Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысымен Бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкалары
Ескертпе: 1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі: 40,75 коэффиценті; 2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі: 10,3 коэффиценті; 20,43 коэффиценті; 30,25 коэффиценті; 3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі: 30,2 коэффиценті; 4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.
|