|
|
|
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері (2014.24.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2014.24.09. № 1011 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1818 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.02.12. № 1127 Қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1818 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттік туралы ереженің 20 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. «Ақмола облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Қарағанды облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Астана қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 2. «Ақтөбе облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Батыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 3. «Алматы облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Алматы қаласы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 4. «Атырау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Маңғыстау облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 5. «Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Қызылорда облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 6. «Қостанай облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы баскарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; 7. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі, «Павлодар облысы бойынша Монополияға қарсы басқарма» мемлекеттік мекемесі біріктіру жолымен «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті корғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
ҚР Үкіметінің 2014.24.09. № 1011 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) туралы
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) аумақтық бөлімшелері — мемлекеттік мекемелерінің тізбесі ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1818 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) қарамағындағы ұйымдардың тізбесі ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1818 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 13 «Басқалар» функционалдық тобында: 9 «Басқалар» кіші функциясында: мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын: «602 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік): 001 Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету: 001 Орталық органның аппараты 002 Аумақтық органдардың аппараттары 007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру 009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру 017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету; 100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу: 022 Резервтің есебінен іс-шаралар 023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер; 101 Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу; 105 Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау; 109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу: 022 Резервтің есебінен іс-шаралар 023 Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер». 3. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 13 «Басқалар» функционалдық тобында: 09 «Басқалар» кіші функциясында: 233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бойынша «2 365 199» деген сандар «2 142 470» деген сандармен ауыстырылсын; 001 «Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасындағы «2 128 959» деген сандар «1 906 230» деген сандармен ауыстырылсын; 001 «Орталық органның аппараты» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «1 218 952» деген сандар «1 149 115» деген сандармен ауыстырылсын; 002 «Аумақтық органдардың аппараттары» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «359 605» деген сандар «241 460» деген сандармен ауыстырылсын; 007 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «35 545» деген сандар «34 295» деген сандармен ауыстырылсын; 009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «109 884» деген сандар «105 364» деген сандармен ауыстырылсын; 017 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «231 624» деген сандар «202 647» деген сандармен ауыстырылсын; 09 «Басқалар» кіші функциясында: мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын: «602 Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) 222 729 001 Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету 222 729 001 Орталық органның аппараты 69 837 002 Аумақтық органдардың аппараттары 118 145 007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру 1 250 009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру 4 520 017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету 28 977». 4. «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын: «28-1) 372-1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттігі)»; көрсетілген қаулыға 315-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құны: 1 906 230 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз алты миллион екі жүз отыз мың теңге).»; 2-тармақта «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы;» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақтың 8) тармақшасында «және бәсекелестікті қорғау, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен» деген сөздер алып тасталсын; 7-тармақтың 15) тармақшасында «140» деген сандар «88» деген сандармен ауыстырылсын, «42» деген сандар «20» деген сандармен ауыстырылсын; осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 372-1-қосымшамен толықтырылсын.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 372-1-қосымша
602 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттігі)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2008 жылға арналған «Бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 222 729 мың теңге (екі жүз жиырма екі миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21-24-баптары; «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығы; «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; «Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысы; «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекелестікті қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу жолымен қалыптастыру және жетілдіру; өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және дағдыны жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1) Бәсекелестікті қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру; 2) тауар нарықтарын зерттеу; 3) кемінде 50 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге, оның ішінде аумақтық бөлімшелердің кемінде 35 адамын оқыту; 4) орталық аппарат және оның аумақтық органдары мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби деңгейін арттыру; 5) Агенттікті материалдық-техникалық жарақтандыру; 6) техникалық құралдарды,, шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу; Интернет желісіне ену қызметтерін сатып алу; есептеу техникасының құралдарына қызмет көрсету; ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу. Түпкі нәтиже: тауар нарықтарының шоғырлану деңгейін, тауар нарықтары құрылымдарының көрсеткіштерін айқындау, тауар нарығына кіру және шығу кедергілерін айқындау, бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, ақпараттық жүйе техникасына қызмет көрсету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын 25 000 теңгені құрайды, саны 30 бірлік жиһазды сатып алу, саны 6 бірлік көшіру-көбейту аппараттарын сатып алу, құрал-жабдықты ағымдық жөндеу және техникалық қызмет көрсету, ДЭЕМ алдын алу шаралары. Уақытылығы: жасалған шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес уақтылы орындау. Сапасы: бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру, кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандыру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |