|
|
|
Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция (2009.20.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 617 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 375 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес формула бойынша әрбір салымшы (алушы) бойынша ай сайынғы есептің негізінде салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырсын; ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 375 Қаулысымен 1) тармақшамен толықтырылды 1-1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес формула бойынша әрбір салымшы (алушы) бойынша жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына мониторингті жүзеге асырсын; 2) салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізудің тетігін белгілесін. ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 375 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келесі 3 жылға арналған жылдық инфляцияның болжамды деңгейі туралы мәліметтерді ұсынсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 375 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1351 қаулысына 1-қосымша
Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын инфляция деңгейін ескере отырып есептеу формуласы
Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, мына формула бойынша есептеледі:
n = 2, 3, …, 12,...болған кезде Sn = Sn-1 * In + Pn,
S1 = P1,
n - есепті ай; Sn - n айындағы инфляция деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен; In - алдыңғы айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен; Pn - n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының түсімі, теңгемен.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 375 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1351 қаулысына 2-қосымша
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары сомаларын жылдық инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып есептеу формуласы
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы инфляцияның жылдық болжамды деңгейі ескеріле отырып:
Zk=Zk-1*(1+іk)+Dk*(1+іk/2) формуласы бойынша есептеледі, мұнда
Zk - салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының k жылдағы инфляцияның болжамды деңгейі ескерілген сомасы, теңгемен; іk - тұтыну бағаларының k жылдағы болжамды индексі; Dk - k жылдағы міндетті зейнетақы жарналары түсімдерінің сомасы, теңгемен; k - болжамды жыл.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |