Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы (2009.30.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009.25.05. № 215 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 296-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын: 1) 2007 жылғы 8 мамырдағы № 163 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4703 тіркелген); 2) 2007 жылғы 20 қарашадағы № 402 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 163» «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5027 тіркелген). 3. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық 2008 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|