|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 182 қаулысымен Мақұлданған
жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі, Түрікменстан Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ресей Федерациясы Президентінің, Түрікменстан Президенті мен Өзбекстан Республикасы Президентінің Орталық Азия өңіріндегі газ көлігі қуаттарын дамыту туралы 2007 жылғы 12 мамырдағы Бірлескен декларациясын басшылыққа ала отырып, табиғи газды ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу үшін көлік қуаттарын дамыту мақсатында, оның ішінде Ресей Федерациясы мен Түрікменстанның арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 10 сәуірдегі келісімге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы 2001 жылғы 28 қарашадағы келісімге сәйкес, «Газпром» ашық акционерлік қоғамы мен «Өзбек мұнай-газ» ұлттық холдинг компаниясының арасындағы газ саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы 2002 жылғы 17 желтоқсандағы келісімді назарға ала отырып, Тараптар мемлекеттерінің газ салаларын кіріктіру негізінде түрікмен, өзбек және қазақ газын тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында, Тараптардың осы Келісімнің мақсаттарын іске асыру үшін қажетті жеткілікті қаржылық мүмкіндіктері мен табиғи газ ресурстарының бар екенін ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар Түрікменстанның, Өзбекстан Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтары бойынша Орталық Азия өңірінің табиғи газын тасымалдау үшін қазіргі газ көлігі жүйесін қайта құру және жаңа қуаттарды құру жөніндегі жобаны (бұдан әрі - жоба) іске асыруды қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыруды мынадай уәкілетті ұйымдар жүзеге асырады: Қазақстан Тарапынан - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы; Ресей Тарапынан - «Газпром» ашық акционерлік қоғамы; Түрікменстан Тарапынан - «Түрікменгаз» мемлекеттік концерні; Өзбекстан Тарапынан - «Өзбек мұнай-газ» ұлттық холдинг компаниясы. Жоба бойынша барлық құқықтар мен міндеттердің көшуін көздейтін уәкілетті ұйымдар ауысқан жағдайда Тараптар бұл туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Тараптар уәкілетті ұйымдардың жобаны іске асыру бағдарламасын келіскенін және жүзеге асырып жатқанын ескереді, онда мыналар қамтылған: Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында қазіргі газ көлігі жүйесі объектілерінің техникалық жай-күйіне аспаптық тексеру жүргізу; жоба шеңберінде табиғи газдың кепілдендірілген көлемін тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында кен орындарын кезең-кезеңмен игере отырып, жобаны іске асыруды үйлестіру бағдарламасын дайындау; Каспий маңы газ құбыры бойынша түсетін газдың көлемін ескере отырып, Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында іске асырылатын Жобаның жекелеген бөліктерінің техникалық-экономикалық негіздемесінің негізінде техникалық-экономикалық қорытатын есепті бірлесіп дайындау; техникалық-экономикалық негіздемелер бойынша жұмыстардың бастапқы деректерінің және жекелеген нәтижелерінің құрамын және беру тәртібін айқындау.
Тараптар Жобаны практикалық іске асыруды бастауды 2008 жылдың бірінші жарты жылдығынан бастап бекітілген техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде және Жобаны бірлесіп іске асырудың негізгі қағидаттары туралы келісімнің (келісімдердің) негізінде қамтамасыз етеді. Жобаны Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының аумағында іске асыруды, кез келген Тарап өз мемлекетінің аумағында өзгеше шешім қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, тиісті Тараптың уәкілетті ұйымы өз бетінше қамтамасыз етеді және жүзеге асырады. Жобаны іске асыру басталғанға дейін уәкілетті ұйымдар жобаны бірлесіп іске асырудың негізгі қағидаттары туралы тиісті келісім жасасады, онда өзгелерден басқа: жобаның объектілерін бірыңғай инфрақұрылымдық объект ретінде жобалау, қайта құру, салу және пайдалану; тариф және баға белгілеу; осы Келісімнің қолданылу кезеңінде уәкілетті ұйымдардың арасындағы коммерциялық қатынастарды реттеу, оның ішінде ұзақ мерзімдік және орта мерзімдік коммерциялық шарттардың (келісім-шарттардың) негізінде кейіннен оларды сатып алу-сату көлемдері бойынша, сондай-ақ газ тасымалдау жөніндегі міндеттемелерді көздейтін табиғи газды сатып алуға және тасымалдауға арналған ұзартумен өзара кепілдіктер беру туралы; Жобаны қаржыландыру; Жоба шеңберінде құрылған қуаттар бойынша өзара тиімді жағдайларда табиғи газды тасымалдау; құпиялылық; газдың ауысымдық жеткізілімдері туралы ережелер қамтылады.
Жобаны іске асыру мақсатында Тараптардың әрқайсысы өздері бұрын қабылдаған міндеттемелерді растайды және мынадай міндеттемелерді қабылдайды: Қазақстан Тарапы: өзінің газ көлігі жүйесі бойынша транзит режимінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жыл сайын 60-70 млрд. текше метр көлемінде түрікмен газын және жыл сайын 17 млрд. текше метрге дейінгі көлемде өзбек газын тасымалдауға кепілдік береді және өзінің уәкілетті ұйымы арқылы: өз мемлекетінің аумағындағы қазіргі газ көлігі жүйесінің жылдық өнімділігін ұлғайтуды және түрікмен, өзбек және қазақстан газын жиынтық көлемінде 97 млрд. текше метрге дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасына дейін «Александров Гай», «Ақкөл» және «Домбаровка» (кедендік шекарасы арқылы газ өткізу пункттері) газ өлшеу станциялары арқылы тасымалдау үшін жаңа қуаттар құруды қамтамасыз етеді; жыл сайын Қазақстан газын Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасына («Александров Гай», «Ақкөл» және «Домбаровка» газ өлшеу станциялары) дейін жеткізуді және әділ нарықтық баға бойынша 10 млрд. текше метрге дейін Ресей Тарапының уәкілетті ұйымына сатуды қамтамасыз етеді. Ресей Тарапы: Ресей Федерациясы мен Түрікменстанның арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 10 сәуірдегі келісімге сәйкес жыл сайын 2003 жылғы 10 сәуірдегі көрсетілген келісім бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындау ретінде Түрікменстанның Өзбекстан Республикасымен шекарасында (Түрікменстан аумағындағы «Дерьялық» газ өлшеу станциясы) 60-70 млрд. текше метр көлемінде түрікмен газын сатуға, тасымалдауға және ақысын төлеуге кепілдік береді; және өзінің уәкілетті ұйымы арқылы: жеткізуші елдің шекарасында уәкілетті ұйымдармен келісілген әділ нарық бағасы бойынша жыл сайын жиынтық көлемі 97 млрд. текше метрге дейін түрікмен, өзбек және қазақстан газын сатып алуды қамтамасыз етеді; сатып алынған түрікмен және өзбек газын Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының аумақтары бойынша тасымалдауды ұйымдастыруды және жасасылған шарттарға (келісім-шарттарға) сәйкес осы тасымалдаудың ақысын төлеуді қамтамасыз етеді; өз мемлекетінің аумағындағы газ көлігі жүйесінің жылдық өнімділігін ұлғайтуды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасында («Александров Гай», «Ақкөл» және «Домбаровка» газ өлшеу станциялары арқылы) түрікмен, өзбек және қазақстан газын жиынтық көлемінде 97 млрд. текше метрге дейінгі көлемде қабылдау үшін жаңа қуаттар құруды және кейіннен тасымалдауды қамтамасыз етеді; газ көлігі жүйесінің жиынтық жылдық өнімділігін 87 млрд. текше метрге дейін жеткізу мақсатында түркімен газының сатып алынатын көлемін тасымалдау үшін Өзбекстан Тарапының жәрдемімен Өзбекстан Республикасының аумағында Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасымен шекарасына («Бейнеу» және «Оңтүстік Үстірт» газ өлшеу станциялары арқылы) дейін жаңа қуаттар құруды қамтамасыз етеді. Түрікменстан Тарапы: Ресей Федерациясы мен Түрікменстанның арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы 2003 жылғы 10 сәуірдегі келісімге сәйкес жыл сайын 2003 жылғы 10 сәуірдегі көрсетілген келісім бойынша міндеттемелердің бір бөлігін орындау ретінде Түрікменстанның Өзбекстан Республикасымен шекарасына Ресей Федерациясына 60-70 млрд. текше метр көлемінде түрікмен газын жеткізуге кепілдік береді; және өзінің уәкілетті ұйымы арқылы өз мемлекетінің аумағындағы қазіргі газ көлігі жүйесінің жылдық өнімділігін ұлғайтуды және (немесе) 70 млрд. текше метрге дейінгі газды Түрікменстанның Өзбекстан Республикасымен шекарасына («Дерьялық» газ өлшеу станциясы) дейін тасымалдау үшін жаңа қуаттар құруды қамтамасыз етеді. Өзбекстан Тарапы: газ көлігі жүйесінің жиынтық жылдық өнімділігін 87 млрд. текше метрге дейін жеткізу мақсатында түрікмен газының сатып алынатын келемін Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасымен шекарасына («Бейнеу» және «Оңтүстік Үстірт» газ өлшеу станциялары) дейін тасымалдау үшін жаңа қуаттарды құруда және пайдалануда Ресей Тарапына жәрдем көрсетеді; жыл сайын 60-70 млрд. текше метр көлемінде түрікмен газын тасымалдауға кепілдік береді; және өзінің уәкілетті ұйымы арқылы: жыл сайын 17 млрд. текше метрге дейінгі өзбек газын Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасымен шекарасына («Бейнеу» және «Оңтүстік Үстірт» газ өлшеу станциялары) дейін жеткізуді және Ресей Тарапының уәкілетті ұйымына сатуды қамтамасыз етеді; Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасымен шекарасына («Бейнеу» және «Оңтүстік Үстірт» газ өлшеу станциялары) дейін өз мемлекетінің аумағындағы қазіргі газ көлігі жүйесінің жылдық өнімділігін 56 млрд. текше метрге дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Табиғи газды Тараптар мемлекеттерінің нарықтарына ішкі тұтыну үшін қажетті көлемде жеткізу мүдделі Тараптардың уәкілетті ұйымдарының арасындағы жекелеген келісімдерге сәйкес, тікелей жеткізілімдер сияқты, айырбас операциялары жолымен де басым түрде жүргізіледі.
Тараптар уәкілетті ұйымдарға және олар тартатын Жобаға қатысушы мердігерлерге қолдау көрсетеді және Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес оларға қолайлы жағдайлар жасайды.
Осы Келісім шеңберінде Жобаға қатысушы уәкілетті ұйымдар мен мердігерлердің қызметіне салық салу Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы Келісім шеңберінде қандай да бір Тарап мемлекетінің заңнамасына Жобаға қатысушы уәкілетті ұйымдар мен мердігерлердің қызметіне салық салу жағдайларын төмендететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, Жобаның уәкілетті ұйымдары мен мердігерлеріне қайта құру, салу және пайдалану кезеңінде жобаның өзін-өзі өтеу мерзіміне жеткенге дейін салық салу осы Тарап мемлекетінің осы Келісімге қол қойылған күні қолданыста болған заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осы Келісімнің мақсаттары үшін салық салу жағдайларының нашарлауы деп жаңа салықтарды, алымдарды, баждарды және (немесе) өзге де осыған ұқсас төлемдерді енгізу, салықтық мөлшерлемелердің, алымдардың, баждардың және (немесе) өзге де осыған ұқсас төлемдердің мөлшерлерінің артуы түсіндіріледі. Осы баптың ережелері тек қана Жоба объектісін қайта құру, салу және пайдалану жөніндегі қызметке салық салуға қатысты қолданылады.
Осы Келісімнің орындалуын бақылауды үйлестіруді мынадай құзыретті органдар жүзеге асырады: Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Ресей Тарапынан - Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және энергетика министрлігі, Түрікменстан Тарапынан - Түрікменстанның Мұнай-газ өнеркәсібі және минералдық ресурстар министрлігі, Өзбекстан Тарапынан - Өзбекстан Республикасының Экономика министрлігі. Құзыретті орган ауыстырылған жағдайда дипломатиялық арналар арқылы әр Тарап бұл туралы басқа Тарапты дереу хабардар етеді.
Тараптар, оның ішінде құзыретті органдар арқылы, заңнамаға сәйкес өз мемлекеттерін ақпаратпен, оның ішінде осы Келісімді орындау шеңберінде жүзеге асырылатын қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілермен уақтылы алмасуын қамтамасыз етеді. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы Келісімді орындауға байланысты барлық мәселелер бойынша өз иелігінде бар ақпаратты басқа Тараптарға береді.
Тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындауға кедергі жасайтын жағдайлар немесе осы Келісім бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптардың құзыретті органдары туындаған жағдайларды не келіспеушіліктерді еңсеру және осы Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өзара қолайлы шешім қабылдау мақсатында тиісті консультациялар өткізеді. Құзыретті органдар арасындағы консультациялар арқылы жойылуы мүмкін емес осы Келісімнің ережелерін түсіндіру және (немесе) қолдануда Тараптар арасындағы келіспеушілік тиісті хаттамаларды ресімдеумен Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
Осы Келісімнің ережелері осы Келісімде аталмаған, олар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттар бойынша басқа Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды. Тараптар жобаға қатысудан туындайтын және осы Келісімнің 4-бабында көрсетілген келісімдерге сәйкес олар алған уәкілетті ұйымдардың міндеттемелері бойынша жауапты болмайды. Тараптар уәкілетті ұйымдардың жоба объектілерін қайта құру, салу және пайдалану шеңберінде өз міндеттемелерін тиісінше орындауын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.
Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімге 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Осы мерзім аяқталған соң ол, егер Тараптардың бірде-біреуі басқа Тарапты Келісімнің қолданылуының кезекті кезеңі біткенге дейін кем дегенде алты ай бұрын оның қолданылуын тоқтатуға өз ниетін білдіруі туралы жазбаша хабарламаса, әрбір кейінгі жылға автоматты түрде ұзартылатын болады. Осы Келісімнің қолданылуын тоқтату оның қолданылу кезеңінде осы Келісім шеңберінде жасалған шарттармен (келісім-шарттармен) көзделген міндеттемелердің орындалуын қозғамайды.
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарламалардың соңғысын алған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына қайшы келмейтін бөлігінде оған қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
2008 жылғы «___» _______________ қаласында қазақ, орыс, түрікмен және өзбек тілдерінде төрт данада жасалды, және де барлық мәтіндердің бірдей заңды күші бар. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін қолданылатын болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |