|
|
|
«Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясын құру туралы
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік холдинг компаниялары туралы» 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1138 қаулысын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылықты басқару органдарының жүйесін жетілдіру туралы» 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1291 Жарлығын орындау және республика экономикасының мұнай-газ секторында ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді: 1. «Қазақстанмұнайгаз» ұлттық мұнай компаниясы негізінде «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясы (бұдан былай «Мұнайгаз» компаниясы) құрылсын. 2. «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясы қайта құрылатын «Қазақстанмұнайгаз» Ұлттық компаниясының мүліктік құқығы мен міндеттерінің құқылы мұрагері болып табылады деп белгіленсін. 3. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында «Мұнайгаз» компаниясына оның еншілес акционерлік қоғамдарының: Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібін дамыту; көмір сутегі шикізатын іздестіру, барлау, өндіру, тасымалдау, өңдеу мен өткізу; Қазақстан Республикасының, ТМД мемлекеттерінің мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындары мен шет ел фирмалары арасындағы қаржы-шаруашылық байланыстарын реттеу және дамыту; жалпы мемлекеттік маңызы бар мұнай-газ кешенінің объектілерін салу, жобалау және жүргізілуін қамтамасыз ету белгіленген тәртіппен сараптама жасау және жобаларды бекіту, сондай-ақ оларды пайдалану;<*> өндірісті көп салалы етіп өркендету; озық технологияларды енгізуге, республиканың мұнай-газ өнеркәсібі мен мұнайлы аймақтарын тиімді әрі кешенді дамытуға бағытталған құрылымдық, кредит, инвестиция саясатын оңтайлы ету; көмір сутегі шикізатын беріп тұру және оның экспорты жөніндегі белгіленген тәртіппен келісілген өндірістік бағдарламаларды жүзеге асыру, мемлекеттің мұқтаждары үшін және үкіметаралық келісімдер бойынша мұнай, газ және мұнай өнімдері беріліп тұруын бақылауды ұйымдастыру; көмір сутегі шикізатын барлау, өндіру және оны экспортқа шығару құқығына лицензиялар беру туралы ұсыныс әзірлеу мәселелеріндегі іс-әрекетін үйлестіру жүктелсін. Ескерту. 3-тармақтың бесінші абзацы сөздермен толықтырылған -ҚРМК-нің 1994 ж. 8 желтоқсандағы № 1395 қаулысымен. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігімен, «Қазақстанмұнайгаз» компаниясымен бірлесіп, бір айлық мерзімде осы қаулыға қосылған тізбеге сәйкес бірлестіктердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың құрамында «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясын құру жөніндегі құжаттар пакетін қабылдап, "Мұнайгаз" компаниясының құрамына кіретін мұнай-газ кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдарының мемлекеттік мүлкін иелену, пайдалану және басқару құқығын Компанияға табыстауды көздейтін болсын. Мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлендірілуіне қарай Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы шегінде акционерлендіретін Компанияның құрамына кіретін мұнай-газ кешені кәсіпорындарының акцияларының, мемлекеттік пакеттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті сататыннан басқасы, Компанияның иеленуіне, пайдалануына және басқаруына берілетін болсын. 5. "Мұнайгаз" компаниясының орналасатын жері Алматы қаласы болып белгіленсін. 6. "Мұнайгаз" компаниясының басшыларын тағайындау мен бекіту Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін мемлекеттік реттеу мәселелері" деген 1993 жылғы 14 шілдедегі № 606 қаулысымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 7. Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің "Мұнай, газ барлау, өндіру, тасымалдау, өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу жөніндегі "Қазақстанмұнайгаз" мемлекеттік корпорациясы туралы" 1991 жылғы 24 шілдедегі № 445 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., № 18, 121-бап) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегі № 852 қаулысына Қосымша
«Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының құрамына кіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың Тізбесі
Мұнай мен газ өндіру «Маңғыстаумұнайгаз» өндіріс бірлестігі, Ақтау-2 қаласы «Қаражанбастермнефть» тәжірибе эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасы, Ақтау қаласы «Теңізмұнайгаз» өндіріс бірлестігі, Атырау облысының Құлсары поселкесі «Ембімұнай» өндіріс бірлестігі, Атырау қаласы «Ақтөбемұнай» өндіріс бірлестігі, Ақтөбе қаласы «Оңтүстікқазмұнайгаз» өндіріс бірлестігі, Қызылорда қаласы «Казнефтебитум» ғылыми-өндіріс бірлестігі, Алматы қаласы
Мұнай өңдеу
Атырау мұнай өңдеу зауыты, Атырау қаласы Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Шымкент қаласы
Мұнай көлігi
«Южнефтепровод» өндіріс бірлестігі, Ақтау қаласы Қазақстан мен Орта Азия магистралды мұнай құбырлары өндіріс бірлестігі, Павлодар қаласы Ақтөбе мұнай құбырлары басқармасы, Ақтөбе қаласы
Геофизика
«Мангышлакнефтегеофизика» өндіріс бірлестігі, Ақтау қаласы «Эмбанефтегеофизика» кәсіпорны, Атырау қаласы «Геоигіліксервис» акционерлік қоғамы, Атырау қаласы «Мұнайгеофизика» акционерлік қоғамы, Ақтөбе қаласы
Фирмалар
«Қазақстанмұнайгаз» сыртқы экономикалық фирмасы, Алматы қаласы «Қазақстанмұнайгаз» көтерме сауда-делдалдық фирмасы, Алматы қаласы Инфрақұрылым кәсіпорындары Каспий маңындағы өндірістік-техникалық байланыс басқармасы, Атырау қаласы Батыс Қазақстан өндірістік-техникалық байланыс басқармасы, Ақтөбе қаласы Шығыс Қазақстан өндірістік-техникалық байланыс басқармасы, Павлодар қаласы Каспий маңындағы монтаждау-реттеу басқармасы, Атырау қаласы Маңғышлақ монтаждау-реттеу басқармасы, Ақтау қаласы Маңғышлақ реттеу басқармасы, Ақтау қаласы Батыс Қазақстан инженерлік-метрологиялық орталығы, Ақтау қаласы Машина жасау және жөндеу Петровский атындағы зауыт, Атырау қаласы «Казтяжпромарматура» өндіріс бірлестігі, Өскемен қаласы «Нефтебурмашремонт» конторы, Маңғыстау облысының Маңғышлақ стансасы «Актюбнефтемашсервис», Ақтөбе қаласы Маңғышлақ электр-жөндеу зауыты, Ақтау қаласы Бақылау және қадағалау органдары Ашық мұнай мен газ фонтандарының алдын алу және тұмшалау жөніндегі Қазақстандық әскерилендірілген бөлімі, Атырау қаласы Мұнайгаз бас инспекциясы, Ақтөбе қаласы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |