 мм аралықта орта тұсында диаметрi 38 мм толық түстi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы орналасқан. Жоғарғы жиектен 78 мм аралықтағы орта тұсында decorKAZ, кегель 26-28 типографиялық қарпiмен орындалған "Құрмет грамотасы" мәтiнi жазылған. Көрсетiлген мәтiннiң төменгі жағындағы 13 мм аралықта Times New Roman, кегель 18 қарпiмен орындалған наградтау мәтiнi орналасады. Грамотаның жоғарғы жиегiнен 122 мм аралықтағы орта тұста decorKAZ, кегель 26-28 типографиялық қарпiмен орындалған наградталушының тегi, аты және әкесiнiң аты орналасады. Төменгі жиектен 52 мм әрi сол және оң жақ жиектен 41 мм аралықта тиiстi мемлекеттік орган басшысының қызметi және аты-жөнi бар мәтiн жазылады. Төменгi жиектен 27 мм аралықтағы орта тұсына марапаттаудың орны мен жылына сiлтемесi бар мәтiн орналасады. Жоғарыда көрсетiлген мәтiндер Times New Roman, кегель 14 қарпiмен орындалады. Наградталушының тегi, аты және әкесiнiң аты жазылған мәтiн алтын түстi фольгадан, қалған мәтiн - күлгiн көк түстi фольгада орындалады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысымен бекітілген [Графикалық нысанды қараңыз]
|