|
|
|
Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу туралы
ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 773 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Ұлттық аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі орган болып белгіленсін. 2. Ұлттық аккредиттеу орталығы қызметінің мәні: 1) аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысу; 2) үш жыл мерзімге аккредиттеу аттестаттарын беру; 3) алты айға дейінгі мерзімге аккредиттеу аттестаттарының қолданысын тоқтата тұру; 4) инспекциялық тексерулерді жүзеге асыру болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |