|
|
|
2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 393, 394, 395, 396, 397-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 393-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Жер ресурстарын мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 468500 мың теңге (төрт жүз алпыс сегіз миллион бес жүз мың теңге). 1. Құны: 460753 мың теңге (төрт жүз алпыс миллион жеті жүз елу үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 14, 144, 145, 146, 147, 148-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3 , 21, 22, 23-баптары; «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің орталық аппаратына және оның аумақтық органдарына жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына жету үшін, олардың қызметін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қатынастарының барлық субъектілерімен жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; кәсіби қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, ептілік пен дағдыларды жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: әрбір мемлекеттік қызметкерді жұмыс орнымен 100 пайыздық қамтамасыз ету, материалдық, ақпараттық-техникалық базамен қамтамасыз ету; жерлердің нысаналы пайдаланылуы мен қорғалуы: 59 қызметкердің кәсіби деңгейін арттыру, Агенттіктің 76 қызметкерін мемлекеттік тілге оқыту. Соңғы нәтиже: жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен жерлердің ұтымды, нысаналы пайдаланылуы мен қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруда қажеттілікті қамтамасыз ету. Қаржылық экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыруға орташа шығындары - 38,8 мың теңге; бір мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілге оқытуға орташа шығындары - 22,6 мың теңге. Уақыттылығы: орталық аппараты мен аумақтық органдар аппараттарының жұмыс жоспарына және нормативтік актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес. Сапасы: - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге жету үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шаралардың толық көлемде 100 пайыздық сапалы орындалуы; - осы заманғы экономикалық жағдайларға сай, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес арттыру.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 394-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1399961 мың теңге (бір миллиард үш жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз алпыс бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 163-бабы; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 286 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында жерлерді ұтымды пайдалану. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, сондай-ақ жер нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 12100 мың га ауданында аэрофототүсіру, 13874,8 мың га ауданында аэрофотосуреттер мен фотожоспарларды дешифрлеу, 10323,5 мың га ауданында жоспарлы-картографиялық өнімді шығару, 1241 ауылдық елді мекеннің жер-кадастрлық карталарын дайындау және басып шығару, шаруа қожалықтарының жер учаскесіне 21,7 мың паспорт дайындау, 11,58 млн. га ауданында жер мониторингін жүргізу. Соңғы нәтиже: ауылдық елді мекендердің 64,8% жер-кадастрлық карталармен қамтамасыз ету. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу процесінде 81,7% жер учаскесі Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасына енгізіледі. Жер учаскесіне паспорттарды 65,7% шаруа қожалығы алады. Жер мониторингі бойынша жұмыстардың жүргізілуі туралы мәліметтердің болуы 45% құрайды. Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1000 га жер-кадастрлық жұмыстар көлемінің орташа құны - 24855 теңге, жер мониторингін жүргізу бойынша 1000 га құны - 5510 теңге. Уақыттылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарының белгіленген мерзімде 100 пайыздық орындалуы. Сапасы: ауыл шаруашылық алқаптарының жағдайы, пайдаланылуы және сапасы туралы дұрыс ақпарат, жерлердің жағдайына әсер ететін жағымсыз процестерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, сондай-ақ жерлерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау органдарын хабардар ету.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 395-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Топография-геодезиялық және картографиялық өнімдерді және олардың сақталуын қамтамасыз ету» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1333226 мың теңге (бір миллиард үш жүз отыз үш миллион екі жүз жиырма алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 4-бабы; «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 4-бабы; «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; «Республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1273 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мөлшерде бәсекеге қабілетті геодезиялық және картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: геодезиялық және картографиялық өнімдерді нормативтік-техникалық актілерге сәйкес жасау және жаңарту, топография-геодезиялық және картографиялық өндірістің материалдары мен құжаттарын мемлекеттік есепке алу, сақтау, қолдану және олардың сақталуын қамтамасыз ету, ірі масштабты топографиялық жоспарларды жасау және жаңарту, бұрынғы полигондардың аумақтарын картографиялау, нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 41273 шаршы км. аумағында Ақмола облысы аумағының аэросуреттерін, 575 текше метрді нивелирлеу сызығы нүктелерінің биіктіктерін алу, топографиялық карталардың масштабтық қатарын 997 парақта жаңарту, топографиялық карталардың 916 парағын басып шығару, цифрлық карталардың 765 парағын және тематикалық карталардың 26 парағын жасау, географиялық атаулардың 4 каталогын басып шығару, 5 нормативтік-техникалық құжатты әзірлеу, сондай-ақ топографиялық карталардың мемлекеттік тілдегі 1024 парағын дайындау және басып шығару. Соңғы нәтиже: республикамыздың жалпы 2,7 млн. шаршы км аумағының 1,5 % аумағына аэротүсіріс орындау, І және II классты нивелирлеу сызығының 6,3% ұзындығын нивелирлеу, республиканың жалпы территориясының 3% аумағының топографиялық карталарын жаңарту, карталардың қажетті парақ санының 7% құрылған және басып шығарылған. Қаржы-экономикалық нәтижесі: Топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісінің ерекшеліктері үздіксіз циклді қажетсінеді. Объектідегі жұмыстар циклінің орташа ұзақтығы 3 жыл. 1) бір шаршы км аэроғарыштық түсіріс бағасы күрделілік категориясына және масштабқа байланысты - 1953,1 теңге; 2) нивелирлеу класына байланысты нивелирлеудің бір текше км орташа бағасы - 10220,6 теңге; 3) масштабқа байланысты топографиялық картаның бір шаршы км жаңартудың орташа бағасы - 1198,8 теңге. 4) масштабқа байланысты картаның бір парағын басып шығарудың орташа бағасы - 17980 теңге, цифрлеу - 179205 теңге. Уақыттылығы: Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар 2008 жылдың 25 желтоқсанында толық көлемде орындалады. Сапасы: жергілікті жердің нақты жағдайына сәйкес келетін топографиялық карталардың 6% басып шығару.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 396-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 1. Құны: 45400 мың теңге (қырық бес миллион төрт жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 , 9 , 10, 11, 139, 152, 153, 159, 160, 161, 162-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы» 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 956 қаулысы; «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер ресурстары әлеуетін пайдалану тиімділігінің әлемдік деңгейіне жету үшін, аумақтық-кеңістік жоспарлаудың әлемдік өлшемдерін ескере отырып, жер пайдалануды ұйымдастырудың ғылыми, инновациялық-технологиялық және әдістемелік қамтамасыз етілуі. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Бағдарламаның аталған мақсатына сәйкес мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр: Қазақстан Республикасының жер ресурстары әлеуетін тиімді пайдалану, сақтау және қайта өндіруді ұйымдастырудың тұжырымдамасын әзірлеу; Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқарудың ақпараттық-аналитикалық жүйесін құрудың және дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу; 8 эталондық полигонда ірі масштабты тематикалық карталарды әзірлеу; дешифрлеу каталогтары; жерге орналастырудың эксперименттік-өңірлік схемаларын (жобаларын), сондай-ақ өндіргіш күштерді орналастырудың аудандық схемаларын әзірлеу; өлшемдерді, стандарттарды әзірлеу, яғни нарықтық жағдайда жер әлеуетін пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері және жылжымайтын мүлік кешенінің құрамында жер үлесінің нормативі; жер учаскесінің кадастрлық құнының стандарттарын, жер үшін төлемнің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін әзірлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 7 тақырыпты қамтитын 1-ші бағыттағы жер ресурстары әлеуетін ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулердің инновациялық нәтижелерін пайдалану. Соңғы нәтиже: инновациялық технологияларды қолдана отырып, топырақтық-өсімдік қабаттың, жер кадастры мен жерге орналастырудың мониторингін жүргізу және картографиялау жеделдікті, сондай-ақ жердің сандық және сапалы жағдайы туралы деректердің дұрыстығын 8-10%-ға арттырады; өтеулі жер пайдалану жүйесінің ғылыми-әдістемелік базасы жер нарығының трансакциялық шығындарын 3-4%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Қаржы-экономикалық нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 6583,7 мың теңге. Уақыттылығы: жасалатын шарттарға сәйкес бір жылдың ішінде. Сапасы: қолданбалы ғылыми зерттеулердің жүргізілуі еңбек шығындарын және жер туралы ақпараттық ресурсты қалыптастыру бойынша қаражатты 10-13%-ға төмендетуге ықпал етеді, сондай-ақ экономика салаларын дамытуда жер ресурстары әлеуетін пайдалану деңгейін кем дегенде 10-15%-ға арттыруды қамтамасыз етеді.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 397-ҚОСЫМША
614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Электрондық үкімет құру» деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 1. Құны: 556781 мың теңге (бес жүз елу алты миллион жеті жүз сексен бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 152, 153, 157, 158, 159-баптары; «Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер ресурстарын басқарудың жүйесі мен әдістерін жетілдіру; Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің автоматтандырылған жүйесін іске асыру жолымен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандырудың мүддесі үшін республикада жерді тиімді пайдалану жөніндегі үйлестірудің және бақылаудың тиімді тетіктерін енгізу; Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйені (МЖК ААЖ) құру саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың нормативтік базасын әзірлеу және жетілдіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің осы заманғы әдістерін қалыптастыру; жерлерді түгендеу және бағалау бойынша жұмыстардың процесінде меншіктің барлық нысандағы жер учаскелерін және оларға байланысты жылжымайтын мүліктің объектілерін мемлекеттік кадастрлық есепке қою, кадастрлық есептегі объектілер туралы автоматтандырылған мәліметтер базасын құру; мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік жер кадастрын жүргізу бойынша жер учаскелерін қалыптастыру, есепке алу, бағалау процестерінің автоматтандыруын қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық кешендерді, осы заманғы отандық ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды, ақпаратты қорғау құралдарын ұйымдастыру; қалыптастыруға, мемлекеттік есепке, техникалық түгендеуге, бағалауға, құқықтарды тіркеуге, салық салуға, жер мен жылжымайтын мүлікті басқаруға және иеленуге байланысты ақпараттық жүйелердің үйлесімділігін қамтамасыз ету және олар арасындағы электрондық мәліметтер алмасу жүйесін құру; жердің мемлекеттік кадастрлық есебін, жерлердің кадастрлық құнын қамтамасыз ететін кадрларды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |