«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы
акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1036 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 қарашадағы
№ 1036 қаулысына
Қосымша
«Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
Құрамы
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Ноғаев Нұрлан Асқарұлы | - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы | - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары |
Тәшенов Бақытбек Хәкімұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендірукомитеті төрағасының орынбасары |
Шоқпытов Андар Мәулешұлы | - «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарматөрағасы |
Бейсенбетов Ескендір Қалыбетұлы | - Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры,экономика ғылымдарының докторы |
Марченко Анатолий Николаевич | - «Ақтөбе облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы» қоғамдық ұйымының директоры,«Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының мүшесі |
Мұхитденнов Марат Зайләгиұлы | - «Дастан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Батыс Қазақстан облысының«Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының мүшесі |