|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 792 Қаулысымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫЕТЕДІ: 1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде: 3-тармақтың 16) тармақшасындағы «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға» деген сөздерден кейін (;) қойылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын: «17) Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтін, өз қызметін Орталык Азия өңірлік экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары туралы келісім негізінде жүзеге асыратын адамдарға ». 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |