Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы (2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 1 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі Жарғысының 13 және 14-баптарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналар: ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 432 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі; ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 432 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қайрат Нематұлы Келімбетов Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын. 2. Ресей Федерациясының Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы лауазымына белгіленген тәртіппен сайлау үшін Игорь Валентинович Финогеновті тағайындау туралы ұсынысына келісім берілсін. 3. Осы қаулы Еуразия даму банкін құру туралы келісім күшіне енген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|