|
|
|
2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 88, 89, 90, 91 (құпия), 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99,100-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 88-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен; 2008.12.11. № 581д Қаулысымен 88-қосымша өзгертілді
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 89-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 89-қосымша өзгертілді
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 90-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 90-қосымша өзгертілді
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 91-ҚОСЫМША (құпия) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 91-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 92-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 92-қосымша өзгертілді
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 93-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен; 2008.12.11. № 581д Қаулысымен 93-қосымша өзгертілді
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 94-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 94-қосымша өзгертілді
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 95-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 95-қосымша өзгертілді
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 96-ҚОСЫМША
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 97-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен; 2008.12.11. № 581д Қаулысымен 97-қосымша өзгертілді
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 98-ҚОСЫМША
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 1. Құны: 534891 мың теңге (бес жүз отыз төрт миллион сегіз жүз тоқсан бір мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 39-бабы; «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 8 шілдедегі № 146 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы; «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы, «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын азық-түлікпен, жабдықпен және асханалық-ас үйлік ыдыспен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1281 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери кәсіпкерлік пен әскерлерді сапалы әскери даярлауды енгізу мақсатында әскери білім беру және әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кіші командалық құрам - сержантқа мұқтаждығын қамтамасыз ету; 2) сержанттардың және курсант-спортшылардың сапалы даярлығын қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін білікті мамандармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: оқитындардың контингенті: 820 адам, соның ішінде: кадет корпусы - 420 адам; спорт колледжі - 400 адам; «Кадет корпусын» бітірген курсанттар - 121 адам, оның ішінде 5 адам үздік; Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін кіші командалық құрам - кәсіпқой сержанттармен және Қарулы Күштердің әскери бөлімдері үшін дене даярлығы және спорт мамандарымен, дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушы оқытушылармен 100 пайыздық қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кадетті, курсантты ұстаудың және оқытудың орташа құны - жылына 819,6 мың теңге; «Әскери спорт колледжінің» бір курсантын ұстаудың және оқытудың орташа құны - жылына 553,7 мың теңге. Уақтылығы: оқу үдерісін және курсанттардың сапалы кәсіби даярлығына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жоспарланған іс-шараларды уақтылы орындау; оқуды аяқтағаннан кейін курсанттардың әскери бөлімдерде 5 жылдан кем емес міндетті қызметін атқаруы. Сапасы: жалпы саннан оқудан шығарылған курсанттар үлесі - 1 пайыз; жалпы саннан оқуды үздік бітірген әскери-кәсіптік білімді бітірушілер саны - 2,1 пайыз. Қызметтік қолдану үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 99-ҚОСЫМША
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін институционалдық дамыту» деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 987000 мың теңге (тоғыз жүз сексен жеті миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін геоақпараттық қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007-2012 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясы; «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери саясатты қалыптастыру, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылыс және даму бағыттарын айқындау үшін ғылыми тұғырнамасын құру, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әскери саладағы әскери-техникалық үдерісті қамтамасыз ету, әскери ғылымды дамыту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу. Әскери қызметшілерге, соның ішінде әскери қызметтің міндеттерін орындау кезінде жарақаттанған, контузия алған, зақымданған, мертіккен және науқастанған әскери ұшқыштарға, соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге, соғыс әрекеттерінің басқа да қатысушыларына, әскери қызметтен шығарылғандарға, әскери қызметтің міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттары, контузиялары, зақымдары мен науқастанулары салдарынан мүгедектік алғандарға; запастағы офицерлерді немесе полковник пен одан жоғары атақтағы отставкадағыларға, мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне, медициналық түсініктері болған кезде әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттары мен әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілеріне бұдан әрі санаторлық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1. әскери саясатты құру және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін трансформациялау мүдделерінде Қорғаныс министрлігінің қызметін аналитикалық қамтамасыз ету; 2. әлемдегі және өңірлердегі әскери-саяси және жедел-стратегиялық жағдай, үрдіс және оның шетел мемлекеттерінің Қарулы Күштерін дамыту стратегиясының перспективасы, оларды қаруландыру және әскери техника туралы ақпараттарды талдау; 3. Қарулы Күштер әскери құрылысының, дамуының және даярлығының негізгі бағыттарын анықтау бойынша ұсыныстарды, мемлекеттің егемендігін қорғау және аумақтық тұтастығы бойынша шараларды ғылыми негіздеу; 4. соғыс өнерін дамыту саласында ғылыми ізденістер өткізу; 5. қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін, ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін, әскерлер мен қаруды автоматтандырылған басқару жүйесін құру технологиясының мониторингі; 6. мемлекеттің әскери қауіпсіздік жүйесін жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу; 7. әскери қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін бағалау; 8. әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне санаторлық-курорттық емдеуді қамтамасыз ету үшін әскери санаторийге арнап салынған «Алтын құм» демалыс базасының ғимараты мен құрылысына қайта жаңарту жүргізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: әскери санаторий үшін «Алтын құм» демалыс базасының ғимараты мен құрылысын қайта жаңартуға және қайта жаңарту бойынша жұмыстарды бастауға жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу. «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ жарғылық капиталын құру. Түпкі нәтиже: әскери санаторийдің 1-кезеңін құруды аяқтау. «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ жарғылық капиталын құру. Уақтылығы: Ғимарат пен құрылысты қайта жаңарту бойынша жасалған шарт пен жұмыс кестесіне сәйкес. Сапасы: Good Scientific Practice u Good Laborotory Practice халықаралық басқару және ғылыми практикалық стандарттарының орындалған жұмыстарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 100-ҚОСЫМША
208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту» деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 6650 мың теңге (алты миллион алты жүз елу мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында»«электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде компьютерлік сауатсыздықты жою. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметкерлерін дербес компьютерді, интернетті, электрондық үкімет бағдарламасы ұсынатын қызметтерді пайдаланудың базалық элементтеріне оқыту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 25 024 әскери қызметшіге арналған компьютерлік сауаттылықты оқыту процесін ұйымдастыру; 68 компьютерді оқыту сыныбында Интернет желісіне рұқсат етуді ұйымдастыру. Түпкі нәтижелер: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде компьютерлік сауатсыздықты 60 пайызға жою; Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Стратегиясының іс-шараларын орындау. Қаржы-экономикалық нәтижелері: бюджет қаражатын тиімді игеру. Уақтылығы: жұмыстар мен қызметтерді жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес; қаржыландыру жоспарларына және мемлекеттік сатып алу жоспарларына сәйкес. Сапасы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің 60 пайызы компьютерлік сауаттылықты меңгереді; Қарулы Күштерін басқарудың тиімділігі артады; Қазақстан Республикасында әскери қызметшілердің мәртебесі және әскери қызметтің беделі артады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |