|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі, Түрікменстан Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия өңірінің табиғи газын тасымалдау үшін қазіргі газ көлігі жүйесін қайта құру және жаңа қуаттарды құру бойынша төрт мемлекеттің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі, Түрікменстан Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия өңірінің табиғи газын тасымалдау үшін қазіргі газ көлігі жүйесін қайта құру және жаңа қуаттарды құру бойынша төрт мемлекеттің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қою туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі, Түрікменстан Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия өңірінің табиғи газын тасымалдау үшін қазіргі газ көлігі жүйесін қайта құру және жаңа қуаттарды құру бойынша төрт мемлекеттің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |