«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік (2007.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелері - халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын. 2. Мемлекеттік мекемелер қызметінің негізгі мәні осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және ресімделген құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету болып белгіленсін. 3. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітуді және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына 1-қосымша
Құрылатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелері - халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесi
1. Астана қаласы Алматы ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 2. Астана қаласы Алматы ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 3. Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 4. Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 5. Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 6. Алматы қаласы Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 7. Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 8. Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 9. Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 10. Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы 11. Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 12. Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 13. Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 14. Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 15. Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 16. Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 17. Қарағанды қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 18. Қарағанды қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 19. Қарағанды қаласының № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы 20. Қарағанды қаласының № 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы 21. Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 22. Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көpceту орталығы 23. Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 24. Шымкент қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 25. Шымкент қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 26. Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 27. Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 28. Өскемен қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы 29. Өскемен қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 30. Өскемен қаласының № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы
Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына 2-қосымша
«Жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және ресімделген құжаттарды беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер түрлерінің тізбесi
1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әділет органдары көрсететін мыналарды ресімдеу жөніндегі қызметтер: паспорт және жеке куәлік; уақытша жеке куәлік; азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жүргізілгендігі (тіркеуден алынғандығы) туралы белгісі бар азаматтарды тіркеу кітабы; азаматтық хал-актілерін тіркеу туралы қайталама куәлік; мынадай заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу, тіркеу туралы құжаттар; акционерлік қоғам; мемлекеттік кәсіпорын; мемлекеттік мекеме; мекеме; тұрғын үй-құрылыс кооперативі және тұрғын үй кооперативі; үй жайлар (пәтер) иелері кооперативі; селолық тұтыну кооперативі; өндірістік кооператив; тұтынушылар кооперативі; коммандиттік серіктестік; толық серіктестік; жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; қоғамдық бірлестік; діни бірлестік; қор; қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі; адвокаттар алқасы, нотариалдық палаталар, аудиторлар палаталары; филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, қайта тіркеу, заңды тұлғалардың таратылуын тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептен шығару туралы құжаттар; заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің телнұсқасы; міндетті түрде тіркелуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге, жылжымалы мүлік кепілдігіне құқықтарға (ауыртпалықтарға) жүргізілген тіркеу туралы тіркеу органының белгісі бар құқық белгілейтін құжаттың түпнұсқасы (нотариалды расталған көшірмелер); жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама; жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәләндырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелері. 2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін қызметтер* Әділет органдары мыналарды ресімдеу бойынша: туу туралы куәлікті; тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлікті; некені бұзу туралы куәлікті; жылжымайтын объектілердің техникалық паспортын. Қорғаныс министрлігі органдары мыналарды ресімдеу бойынша: запастағы офицерлерді әскери есепке қабылдауды және шығаруды; запастағы солдаттарды, сержанттарды әскери есепке қабылдауды және шығаруды; әскерге шақырылушыларды әскери есепке қабылдауды және шығаруды; жеңілдігі бар адамдарға (ҰОC-ғa қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтаманы; адамдарға әскери қызметтен өткенін растау туралы анықтаманы ресімдейді. Жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғаларға мыналарға арналған құқықтар aктісін ресімдеу бойынша: жер учаскесіне жеке меншікке; жерді тұрақты пайдалануға; жерді уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) пайдалануға (жалға алуға); жерді уақытша өтеусіз пайдалануға.
Ескерту: * осы Тізбенің 2-бөлімінде көрсетілген құжаттарды ресімдеу жөнінде өтініш беруші қандай ұйымға жүгінуге болатынын (халыққа қызмет көрсету орталығына немесе уәкілетті органға) дербес анықтайтын қызметтер түрлерінің тізбесі.
Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен алып тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара ) 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде: 10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтарында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36-жолдармен толықтырылсын: «7. «Астана қаласы Алматы ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 8. «Астана қаласы Алматы ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі 9. «Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 10. «Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 11. «Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 12. «Алматы қаласы Түрксіб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 13. «Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 14. «Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 15. «Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 16. «Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 17. «Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 18. «Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 19. «Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 20. «Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 21. «Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 22. «Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 23. «Қарағанды қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 24. «Қарағанды қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 25. «Қарағанды қаласының № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 26. «Қарағанды қаласының № 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі 27. «Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 28. «Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 29. «Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 30. «Шымкент қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 31. «Шымкент қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 32. «Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 33. «Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 34. «Өскемен қаласының № 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 35. «Өскемен қаласының № 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесi 36. «Өскемен қаласының № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі». 3. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген 11-бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1136». 4. «Астана және Алматы қалаларында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 21, 263-құжат): тақырыбындағы «Астана және Алматы қалаларында» деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақтағы «Астана және Алматы қалаларындағы» деген сөздер алынып тасталсын.
|