|
|
|
Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесін бекіту туралы (2014.03.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі; 2) Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген
Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кешенді экологиялық рұқсаттар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және табиғат пайдаланушыларға кешенді экологиялық рұқсаттарды беру тәртібін белгілейді. 2. Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушының қоршаған ортаға эмиссияларды ең озық қолжетімді технологияларды енгізу және эмиссиялардың техникалық нормативтерін сақтау шартымен жүзеге асыру құқығын куәландыратын бірден-бір құжат болып табылады. 3. Кешенді экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуді және табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруды көздейтін ең озық технологияларды енгізуді жоспарлаған жағдайда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың орнына беріледі. 4. Кешенді экологиялық рұқсатқа енгізілетін ең озық қолжетімді технологиялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ең озық технологиялардың тізбесіне сәйкес болуы тиіс. 5. Эмиссиялардың тиісті нормативтері және табиғат пайдалану шарттары кешенді экологиялық рұқсатта ағымдағы жағдайға (өтінім беру сәтіне) және ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне көрсетіледі. 6. Қазақстан Республикасында табиғат пайдаланушы жүзеге асыратын өндірістік үдерістің түрі бойынша техникалық үлестік нормативтер бекітілген жағдайда, кешенді экологиялық рұқсатта оларға қол жеткізу жөніндегі шарттар белгіленеді.
2. Кешенді экологиялық рұқсаттар беру тәртібі
7. Кешенді экологиялық рұқсат алу үшін табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мына құжаттарды қоса бере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім береді: 1) қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі бөліммен көзделіп отырған қызметтің жобасына және техникалық үлестік нормативтерді қамтитын эмиссиялар нормативтерінің жобасына мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындыларының көшірмелері; 2) ең озық қолжетімді технологияларға қол жеткізуге көшу бағдарламасының жобасы; 3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы; 4) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі. 8. Кешенді экологиялық рұқсатты алуға өтінімдерді беру ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді жоспарлап отырған табиғат пайдаланушы қолданыстағы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың мерзімі аяқталуына не жаңа объектіні (жаңа қызметті) пайдалануға қосуға дейін төрт айдан кешіктірмей жүзеге асырады. 9. Өтінім тіркелген сәттен бастап екі айдан аспаған мерзімде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұсынылған материалдардың толықтығына өтінімді қарайды. Осы мерзімнің ішінде ұсынылған өтінім бойынша қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін. Бұл мерзім өткеннен кейін өтінім қарауға қабылданады не ұсынылған материалдардың жеткіліксіздігіне байланысты қайтарылады. 10. Қабылданған өтінімдерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтінім тіркелген күнінен бастап үш айдан аспайтын мерзімде қарайды. Бұл мерзім өткеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган кешенді экологиялық рұқсат береді не кешенді экологиялық рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. 11. Кешенді экологиялық рұқсат осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі. 12. Кешенді экологиялық рұқсат қолданылатын технологиялардың және осы рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарының өзгеруі сәтіне дейін қолданылады. Кешенді экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңінде табиғат пайдаланушы бұрын ұсынылғандарының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік экологиялық сараптаманың тиісті қорытындыларын уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар алу мүмкін болатын өнеркәсіп объектілері үлгілерінің тізбесі
1. Энергетика саласының өнеркәсіптік объектілері: 1) 50 МВт-дан астам жылу қуатын номиналды тұтынатын қоқыс жағу қондырғылары; 2) Мұнай және газ өңдеу зауыттары; 3) Кокс пештері; 4) Көмірді газдауға және газды сұйылтуға арналған қондырғылар.
2. Металдарды өндіру және өңдеу жөніндегі өнеркәсіп объектілері: 1) Металл рудаларын (сульфитті руданы қоса) күйдіруге және пісіруге арналған қондырғылар; 2) Өнімділігі сағатына 2,5 тоннадан астам тоқтаусыз құю қондырғыларын қоса, шойынды немесе болатты (бірінші және екінші балқыту) өндіруге қондырғылар; 3) Қара металдарды өңдеуге арналған қондырғылар: өнімділігі сағатына 20 тоннадан астам рафинадталмаған болатты ыстық илектеу стандарты; энергиясы бір балғаға 50кДж асатын, пайдаланылатын жылу құраушы қабілеті 20 МВт-тан асатын балғалары бар ұстаханалар; өнімділігі сағатына 2 тоннадан астам рафинадталмаған болаттың қорғаныштық балқытылған металл жабындыларын жағу; 4) Өнімділігі күніне 20 тоннадан астам қара металл құюға арналған цехтар; 5) Металлургиялық, химиялық немесе электролиттік үдерістер негізінде рудадан, байытылған өнімдерден немесе қайталама шикізаттан бастапқы түсті металдарды өндіруге: түсті металдарды легирлеуді қоса алғанда, регенерацияланған өнімдерді (тазартуды, құюды және басқаларын) қоса, қорғасын мен кадмий үшін күніне 4 тоннадан астам немесе барлық өзге металдар үшін күніне 20 тонна өнімділікпен балқытуға арналған қондырғылар; 6) Электролиттік немесе химиялық үдерістер негізінде металдар мен пластикалық материалдарды беткі өңдеуге арналған қондырғылар, ондағы күбілердің көлемі 30 м-ден асады.
3. Минералдық шикізатты өңдеу жөніндегі өнеркәсіп объектілері: 1) Өнімділігі күніне 500 тоннадан астам барабанды пештерде цементті клинкер немесе өнімділігі күніне 50 тоннадан астам барабанды пештерде немесе өнімділігі күніне 50 тоннадан астам өзге пештерде әк өндіруге арналған қондырғылар; 2) Асбест өндіруге және асбестке негізделген өнімдерді дайындауға арналған қондырғылар; 3) Шыны талшықты қоса алғанда, өнімділігі күніне 20 тоннадан астам шыны дайындауға арналған қондырғылар; 4) Минералды талшық өндіруді қоса алғанда, өнімділігі күніне 20 тоннадан астам минералдық заттарды балқытуға арналған қондырғылар; 5) Күйдіру жолымен керамикалық бұйымдар, өнімділігі күніне 75 тоннадан астам, атап айтқанда, жабынды черепица, кірпіштер, өртке төзімді материалдар, қыш тақша, балшық немесе фарфор бұйымдарын өндіруге немесе пештердің сыйымдылығы 4 м-ден астам және бір пешке отырғызу тығыздығы 300 кг/м-ден астам қондырғылар.
4. Химия өнеркәсібінің өнеркәсіптік объектілері: 1) Мынадай негізгі органикалық химиялық заттарды өндіруге арналған химиялық қондырғылар: қарапайым көмірсутектер (желілік немесе циклдік, қаныққан немесе қанықпаған; алифатикалық немесе хош иісті); спирттер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, ацетаттар, асқын оксидтер, эпоксидті шайырлар сияқты құрамында оттегі бар көмірсутектер; күкіртті көмірсутектер; аминдер, амидтер, азотты қосылыстар, нирто-қосылыстар немесе нитратты қосылыстар, нитрилдер, цианаттар, изоцианаттар сияқты азотты көмірсутектер; құрамында фосфор бар көмірсутектер; галогенді көмірсутектер; металды органикалық қосылыстар; негізгі пластикалық материалдар (полимерлер, синтетикалық талшықтар және целлюлоза негізіндегі талшықтар); синтетикалық каучуктар; бояғыштар мен пигменттер; беткі белсенді заттар және сурфактанттар; 2) Мынадай негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіруге арналған химиялық қондырғылар: аммиак, хлор немесе хлорлы сутегі, фтор немесе фторлы сутегі, көміртегі тотықтары, күкірт қосылыстары, азот тотықтары, сутегі, күкіртті газ, көміртегінің хлорлы тотығы сияқты газдар; хром қышқылы, фторлы сутекті қышқыл, фосфор қышқылы, азот қышқылы, тұз қышқылы, күкірт қышқылы, олеум, күкіртті қышқылдар сияқты қышқылдар; ащы аммиак, калий гидрототығы, натрий гидрототығы сияқты сілтілер; мұсатыр, хлорлы калий, калий карбонаты, көмірқышқыл натрий, перборат, ляпис сияқты тұздар; металлоидтер, металл тотықтары немесе кальций карбиді, кремний, кремний карбиді сияқты өзге бейорганикалық қосылыстар; 3) Фосфор, азот немесе калий негізіндегі тыңайтқыштарды (қарапайым немесе күрделі минералдық тыңайтқыштарды) өндіруге арналған химиялық қондырғылар; 4) Өсімдіктер мен биоцидтерді қорғау үшін негізгі препараттарды өндіруге арналған химиялық қондырғылар; 5) Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіруге химиялық немесе биологиялық үдерістер пайдаланылатын қондырғылар; 6) Жарылғыш заттарды өндіруге арналған химиялық қондырғылар.
5. Қалдықтарды басқару жөніндегі өнеркәсіптік объектілер: 1) Өнімділігі күніне 10 тоннадан астам, зиянды қалдықтарды жоюға немесе кәдеге жаратуға арналған қондырғылар; 2) Өнімділігі сағатына 3 тоннадан астам, тұрмыстық қалдықтарды жағуға арналған қондырғылар; 3) Өнімділігі күніне 50 тоннадан астам, қауіпсіз қалдықтарды жоюға арналған қондырғылар; 4) Инертті қалдықтар үйінділерін алып тастағанда, күніне 10 тоннадан астам қабылдайтын немесе жалпы сыйымдылығы 25 000 тоннадан астам қоқыс үйінділері.
6. Өндірістік қызметтің өзге түрлерінің өндірістік объектілері: 1) Мыналарды ендіруге өнеркәсіптік кәсіпорындар: сүректен целлюлозаны немесе өзге талшықты материалдарды; өнімділігі күніне 20 тоннадан астам, қағаз бен картон. 2) Талшықтарды немесе маталарды алғашқы өңдеуге (шаю, ағарту, зерлеу секілді үдерістерді қосатын) немесе үгуге өнімділігі күніне 10 тоннадан астам зауыттар; 3) Былғары шикізатты тоңдауға өнімділігі күніне 12 тонна дайын өнімнен астам зауыттар; 4) Өнімділігі күніне 20 тонна еттен астам қасапханалар: Мыналардан азық-түлік өнімдерін даярлау үшін арналған шикізатты өңдеу: өнімділігі күніне 75 тонна дайын өнімнен астам шығу тегі жануар шикізатты (сүттен басқа); өнімділігі күніне 300 тонна дайын өнімнен астам (тоқсандық негіздегі орташа мәні) шығу тегі өсімдік шикізатты; Қабылданатын сүттің мөлшері күніне 200 тоннадан астам кездегі (жылдық негіздегі орташа мән) сүтті өңдеу; 5) Малдардың тұтас еттерін және мал тектес қалдықтарды кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге өнімділігі күніне 10 тоннадан астам қондырғылар; 6) Мынадан астам үй құстарын және шошқаларды қарқынды өсіруге арналған қондырғылар: үй құстары үшін 40 000 орын; етті шошқалар үшін (30 кг-ден астам) 2 000 орын немесе мегежіндер үшін 750 орын. 7) Органикалық еріткіштерді қолданумен заттарды, бұйымдарды немесе өнімдерді беткі өңдеуге, жеке алғанда қырнауға, басуға, жабынды жағуға, майсыздандыруға, ылғалдан оқшаулауға, желімдеуге, бояуға, жууға және жұғындыруға тұтыну көлемі сағатына 150 кг немесе жылына 200 тоннадан астам қондырғылар; 8) Жағу немесе графиттеу жолымен көміртегін (антрацит) немесе көміртек графитті өндіруге арналған қондырғылар.
1-қосымша
Кешенді экологиялық рұқсат алуға өтінім
______________________________________________________________ (табиғат пайдаланушының атауы) ____________________________________________________________________ (табиғат пайдаланушының заңды мекен-жайы)
1. Жалпы ақпарат Байланыс телефондары, факс__________________________________________ Өтінім беріліп отырған өнеркәсіптік объектінің атауы_______________________________________ Табиғат пайдаланушының санаты (объектінің қауіптілігі санаты)_____________________________________ Табиғат пайдаланушының есептік нөмірі*_____________________________________________________ Салық төлеушінің тіркеу нөмірі _____________________________________________________________ СТН (ЖСН, БСН)**
2. Табиғат пайдалану жүзеге асырылатын өнеркәсіптік алаңдардың орналасқан жері туралы деректер:
1-кесте
Өнеркәсіптік алаңдардың орналасуы туралы деректер
3. Жылдар бойынша ластаушы заттар қалдықтардың сұрау салынатын көлемдері
2-кесте
Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының көздері
а) өтінім беру сәтіне
кестенің жалғасы
б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне
кестенің жалғасы
3-кесте
Газ тазартушы қондырғылардың сипаттамасы
а) өтінім беру сәтіне
б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне
4-кесте
Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі
а) өтінім беру сәтіне
Ескертпе. * Эмиссиялардың үлестік көрсеткіштері белгіленген тәртіппен бекітілген жағдайда
б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне
Ескертпе. * Эмиссиялардың үлестік көрсеткіштері белгіленген тәртіппен бекітілген жағдайда
5-кесте
Ластаушы заттардың сарқынды сулармен төгінділерінің көлемдері
а) өтінім беру сәтіне
Ескертпе. * Эмиссиялардың үлестік көрсеткіштері белгіленген тәртіппен бекітілген жағдайда
б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне
Ескертпе. * Эмиссиялардың үлестік көрсеткіштері белгіленген тәртіппен бекітілген жағдайда
6-кесте
Қалдықтарды орналастыру көлемдері
а) өтінім беру сәтіне
Ескертпе. * Эмиссиялардың үлестік көрсеткіштері белгіленген тәртіппен бекітілген жағдайда
б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне
Ескертпе. * Эмиссиялардың үлестік көрсеткіштері белгіленген тәртіппен бекітілген жағдайда
7-кесте
4. Шикізат, аралық және түпкілікті өнімдер туралы ақпарат
а) өтінім беру сәтіне
б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне
8-кесте
5. Өндіріс қалдықтарын басқару жүйесі туралы ақпарат
а) өтінім беру сәтіне
б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне
Ескертпе. Сондай-ақ қалдықтарды басқару жүйесінің егжей-тегжей сипаттамасы қоса беріледі.
9-кесте
6. Шикізат пен энергияны тұтыну туралы
а) өтінім беру сәтіне
б) ең озық қолжетімді технологияларға көшуді аяқтау сәтіне
10-кесте
7. Төтенше жағдайларға дайындық
Төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бағдарламасы
11-кесте
8. Ең озық қолжетімді технологияларды енгізудің мерзімдері және шарттары
Ең озық қолжетімді технологияларға көшу бағдарламасы
Ескертпе * Енгізілетін технологияларды ең озық қолжетімді технологиялар санатына жатқызуды растау (ең озық қолжетімді технологиялардың бекітілген тізбесіне немесе мемлекеттік сараптамадан өткен басқа жобалық құжаттамаға сілтеме)
9. Табиғат пайдаланудың ұсынылатын шарттары: ____________________________________________________________________
Осымен табиғат пайдалану шарттары бұл өтінімде сипатталғанға сәйкес болатындығын растаймыз.
10. Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________
Кәсіпорын басшысы _______________ __________________________ (жеке тұлға) (жеке қолы) (қолдың толық жазылуы)
Ескертулер: *Табиғат пайдаланушының есептік нөмірі ол берілген жағдайда көрсетіледі ** Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмір (БСН) олар болған жағдайда көрсетіледі
ҚР Үкіметінің 2014.03.06. № 607 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-қосымша
Нысан
Сериясы № 00000 A-W
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
Кешенді экологиялық рұқсат ______________________________________________________________ (табиғат пайдаланушының атауы) ____________________________________________________________________ (табиғат пайдаланушының заңды мекен-жайы)
СТН (ЖСН, БСН)*_________________________________________________________________________________ Салық төлеушінің тіркеу нөмірі Табиғат пайдаланушының есептік нөмірі**_____________________________________________________________ Өнеркәсіптік объектінің атауы________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________ Өнеркәсіптік объектінің орналасқан жері_______________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________ Ең озық қолжетімді технологияларға жету мерзімі________________________________________________________ Осымен табиғат пайдаланушыға қоршаған ортаға эмиссиялармен (әсерлермен) ілесетін мына іс-әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат етіледі: 1. Осы рұқсатқа 1-қосымшада көрсетілген жеке көздер бойынша зиянды заттар шығарындыларының нормативтеріне сәйкес атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын ағымдағы жағдайға_____тоннадан аспайтын, ең озық қолжетімді технологияларға көшкен кезде _____ тоннадан аспайтын квота (лимит) көлемінде жүргізу. 2. Осы рұқсатқа 2-қосымшада көрсетілген жеке көздер бойынша зиянды заттар төгінділерінің нормативтеріне сәйкес атмосфераға ластаушы заттар төгінділерін ағымдағы жағдайға _____ тоннадан аспайтын, ең озық қолжетімді технологияларға көшкен кезде _____ тоннадан аспайтын квота (лимит) көлемінде жүргізу. 3. Осы рұқсатқа 3-қосымшада көрсетілген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтеріне сәйкес өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруды ағымдағы жағдайға _____ тоннадан аспайтын, ең озық қолжетімді технологияларға көшкен кезде _____ тоннадан аспайтын квота (лимит) көлемінде жүргізу.
мына шарттарды сақтау шарты мен:
4. Ең озық қолжетімді технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын (жоспарын) мерзімінде және осы рұқсатқа 4-қосымшада көрсетілген қаражатты сақтай отырып орындау.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |