|
|
|
2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 379, 380, 381, 382, 383, 384, 385-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 379-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Статистика саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 3378737 мың теңге (үш миллиард үш жүз жетпіс сегіз миллион жеті жүз отыз жеті мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 910 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен үрдісін сипаттайтын бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі мен жетілдіруін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік статистиканы басқару; 2) ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттар негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін және жетілдіруді қамтамасыз ету; 3) мемлекеттік, коммерциялық құпияларды сақтауды және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету; 4) статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, дұрыстығын және жеткіліктілігін қамтамасыз ету; 5) елде болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты және шынайы зерделеу, қорыту және талдау; 6) өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі және оның жетілдірілуі; кәсіби деңгейін арттыру - 1169 адам, мемлекеттік тілге оқыту - 938 адам; ағылшын тіліне оқыту - 30 адам. Түпкілікті нәтиже: барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен үрдісін сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру. Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығындар - 9,4 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 12,4 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 10,2 мың теңге. Уақтылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына. Сапасы: қызметкерлерді оқыту, олардың еңбек жағдайын жақсарту және халықаралық статистикалық стандарттарды енгізу негізінде статистикалық деректердің сапасын арттыру; қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілер біліктілігінің кәсіби деңгейін арттыру, олардың нәтижелері бойынша: мемлекеттік тілді оқығаннан кейін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 4 пайызға, ағылшын тіліне оқығаннан кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 4 пайызға, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 5 пайызға артады деп жорамалданады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 380-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Статистикалық ақпаратты өңдеу және тарату» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1036854 мың теңге (бір миллиард отыз алты миллион сегіз жүз елу төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 910 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, «Қазпатент» және «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау жөніндегі комитетінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысы; «Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу және мемлекеттік органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1164 қаулысы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық ақпаратты сапалы өңдеу және жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйі мен үрдістерін сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) мемлекеттік органдарды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың жиынтық статистикалық деректерге деген қажеттілігін қанағаттандыру, статистикалық деректерді өңірлік және республикалық деңгейлерде енгізу және өңдеуді қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік статистика органдарына ақпарат табыс ететін жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандардың бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: статистикалық есептілік көрсеткіштерін 100% енгізу және өңдеу. Статистикалық нысандар мен нұсқаулықтарды, жарияланымдарды республикалық және өңірлік деңгейлерде дайындау. Талдамалы жұмыстар жүргізу. Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген статистикалық байқаулар жүргізу. Түпкі нәтиже: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйені пайдаланушылар санын жыл ішінде 10%-ға өсіру. Уақтылығы: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімдерде, сондай-ақ іс-шараларды іске асыру мерзімдерінде қамтамасыз ету. Сапасы: статистикалық ақпараттың релеванттығын пайдаланушылардың қажеттілігін есепке алу жолымен көтеру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 381-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйесін құру» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 217876 мың теңге (екі жүз он жеті миллион сегіз жүз жетпіс алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистикалық өндірістің тиімділігін арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйелерін құру, статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеудің және ұсынудың қазіргі заманғы автоматтандырылған әдістерін енгізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің статистикалық және талдамалы ақпаратын бірыңғай Интернет-портал арқылы тарату», «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім», «Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету», «Статистикалық сыныптамалар жүйесінде өзгерістер есебі», «е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау» ақпараттық кіші жүйелерін құруды қамтамасыз ету. Түпкілікті нәтиже: статистикалық ақпарат пайдаланушыларын электрондық түрде статистикалық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету, деректерді жинау, өңдеу және тарату тәртібін автоматтандыру есебінен статистикалық деректер сапасын арттыру (деректерді жаңартуды толық және өз уақтысында қамтамасыз ету), жиналатын статистикалық ақпараттың түрлерін көбейту, статистикалық ақпараттың жедел өңделуі. Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық жүйелерді біріктіретін «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің статистикалық және талдамалы ақпаратын бірыңғай Интернет-портал арқылы тарату» ақпараттық кіші жүйені әзірлеу, мемлекеттік органдар сияқты, барлық статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға да тапсырыстарды орындау мен жауаптардың дайындалуын уақытылы жүзеге асырылуына көмектеседі. «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім» ақпараттық кіші жүйесін құру үй шаруашылықтары мен олардың тұрғын үй жағдайына тікелей немесе жанама қатысы бар бастапқы деректерді жинау, өңдеу және тарату жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру үй шаруашылықтарын іріктеуді оңтайландыруға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта үй шаруашылықтарын зерттеуге жұмсалатын шығын 155 млн. теңгені құрайды. Желіні 30%-ға қысқарту арқылы жылына 50 млн. теңге үнемдеуге болады. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдардың шығындары да қысқарады, себебі олар «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім» ақпараттық кіші жүйесіне кіру мүмкіндігіне ие болады (Қазақстан Республикасы бойынша 17 млн. теңгеге). «Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім» ақпараттық кіші жүйесін кезекті ұлттық халық санағында пайдаланудың нәтижесі 300 млн. теңгені құрайды, өйткені 50 мың есепші 15 мың теңге айлықақымен 4 айдан аз жұмыс істейтін болады. «Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету» ақпараттық кіші жүйесін құру бастапқы статистикалық ақпаратты терең қайта өңдеуді жүзеге асыруға және ақпараттық-талдамалы міндеттердің кең ауқымын шешуге мүмкіндік береді. Қосымша статистикалық байқаулар жүргізуге жұмсалатын шығындардың болжалды жиынтық қысқаруы «Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету», ақпараттық кіші жүйесін пайдалану алғашқы үш жылда (2008-2010жж.) 322,4 млн.теңгені құрайды. «Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы» ақпараттық кіші жүйені құруға 211,625 млн. теңге жұмсалатын болса, мемлекеттік бюджет қаражатының қорытынды үнемділігі 110,7 млн. теңгені құрайды. «Статистикалық сыныптамалар жүйесінде өзгерістер есебі» ақпараттық кіші жүйесін құру келесі міндеттерді шешуге: мемлекеттік статистиканы «электронды үкімет» жүйесіне біріктіруге, барлық мемлекеттік органдарда бар барлық анықтама мен сыныптамалардың республикалық қорын құруға, деректерді өңдеудің статистикалық үдерісінің тиімділігін арттыруға, деректердің салыстырымдылығын қамтамасыз етуге, халықаралық сыныптамаларды жаңа жүйесін енгізуге, тыстағы пайдаланушылар үшін сыныптамаларды таратуға мүмкіндік береді. «е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау» ақпараттық кіші жүйесін құру келесі міндеттерді шешуге: қазіргі заманғы қағазсыз технологиялар негізінде (электронды тасымалдағыштар, электронды пошта және Интернет арқылы он-лайн тәртібінде деректерді жинау) бастапқы статистикалық деректердің жедел және сапалы жинауын қамтамасыз етуге (жылына 1 200 мың есептерден көп), статистика органдарына Интернет арқылы статистикалық есептіліктің Wed-форма бланкісі арқылы деректерді енгізу мүмкіндігі есебінен немесе байланыс каналдары бойынша электронды түрде статистикалық есептілікті беру арқылы электронды деректерді тез және тиімді ұсыну үшін респонденттердің жағдайын жақсартуға, бастапқы есептілік деректерін енгізу және бақылау бойынша жұмыстарды қолмен жүзеге асыратын статистиктердің санын (50%-ға) қысқарту есебінен, сондай-ақ, бастапқы есептілік қағаз бланкілерінің шығарылуына қаражатты үнемдеу есебінен, деректерді жинау және өңдеуге шығыстарды төмендетуге, ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы сертификациялау қаражаттарының пайдалануымен қабылданатын және берілетін ақпараттың автоматтандырылған қорғауға мүмкіндік береді. Уақыттылық: Іс-шаралардың белгіленген іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына. Сапасы: осы жоба Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттардың автоматтандырылған жүйелері талаптарына сай.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 382-ҚОСЫМША
606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Мемлекеттік статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 41377 мың теңге (қырық бір миллион үш жүз жетпіс жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік статистиканы жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 71 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: статистиканың халықаралық ұсынымдар мен стандарттардың ұлттық деңгейге бейімделген әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу және енгізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: статистиканың әр түрлі салаларында әдіснамалар әзірлеу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 13 тақырып бойынша мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жаңа құралдарды енгізуге, статистикалық деректердің сапасын арттыруға және олардың халықаралық деңгейде салыстырымдылығын арттыруға мүмкіндік туғызатын болады. Түпкі нәтиже: ғылыми негізделген, соның ішінде халықаралық статистикалық сыныптамалардың жаңа жүйесіне көшу, салалық статистика мен ұлттық шоттар жүйесінің статистикалық көрсеткіштерін енгізу және жетілдіру бойынша, Мемлекеттік статистикалық тіркелім және статистикалық деректерді тарату үшін әдістемелік деректерді әзірлеу бойынша әдістемелер жасау. Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 3182,8 мың теңгені құрайды. Уақтылығы: орындалған іс-шараларды белгіленген мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |