|
|
|
2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (2008.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 52-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны 440389 мың теңге (төрт жүз қырық миллион үш жүз сексен тоғыз мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 11-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 11 қаңтардағы Заңы; «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастырудың, 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 125 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: стратегиялық саясатты жүргізу, туризм, спорт және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Дене шынықтыруды, жоғары жетістіктер спортын және салауатты өмір салтын насихаттауды және дамытуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Спортқа және туристік индустрияға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес, кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу, ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау бойынша тексерулер жүргізу. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: туризм және спорт саласындағы нормативтік қызметі; туризм, спорт және ойын бизнесі саласындағы актілермен қамтамасыз ету ұйымдардың қызметіне жәрдемдесу; мемлекеттік тілді кемінде 34 адамға, ағылшын тілін кемінде 9 адамға үйрету; мемлекеттік қызметшілердің кемінде 8 адамның біліктілігін арттыру; туризм және спорт мәселелері бойынша кемінде 6 семинар мен тренинг өткізу; кемінде 15 ұйымды аккредиттеу. Түпкі нәтиже: туризм индустриясы мен спорттың одан әрі өсуіне қажетті жағдай жасау; туристік кластерді дамыту үшін ірі инвесторларды тарту; әлемдік спорт аренасында республика беделін арттыруды қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметшісін қаржыландырудың орташа шығыны 2373,5 мың теңге; бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 73,45 мың теңгеден астам емес; бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 26,94 мың теңгеден астам емес; бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 36,5 мың теңгеден астам емес. Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде және жасалған шарттарға сәйкес орындау. Сапасы: мемлекеттік қызметшілердің қызметін кәсіби деңгейін арттыру арқылы жетілдіру; қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындығын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 53-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Спорт жөніндегі білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 1. Құны: 13465 мың теңге (он үш миллион төрт жүз алпыс бес мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 17-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы» 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында спортты дамыту, халықаралық спорт ареналарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дарынды балалардың таңдаған спорт түрімен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы Республикалық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың «Жас батыр» стадионының мемлекеттік сараптамадан өткен, белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасы. Соңғы нәтиже: спортта дарынды балаларға спортпен шұғылдануға және жаттығуға жағдай туғызу. Қаржы экономикалық нәтиже: жобаны іске асыру тиімділігін талдау нәтижелері бойынша. Уақтылығы: жасалған шарттар бойынша жұмыс орындау жоспарына сәйкес. Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 54-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 1. Құны: 1228337 мың теңге (бір миллиард екі жүз жиырма сегіз миллион үш жүз отыз жеті мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14 және 31-баптары; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 16 және 17-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласын қайта атау туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы № 900 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 673 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 579 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы»Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 613 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спортта дарынды балалардың жеке қабілетін дамыту және халықаралық деңгейдегі жоғары біліктілігі жоғары спортшыларды, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына үміткерлерді және мүшелерін дайындау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқушылардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайлар жасау, сапалы оқу-жаттығу процесі мен жаттығу сабақтарын ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты жетілуге бағытталған жастар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын спортшылармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернаты оқушыларын оқытудың орташа жылдық контингенті - 260 оқушыны, спортта дарынды балаларға арналған Қ.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернаты оқушыларын оқытудың орташа жылдық контингенті - 385 оқушының, Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың, орташа жылдық контингенті 150 оқушыны, «Шаңырақ» шағын ауданында спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа контингенті - 400 адамды құрайды. Спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін сатып алу: спорттық мүкәмал - кемінде 19 дана, асхана жабдығы - кемінде 11 дана, медициналық жабдық - кемінде 3 бірлік, автомобиль - 1 бірлік. Спортта дарынды балаларға арналған К.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының, дайындалуына жағдай жасау үшін сатып алу: спорттық мүкәмал - кемінде 36 дана, асхана жабдығы - 1 дана, оқу кабинеттеріне арналған жабдық - 1 жиынтық, тұрмыстық техника - 1 бірлік. Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының, дайындалуына жағдай жасау үшін сатып алу: оқу кабинеттеріне арналған жабдық - 1 жиынтық, спорттық мүкәммал кемінде 73 бірлік, асхана жабдығы - кемінде 5 дана, жылу қазандығы. «Шаңырақ» шағын ауданындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының, дайындалуына жағдай жасау үшін - кемінде 7 бірлік спорттық мүкәммал кемінде 12 дана компьютер техникасын сатып алу. К.Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың»«Монтажник» спорт сауықтыру кешеніне күрделі жөндеу жүргізу. Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің, оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: қазіргі бессайыс бөліміне 3 спорт аты, спорт құрал-жабдығы - кемінде 31 дана. Кемінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша 80 оқу-жаттығу жиынын өткізу, 75 республикалық және 45 халықаралық жарысқа қатысу. Соңғы нәтиже: олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын халықаралық деңгейдегі білікті спортшылармен толықтыру және материалдық-техникалық базаны жақсарту. Қаржы-экономикалық нәтиже: мектеп-интернаттарда бір оқушыны оқытуға кететін шығынның құны - 766,3 мың теңге және олимпиада резерві мектептерінде бір спортшының даярлығына кететін шығынның құны - 292,9 мың теңгені құрайды. Уақтылығы:»халықаралық дәрежеде 182 спортшы және республика құрама командаларына келешегі бар үміткерлер дайындап шығару, оқу жоспары бойынша оқушылар даярлау және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, спорттық іс-шараларды өткізу күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық іс-шараларға қатысу. Сапасы: республикалық және халықаралық жарыстарда, сондай-ақ Олимпиадалық ойындарда жүлделі орындарды иеленуге және жоғары нәтижелер көрсетуге қабілетті спортшыларды даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 55-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Спорт объектілерін салу және реконструкциялау» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 13869565 мың теңге (он үш миллиард сегіз жүз алпыс тоғыз миллион бес жүз алпыс бес мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 27-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы желтоқсандағы № 230 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу, халықаралық спорт аренасында Қазақстанның беделін арттыру, спортшыларды даярлауға жағдайлар туғызу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматыны және бүкіл Қазақстанды азия өңірінің спорт көшбасшыларына айналдыратын жоғары дәрежелі спортшылар даярлау үшін қажетті базаны, әлемдік стандарттағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының кең желісін салу. Спорт ғимараттарының жағдайын жақсарту және халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға бейімдеу. ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1255 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1255 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында күніне 290 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық велотректің құрылысын аяқтау; Алматы облысында күніне - 487 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық олимпиадалық дайындық базасын және Щучье қаласында күніне 380 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық шаңғы базасын салу (құрылыс-жөндеу жұмыстарының, жалпы құнының 68% мемлекеттік сараптамадан өткен, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес). Азия ойындарын өткізу үшін шаңғы трамплиндерінің (К-90, К-120) құрылысын, шаңғы және биатлон стадионының құрылысын салу, «Медеу» спорт кешенін, қалыпқа келтіру. Астана қаласында көп функционалдық Олимпиадалық даярлау орталығын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу. Соңғы нәтиже: Республикалық спорт объектілерін пайдалануға беру велосипед спортынан жоғары дәрежелі спортшылардың, олимпиадалық спорт түрлері бойынша және шаңғы спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спортшылардың даярлығы үшін, халықтың қыс мезгілінде белсенді демалуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Қаржы-экономикалық нәтиже: инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігіне бағалау жүргізудің негізінде анықталатын болады. Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес орындалған жұмыс келісіміне сәйкес. Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |